Home » Мақалалар » Әулеттің жарқын үлгісі – өнегелі ұл мен қыз  

Әулеттің жарқын үлгісі – өнегелі ұл мен қыз  

Мамандықтың бәрі жақсы болғанымен, заман өзгерсе де, адам өзгерсе де кұндылығын жоғалтпайтын мамандық-мұғалімдік кәсіп. Ұстанымы жақсы- ұтылмас… Ендеше өміршең мамандықты өрге сүйрейтін – дара тұлғаға мың алғыс!

Бала арманына қанат бітіріп, білмегенді үйретіп, көрмегенін танытып, көкірекке көз бола білетін дарынды ұстаздардың еңбегі елеусіз қалмақ емес. Білім кеңістігінде еркін шарлап, көпке үлгі бола білген Түсіпхановтар әулеті бізге өнеге.

Жаһандану дәуірінің көшін бастаған — Нұр-Сұлтан қаласы, МәшҺүр Жүсіп атындағы №57 орта мектебінің өнегелі ұстаздары Түсіпхановтар әулеті туралы жас ұрпаққа дәріптеу – уақыт талабы. Осы ұстаздар әулетін толық зерттеп, өмір жолын, халыққа тигізген пайдасын насихаттау – біздің міндетіміз. Сырлы да, сыншыл тарих беттерін ашқан сайын ұстаздың орны ерекше екеніне көз жеткіземіз. Ұстазы жақсының- ұстамы жақсы.

      Заман талабына сай, бәсекеге қабілетті ұстаз қандай болуы керек? Міне, осы сұрақтың жауабын қарастырып көрейік. Алты алаш жиналса, төрінен орын берген, ықылым заманнан бері құрмет пен ықыластан құр қалмаған, ұстаз мамандығы жасай берері хақ. Сан жылғы еңбегінің жемісін көріп отырған бағбандай, қазіргі заманғы ұстаз бейнесі айқын. Асқақ рухты, қырағы көз, әуезді үнді –тұлға. Тағдырдың талайын, өмірдің ең бір қайшылықтарына төтеп беріп, жеңіске ғана ұмтылған – батыр бейне.

Олай болса, ұстаз тұлғасы биік болса, шәкіртіде аласармақ емес. Сан қилы сұрақтың жауабы – біреу. Ұлы Абай айытқандай: «Ғылым таппай мақтанба», «Біз ғалымды сатып, мал іздемек емеспіз», «Пайда ойлама, ар ойла , Талап қыл, артық білуге», — деп өнегелі өсиет қалдырды. Ата-аналары балаларды ұлтжанды, саналы азамат етіп тәрбиелеуге шақырды. Сондықтан заманауи негізді, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу заман талабы. Ұстаз мәртебесі, мазмұны мен мақсаты да бәсекеге қабілеттілік, кәсіпке адалдық.

Осы әулеттен шыққан Әке — ұстаз, Ана — ұстаз тәлімін алған, мұғалімдік кәсіпті жалғастырушы ұрпақтары: Түсіпханов Ерлан Кеңесбекұлы — көркем еңбек пәнінен сабақ береді. Нағыз шебер, ізденімпаз, жаңашыл және шығармашыл ұстаз. Үнемі оқушылармен шығармашылық байқау, көрмелерге қатысып, жүлделі орындар алып келеді. Оқушыларға ұлттық қол өнер мен сурет салудың қыр – сырын үйретуде үлкен жұмыстар жасап келеді. Оқушылары үнемі қалалық байқаулардан жүлделі орындар алып, мараппалып жатады.  Жұбайы-Пазылова Динара Шегендікқызы – ғылыми әдістеме жұмысының орынбасары, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі. Мектебіміздің мұғалімдеріне жаңаша оқыту әдістерін үйретіп жүрген — қабілетті басшы, шығармашыл, жан — жақты ұстаз.  Үнемі педагогикалық жаңалықтардың қыр – сырын зерттеп, үйретуден тынбайды. Мұғалімдердің кәсіби дамуына үнемі түрткі болып, өзінің әдістемелік көмегін көрсетіп жүреді. Шәкірттері де пәндік байқауларға қатысып, зерттеу жұмыстарын қорғап, жүлделі орындарға ие болып жүр. Әулеттің өзге де бір ұл, үш қызы мұғалімдік кәсіптің майталмандары болса, екі келіні мен бір күйеу баласы да ұстаздық қызметтің қыр – сырын меңгерген. Жаңаша білім беру, қашықтан оқыту әдістерінің мақсаты — тиянақты білім берумен қатар, жаңашылдыққа жетелейді. Тың идеяларды ұсынып, оқушының білім деңгейін көтеруіміз үшін мұғалімдердің өздері бәсекеге қабілетті болу керек деп ойлаймын. Мамандықты дұрыс таңдап, сол мамандық бойынша табысты білім алса, жақсы маман шығады.

Мектебіміздің мақтанышы болған Түсіпхановтар әулетінен: Түсіпханов Ерлан Кеңесбекұлы-көркем еңбек пәнінің мұғалімі, Пазылова Динара Шегендікқызы – ғылыми әдістеме жұмысының орынбасары әрі қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, Түсіпханова Әсем Кенесбековна – бастауыш сынып мұғалімі, Түсіпханова Айнұр Болатовна – ағылшын тілі пәнінің мұғалімі көп жылдан бері мектебімізде жемісті еңбек етіп келеді. Міне бұл – бәсекеге қабілетті, мақтан тұтатын, нағыз құрметке ие ұстаздарымыз деп білемін. Білімді ұрпағымыз көбейе берсін! Ендеше жас өрендерге сапалы білім, саналы тәрбие беріп жүре берейік! Ұстаздар сабақтастығы жалғаса берсін!

                             Меруерт Сагидолда — қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.