Home » Жаңалықтар » БАРЛЫҒЫ БАЛАЛАР ҮШІН

БАРЛЫҒЫ БАЛАЛАР ҮШІН

Жамбыл облысы әкімдігі
білім басқармасының баспасөз қызметі


       Дәл осындай тақырыппен 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай облыс көлемінде бірқатар іс-шаралар өтпек.
Бұл туралы 28 мамыр күні облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Талғат Жамалов және облыстық білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Жасұлан Атенов Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында атап өтті.
«Қазақстан-2050» Стратегиясында балаларды қорғау еліміздің әлеуметтік саясатының маңызды құрамдас бөлігі деп көрсетілген. Осы мақсатта білім басқармасында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «БАРЛЫҒЫ БАЛАЛАР ҮШІН» атты жалпыреспубликалық акциясын өткізу бойынша ұсынымдар әзірленіп, облыста бірқатар іс-шараларды ұйымдастыру жоспарланған.
    Атап айтқанда, 1 маусым күні облыс оталығындағы Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қорғау орталығының жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларына арналған «Бақытты балалық шақ!» атты фестиваль және 5-8 сынып оқушыларынан құралған 20 балаға «Сәуле» кондитерлік фабрикасына экскурсия ұйымдастыру жоспарлануда.
Бұдан бөлек, облыстағы мектептен тыс мекемелердің қосымша білім беру педагогтары көп балалы, аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына концерттік бағдарлама, техникалық шығармашылық орталығының тәрбиеленушілерінің (робоспорт,  әуе және ракета, авто үлгілерінің  қойылымен таныстыру) мастер–класс көрсетілімі, отбасылық онлайн челендж, Меркі ауданының мәдени-тарихи орындарына (экскурсия барысында көп балалы, аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан балаларға балмұздақ таратылады) экскурсия және өзге де іс-шараларды өткізу жоспарлануда.
Сонымен қатар балалардың спортқа қызығушылығын арттыру мақсатында білім басқармасының Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастырумен «Қазақстан балалары спортты таңдайды» атты республикалық акция аясында түрлі спорт бағыттарында іс-шаралар өткізілмек.
Қосымша білім беру мекемелерінің ұйымдастыруымен Тараз қаласы мен барлық аудандарда өтетін іс-шаралар ағымдағы жылдың 20 мусымына дейін жалғасатын болады.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.