Home » Менің ұстазым » ҮЗДІК ҰСТАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ

ҮЗДІК ҰСТАЗДАР МАРАПАТТАЛДЫ

Бүгін Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының басшы  Рахымбек Қуатбекұлы елімізде орын алған төтенше жағдай кезінде ерекше көзге түскен өңірдің үздік мұғалімдерін қабылдады.  Жиын барысында «Сіздердің өткізген бейне сабақтарыңыз биылғы бітіруші түлектердің алдағы Ұлттық біріңғай тест тапсыруда үлкен көмегін тигізеді деген сенімдемін.» — деді, басқарма басшысы. Сонымен қатар,  карантин уақытында өзінің үздік іс-тәжірбиесін біліктілігімен  ұштастыра білген ұстаздар қауымына алғысын білдіріп, облыстағы білім беру саласында ерекше үлес қосқаны үшін:

  • Н.Оңдасынов ат. Мамандандырылған мектеп-интернатының математика пәнінің мұғалімі — Мамбетов Самат Алтынбековичті
  • С.Сейфуллин ат. №4 мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі — Нурлыбаев Нурбол Асылхановичті
  • №19 жалпы орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі — Омаров Галия Жиенбековнаны
  • №9 мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі — Аллашова Ольга Суханбердыевнаны
  • Н.Оңдасынов ат. Мамандандырылған мектеп-интернатының химия пәнінің мұғалімі — Хасанов Бекжан Жанібекұлын
  • №9 Некрасов ат. мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі — Кубанова Лида Магамедовнаны
  • №8 Н.Төреқұлов ат. мектептің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі — Атаханова Нигора Абдувахабовнаны
  • №2 Хамза ат. мектептің тарих пәнінің мұғалімі — Апсен Санжар Тоқташұлын
  • №15 М.Жұмабаев ат. Мектеп-гимназиясының биология пәнінің мұғалімі — Еркабылова Алия Алиевнаны
  • №7 жалпы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Сартаев Мухтар Давроновичті

МАРАПАТТАДЫ.
Айта кетейік, төтенше жағдай кезінде IV тоқсан бойына 100-ге жуық бейне сабақ түсіріліп, «Оңтүстік» телеарнасынан үздіксіз көрсетілді. Өңірдегі мектеп оқушыларының қашықтан білім алуына ақпараттық қолдау көрсеткен аталған телеарна ұжымына АЛҒЫС ХАТ табыс етілді.

Атап айтсақ,
«Оңтүстік» телеранасының жүйелік администраторы
Дидар Әубәкірұлына,
компьютер графикасының дизайнері
Молдадосов Мұқан Мұратұлына,
эфир-операторы
Әмірбек Батырхан Ерсұлтанұлына
алғыс білдірілді.
Түркістан облысы Білім басқармасының баспасөзі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.