Ешова Балкенже Батыргалиевна
Алматы облысы
Жамбыл ауданы Жаңақұрлыс ауылы
«Жас Ұлан» МКҚК Оқушылар үйінің
Мүсіндеу үйірмесінің жетекшісі
Күні: 22.10.2020 жыл. Өтетін орны: Дизайн кабинеті
Қатысқандар саны:12. Мүсіндеу үйірмесі.
Мүсін өнері. Көркем-эстетикалық бағыты.
Педагог: Ешова Балкенже Батыргалиевна.
Сабақтың тақырыбы: Мүсіндеу өнерінің түрлері.Рельефті мүсіндеу.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін байқау, мүсіндеудің әдіс-тәсілдерін меңгерту.
Сабақтың түрі:Теориялық, сарамандық, практикалық.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту.
Әдісі: Видеосабақ түсіндіру.
Керекті құрал-жабдықтар: Гуащь, ПВА-желімі, Шпаклевка яғни (финиш) 2/1, Қатты А4 картон, ПВХА картон.
Жаңа сабақ: Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы: «Мүсіндеу өнерінің түрлері» Мүсіндеу – көркем өнердің бір түрі. Мүсін – кеңістікте жан-жақты бейнеленген, сомдалған көркем шығарма. Мүсінді «скульптура» деп атайды. Ол сөзді ең алғаш ежелгі римдіктер ойластырған. «Скульпо» -деген латын тілінде «кесу, қашау» деген мағынаны білдіреді.
Мүсіндеудің негізгі бөлімі — адам.
Мүсіндеудің түрлері: Жұмыр және рельеф.
Жұмыр мүсіндеу үш өлшемдеуден тұрады. Олар кеңдік, биіктік, жуандық шығармашылығымызды айтамыз. Рельеф — мүсіндеу өнерінің кең тараған түрі. Рельеф: Барелеьеф: Горольеф:
Рельеф дегеніміз – тек бір жағынан қарағанда жазықтық бетінен жақсы көрінетін мүсінді айтады.
Барельеф — деп, жартылай сомдалған нәрсе жазықтық бетінен аз ғана шығып тұрса Барельеф болып табылады.
Горельеф — жазықтық жартысынан көбірек дөңестеу шығып тұрған мүсінді айтады.
Мүсінші деп – сазбалшықтан қашап жасайтын адамды айтады.
Мүсіндеу техникасы — жабыстыру ою — шекіме, гольванопластика, металдау құю жатады.
Алғашқы қазақ мүсіншісі Хакімжан Наурызбаев 1951 жылы Харьков көркем сурет институтын бітіргеннен бері портрет және монументальді сәндік мүсін төңірегінде жұмыс жасайды. Мысалы: А. Құнанбаев, Ж. Жабаев, Ш. Уәлихановтың монументальды бюстері. Монументтік мүсіндеу – бұл ұлы адамдарға немесе тарихи оқиғаларға орнатылған, асқақ келісті де мәнерлі өз бойына үлкен жалпы адамзаттық идеяны жинақтаған ескерткіштер.
Қондырғылы (станокты) мүсіндеу көбіне портрет ретінде ұсынылады.
Қондырғылы мүсіндеуде бір топ адамдарды немесе бір адамның тұлғасын бейнелейтін жанрлық мүсіндеу едәуір орын алады. Мүсін әртүрлі материалдардан фарфордан, ағаштан, сүйектен тастан мүсіндері түрлі — түсті болып келеді.
Мүсіндік бейнелеу бөлімінде — көбіне адам, ал кейде хайуанаттар, жансыз заттар болып келеді.
Жасалатың жұмыстың түрі: Рельефті мүсіндеу(бедерлі)
Бүгінгі сабақта меңгеретін жұмысымыз — Жазықтық бетінде жасалған гүл шоғымен құстың бейнесі.
Керек заттар (жиынтығымыз): 2 ас қасық шпаклевка 2/1
4 ас қасық ПВА желімі
2 ас қасық су
Гуашь бояуы
Жақсылап араластырып, керекті бөліктерге бөліп гуашь қосып түс шығарамыз. Дайын жиынтығымызды қағаз бетіне гүлдін пішінің келтіріп жағып жұмысымызды жасап, жақсылап кептіреміз.
Рельефті гүл шоғы