Махамбет Сәуле Есетқызы
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы
Түрген ауылы
«М. Ломоносов атындағы орта мектеп» КММ
бастауыш сынып мұғалім
Елбасымыз әлемнің ең озық 30 елінің қатарына кіру үшін, әр тұлғаның рухы биік, мәдениеті мен сана сезімі өзге елдермен санаса, пікір таласа алатындай болу керек деген. Осы тұрғыдан алғанда рухани жаңғыру бағдарламасының білім саласына қатысты тұсы – болашақ ұрпақтарымызды білімді етіп тәрбиелеуге үлкен мүмкіндік тудырып отыр.
Болашақ – білімділердің қолында. Жан-жақты дамыған, біліммен сусындаған, өз атамекенінің тарихын терең түсініп, мәдениеті мен салт- дәстүрін мақтан ететіндей ұрпақ тәрбиелеуіміз қажет. Тәрбиесіз келген білім – ұлтымызға төнген ең үлкен қауіп екенін де ұмытпауымыз керек.
Техника мен ғылымның дамыған заманында өмір сүріп отырған ұрпақ, болашақтың тұтқасы. Ал сол тұтқа болатындай ұрпақ қандай болуы керек? Білімді қайдан және қалай алуы керек? Сонымен қатар бүгінгі алған білімін ертең іске асыра ала ма? Себебі, бүгінгі жаңалық ертең ескіріп жатқан, жүрісі жылдам дәуірде өмір сүріп жатырмыз. Аса білімді, ізденімпаз адамдар ғана түрлі табысқа қол жеткізеді.
Жастарымыз ұлттық құндылықтарды дәріптей отырып, білімді болуы қажет. Бүгін алған білімім өзіме жетеді деген ойдан аулақ болған жөн. Күнделікті ізденіс пен үйрену, білім алу заман талабы болып отыр.
Осы тұрғыдан алғанда өзім де ұстаз болғандықтан бүгінгі шәкірт, ертеңгі елімізді ұстайтын азаматтарға сапалы білім мен тәрбие беру менің міндетім.
Біз ұстаздар, шәкірттерімізді адамгершілік құндылықтарға – Отансүйгіштікке, салт-дәстүрлерді құрметтеуге, туған жер табиғатын қорғауға, аялауға баулуымыз керек.
Елін жерін сүйген адам, салт-дәстүрін құрметтеген адам ұлты мен жеріне қызмет етеді деп ойлаймын.
Өзге елдермен бәсекелесе алатын тәуелсіз елдің болашағы рухы биік дамыған білімді ұрпақтардың қолында екенін ұмытпауымыз қажет. Рухани жаңғыру бағдарламасының басты мақсаты тәрбиелі, білімді, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеу.