Home » Мақалалар »  Қашықтықтан оқу-заман талабы.

 Қашықтықтан оқу-заман талабы.

Маңғыстау облысы,
Қарақия ауданы,
                                                                                  «Жетібай кентінің №3 орта мектебі» КММ
                                                                                    Бастауыш сынып мұғалімі:
                                                                                     Қойшыбаева Ақерке Джаумытбаевна

            Елімізде коронавирус індетінің таралуына байланысты төтенше жағдай енгізіліп, мектеп оқушылары тоқсандық каникулға бір апта ерте шыққан еді. Осыған байланысты еліміздегі барлық мектеп оқушылары ІV тоқсанда қашықтықтан білім алуда.

    Қашықтықтан оқыту дегеніміз — мұғалім мен оқушы арасында қандай да қашықтықта интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың формасы, яғни интернет желілерінің көмегімен белгілі бір арақашықтықта оқыту.

Қазіргі жағдайда біз ғана емес, әлем елдері де осы жүйе бойынша білім беруде. Тіпті, бізге таңсық оқыту жүйесінің әлемде өз тарихы  бар. Сонау Ұлыбританияда 1969 жылы ашылған Ашық университетте әлемнің түкпір-түкпірінен 200 мың студент білім алады. Ал АҚШ-та ХІХ ғасырдың 70 жылдарында-ақ қашықтан оқытудың бірқатар қадамы қабылданған. 1874 жылы электронды пошта арқылы оқу бағдарламасын Иллинойс штатының университеті ұсынған. АҚШ-та қашықтан оқыту жүйесінің “атасы” ретінде танылған Вильям Рейни Харпер алғаш рет Чикаго университетінен қашықтан оқу бөлімін ашты. Ресейде де 1917 жылдан бастау алған деген мәлімет кезікті. Міне, осындай мол тәжірибесі бар елдерге бұл жүйе қиын болмауы мүмкін. Алайда, біздің елімізде  ұстаздар қауымы төртінші тоқсан бұрын-соңды бұрын-соңды  қолданыста болмаған форматта басталған соң,қобалжу болғанын жасырмайды. Десе,де оқудың алғашқы күні-ақ қорқыныш сейілген. . Қашықтан оқыту оқытушылар үшін де, оқушылар үшін де тиімді тұстарының бар  екеніндігін уақыт дәлелдеді. Әрине, оқушының алдында тұрып сабақ берген мен қашықтан оқытқан екі бөлек дүние. Адамда эмоция болады. Методика деген бар. Мұғалімнің қас-қабағына қарап түсінетін оқушылар бар. Неше түрлі сабақ беру әдісі арқылы жақсы білім беретін ұстаздар көп. Тіпті, кей балалар сабақты тәптіштеп түсіндірген соң ғана әзер қабылдап жатады. Балалардың қабылдау деңгейі әртүрлі ғой. Оқушылар қашықтан оқу арқылы өз білімдерін жетілдіре отырып,дайын әдебиеттер мен  оқу кітаптарын іздеу, бақылау ,тест тапсырмаларын орындау оқушының шығармашылық потенциалының дамуына әсер етті.                                Қашықтықтан оқытудың жетістігі-оқытушының өзінің қатысуынсыз оқушылар назарын өзінен тыс қалдырмау  қабілеттілігіне  ие болуына септінін тигізді.Дегенмен, мынандай ауыр шақта бала білімсіз қалмауы керек, оқуы тиіс болғандықтан қашықтан оқыту жүйесіне ата-аналардың көзқарасы жақсы қалыптасып келеді. Әсіресе ата-аналар үшін қашықтан оқыту материалдық жағдайының тиімді болуын қарастырады. Қазіргі таңда оқушылардың жіберген ақ тілегі,ата-аналардың ақ жарма ұсынысымен пікірі ұстаздар қауымын шабыттандырып отыр. Ал, ата-аналар болса карантин кезінде балаларының тоқтап қалмай,ілім алып жатқанына қуанып отыр. Жалпы, бұл орынды шешім.. Ең бастысы әлем арпалысқан індет кезіндегі карантин ережелерін сақтап,үйден шықпасақ, мектеп қабырғасына оралар күн алыс емес. Сондықтан барлығымыз коронавирус індетінің беті қайтып, қалыпты өмірге ораламыз деп сенейік.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.