Home » Мақалалар » Қашықтықтан оқыту балабақшаларда. 

Қашықтықтан оқыту балабақшаларда. 

    Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
№8 «Ақбөбек» балабақшасының
әдіскері: Қартабаева Қаракөз Жоламановна 

   Балабақшада қашықтықтан оқыту 2020 жылдың сәуір айында  басталды.    Оқу қызметтерін педагогтар  фейзбук  желісінде жарилап отыр. Ата- аналарға ватсап желісі арқылы жіберіп, кері байланыста тәрбиешілер жұмыс жасап отыр.  Балаларға өте қызықты. Ата -аналар педагогтарға рахмет айтуда. Ата ана  себебі осылай қашықтықтан оқыту балаларға да, педагогтарға да, ата наларға тиімді. екені сезіліп отыр. Себебі олар үйде отырып педагогтың балалармен қалай жұмыс атқаратынын түсінді.Оған дәлел фейзбук желісінде жарияланған ата аналардың алғыс видиео роликтері.. Осылай педагогтардың мәртебесі көтерілуде . Себебі олар таңертеннен кешке дейін балалармен жұмыстануда. Қашықтықтан оқытудың жергілікті жүйесі белгілі бір білім және жекелеген қала  шеңберінде жұмыс атқарады, оның құрамына тек жоғары оқу орындары ғана емес, балабақшалар,  мектептер, гимназиялар мен колледждер де кіреді. Осындай жүйенің аясында жұмыс жасаудың алғашқы сатысында зиялылық потенциялын, компьютерлік техниканы ұтымды пайдалана отырып, үздіксіз білім беру принциптерін ойдағыдай іске асуда. Осыған орай, балабақшада  жергілікті және аймактық желіні пайдаланып, шығармашылық жұмыстарын таратып, оқыту үрдісінде әдістеме бойынша тәжірибе алмасуда.

Оқытудың ауқымды және жергілікті жүйелерін ойдағыдай пайдалана білудің нәтижесінде білімнің базалық деңгейде  мультимедиа, компьютерді оқып-үйренуші жүйелерге, электрондык оқулыктарға, оку-әдістемелік материалдарға, қашықтықтан оқыту жүйесінің технологиясымен үйлесімді болып келетін, алдағы уақытта оқыту тәсілдерінің ішінде кең тарап жатыр.

Қашықтықтан оқыту технологиясынын дамуына Интернеттің әсерін бағалау қиын. Ол ара қашықтықтықты қысқартумен қатар, тәрбиеші  мен тәрбиеленушіге  анағұрлым көп еркіндік береді

Қашықтықтан оқытуда өз бетінше жүргізілетін жұмыста слайд, жұмбақтар, ертегілер, сөзжұмбақтар, шарада немесе тапсырмалар арқылы ұйымдастыру, жаңа тақырыптарды меңгеру үшін өте ыңғайлы. Қашықтықтан оқытудың жетістігі – тәрбиешінің  өзінің қатысуынсыз балалар  назарын өзінен тыс қалдырмауға қабілеттілігіне байланысты болады. Жаңа тақырып бойынша берілетін материал баспаға шығарылған түрде қашықтықтан оқыту  электрондық түрде немесе электрондық оқулық түрінде беріледі. Жаңа тақырыпты бұлай баяндау кезінде сабақтың басты элементі форум немесе чат болып табылады. Мұндай баяндаулар алдын ала жоспарланып, алдын ала даярланған  тақырыптар бойынша жүргізіледі. Оқу үрдісіне тьютор белсенді қатысады. Қашықтықтан оқытуда жаңа материалды баяндаудың тағы бір нұсқасы виртуалды шебер. Әдетте оқу материалын баяндау және талқылау бір мезгілде жургізіледі.

Қашықтықтан оқыту жүйесін әрқайсысы өз кезегінде бірнеше компоненттерден тұратын үш компоненттің жиыны ретінде карастыруға болады. Олар:

  1. Дидактикалық жүйе;
  2. Технологиялық жүйе;
    Қамтамасыз ету жүйелері.

Сонымен, қашықтықтан оқыту — бала мен педагогтың  білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірі ретінде мамандардын негізгі қызметін атқара жүріп білімін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Компьютер мен баланың өзара әрекеттесуі қызғылықты процесс, ол педагогикалық иновацияларда есепке алынып отыруы қажет.

Педагогиканың негізгі козғаушы күші ретінде барлық тәрбиелік әрекеттер негізі ынта болып саналатынын айтқан артық болмас.

Қорыта келгенде,қашықтықта оқыту бала мен тәрбиеші арасында қызықты өтуде. Тәрбиешілер слайд ,видиеороликтер,видиеосабақтарды жасауды меңгерді.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.