Home » Мақалалар » Ғылым жолы — сара жол

Ғылым жолы — сара жол

Маңғыстау облысы  Жаңаөзен қаласы
№12 жалпы білім беретін бастауыш мектептің
бастауыш  сынып мұғалімі
Шалабаева Алмагүл Утешовна

     «ХХІ ғасыр- мәдениеттің, ғылым мен  ақыл -ой бәсекесінің  ғасыры  болмақ» — деп көрегендікпен айтқан Елбасымыздың даналық сөзі,  дәл осы кезеңге дәл келгендей.

Елдік те ерлік сияқты «сын» сағатта танылады. Әр ұлттың өз зиялылары болады. Олар осындай сын сағатта өздерінің қиядағыны шалатын көрегендігінен қиыннан жол тауып нұсқайды. Зиялылар- қай заманда да өмірдің сан сәттерде кездесетін сынын жеңе білетін, халқының болашағы жас ұрпақ тағдырын ойлай білетін, қиындықтан қиналмай өту жолдарын таба білетін жандар.                                      Заман  «сыны»  айтып келмейді. Қазіргі жағдайда нағыз ердің сыналатын кезі туғандай.

Алғашқы сәттен бастап халықты сабырлылыққа шақырған президентіміз Қасым -Жомарт Тоқаев  Кемелұлы халықтың аманшылығымен денсаулығын сақтап қалудың шараларын бірден бастап кетумен бірге, еліміздің болашағы жас ұрпақтың білім керуенінен кейіндеп қалмауы шараларының алғашқы қадамдарын бастап кетті.

Тарихтың тағылымы бізден ел қамын ойлар естілікті тілейді. Еліміз өркениеті дамыған елдерге қарай нық қадам басып, білім беруде әлемдік  кеңістікке шығу кезеңінде жұмыс жасап жатқан сәтінде, әлемді толқытқан «пандамия» — жұқпалы індеті халықты біраз толқытып тастады.

Сабақ беру— жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табу- деп, Жүсіпбек Аймауытов айтқандай «Шектеулі кезең – жаңаға ұмтылып, жаңаша оқытып жатқан ұстаздарға «Жаңадан жаңаны табу кезеңі» болғандай.                                                   Бұл сынақ әсіресе ұстаздар үшін үлкен сынақ болды. Оқушының белсенділігін, білім сапасын сақтап қалумен бірге ілгері дамыту керек. Ешқандай  жұқпалы індетсіз- ақ балалардың қашықтықтан білім алуы- өркениеттің талабы екенін дәлелдегендей. Болашақта шәкірттер осылай білім алса, ұстаздар осыған дайын болуы қажет екенін ескерткендей.

Мен өзім еңбек ететін Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласындағы №12 бастауыш мектепте де ұйымшылдықпен білімді балаға игерту жолында жемісті еңбек етудеміз.  Ұйымдастырудың бірінші кезеңі мектебімізде сәтті өтті. Ата- аналар өздерінің әл- аухатының жақсы екенін дәлелдегендей, шәкірттеріміз де түгелге жуық үйлері  интернет  желісімен  қамтылғаны, кері байланыс жасауға  құрылғылардың бар екенін естігенде, ұстаздар балаша қуанды. Себебі шәкірттеріміз   ақпараттық желілерді әлдеқашан меңгеріп алған болатын. Сабақ алғашқы күннен бастап  ғылымның сара жолына кедергісіз түсіп, жұмыс бастап кетті. Осы сәт ұстаздардың көзқарасы мен оқушылардың меңгеруінде, олардың білімге құштарлығы артқанын байқадық. Бала өзіндік көзқарасын еркін айтып, жаңаша өтілген сабақтарға бұрынғы деңгейінен де белсенді бола бастағаны таң қалдырды. Бала білімін еселей меңгертуде телеарналар арқылы келген сабақтар және Дарын-онлайн, Білім-ланд тапсырмалары ұстаздар үшін де, шәкірттер үшін де үлкен көмек болды. Оқушылардың  қашықтықтан оқытуға дағдылана бастаған көңіл- күйін, кері байланыс жасау арқылы байқадық.

Бүгінгі таңда баланың ата- анасымен бірге үйде болуы, шәкірт үшінде, ата-ана үшінде тиімді болып тұр. Әрине өмір заңдылығы, күйбең- тірлік қамымен нарық кезеңінде бала-шағасын асырау  қамымен жүрген ата-аналарға бала тәрбиесіне көңіл бөлуі қол жетімді еместігі ащы да болса шындық. Себебі жұмыстан шаршап келген ата-ана сабағыңды жаздың ба деумен шектеліп жүргенін сезетінбіз. Енді мына кезеңде ата- аналардың үйде болуы- шәкіртке өмір мектебі болғандай. Ата-аналар да,  шәкірттер де ұстазға деген көзқарасы өзгеріп, сенімі нығайғандай. Балаларын сеніп тапсырған ұстаздарына аналық жүрекпен алғыс айтуда. Сонымен бірге балаларымен жүзбе –жүз отырып сөйлесіп, тапсырмаларын орындатып, өздерінің ата –аналық міндетін қызыға орындап кеткендей. Себебі шәкірттеріміздің де білім деңгейі көтеріле бастағанын байқаймыз. Бала сабаққа дайындалу және сабақ барысында ата- анасының бақылауында отырғанының пайдасы зор. Өзін бүкіл сынып тыңдап отырғанын сезгендей, намыстанып, құлшынып оқуда. Әлде адам жанының жаңашылдықтың барлығына да құштар болатын табиғи қасиетінің дәлеліндей. Бір қызығы ата- аналарға да қызықты кезең болды. Олар балаларына сабақ берген ұстаздарын тыңдай отырып, ризашылығын білдіруде.  Бірлік, сабырлық, ынтымақ қазақ халқына тән қасиет. Ата- аналарды үрейге берілмей, отбасында көңілді отыруға, өзіміз үшін, жарқын болашақ үшін үйде отыруға  шақырамыз.

Қашықтықтан оқыту жайлы өзімнің жеке пікірімді айтар болсам: келесі оқу жылынан бастап«Сенбі күнін- қашықтықтан оқыту күні» -деп белгіленсе. Оқушының білімін бекіте түсумен бірге, білім беру ісін әлемдік кеңістікке шығаруға басқан қадамдарымыздың бірі болар еді. Бізді біріктіретін жеке бастың қамы емес, еліміздің, отбасымыздың болашағы, балаларымыздың денсаулығы. Олардың білікті, білімді болуы.

      Әріптестеріме ұстаздық атты ұлағатты өмір жолыңызда еңбектеріңіз жемісті, өміріңіз келісті болсын дегім келеді.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.