Home » Мақалалар » Бала тәрбиесіндегі ата-ана мен балабақшаның рөлі

Бала тәрбиесіндегі ата-ана мен балабақшаның рөлі

Сайымова Айдана Сенбіқызы
Астана қаласы әкімдігінің
№77 «Қошақан» балабақшасының тәрбиешісі

Бала тәрбиесіндегі ата-ана мен балабақшаның рөлі

Қазіргі таңдағы әлемде болып жатқан үлкен өзгерістер ұстаз-тәрбиешілерге (педагогтарға) мынадай міндеттер жүктейді: білімді, саналы, жан-жақты дамыған тұлғаны  қалыптастыру. Бала бойындағы қабілеттерді ашып, заман талабына сай құзыретті тұлға ретінде қалыптастыра білсек, бұл мақсатымызға біршама жақындағанымызды көрсетеді. Жас  баланың жаңаша ойлауына, дүниетанымының қалыптасуына әлемдік деңгейдегі білімді меңгеруіне, сонымен қатар жаңаша білім мазмұнын игере білуіне жағдай жасап, оны өмірде толық пайдалануына ықпал ету бұл да тәрбиеші мен ата-анаға жүктелген міндет. Үшінші мыңжылдықтың сан түрлі өзгерістері мен қызыққа толы жаңалықтары  жас ұрпақты заманға сай дамытып, қалыптастыруға итермелеуде. Баланы тәрбиелей отырып, оған ықпал ететін жаңаша  жаңалықтар енгізу, құзыретті ұрпақ қалыптастыру білім беру жүйесіндегі ең  өзекті мәселелердің бірі. Қазіргі кезде кез-келген салада «құзыреттілік» сөзі кеңінен қолданылуда. Бұл сөздің педагогика саласындағы өзіндік анықтамасы мынадай; құзыретті ұрпақ – әлемде болып жатқан әр қилы жаңалықтарға қызыға қарап, тамсанатын, өз ұлтымен қоса өзге ұлттың тілін, дінін, салт-дәстүрін меңгеруге дайын бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған тұлға.
«Кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретінде мектепке дейінгі білім беруге баса назар аударған жөн және бұл сатыны олардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға арналған тиімді бағдарламалармен қамтамасыз ету қажет. Әрі балалардың білім алуға, еңбекке және қоршаған ортаға бейімі, қарым-қатынасы нақ осы кезеңде қаланатынын естен шығармауымыз қажет», сонымен қатар, «2020- жылға дейін Қазақстан жерінде тұратын қалалық және ауылдық балалардың барлығы мектепке дейінгі білім берумен қамтамасыз етілетіндігі жайлы » Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында атап көрсеткен. Сондықтан жас ұрпақтың дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретінде мектепке дейінгі білім беруге баса назар аударған жөн. Ғалымдардың зерттеу нәтижелеріне сүйенетін болсақ, адам бойындағы бәсекелестік қабілет 3-6 жас аралығында қалыптасатынын анықтаған. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» -дейді халық даналығы. Мектепке дейінгі тәрбие – балаға тәрбие мен білім берудің алғашқы баспалдағы іспеттес. Бұл кезеңде тәрбие мен білімнің негізі қалай қаланса, сол бағыт бойынша кішкентай бүлдіршіннің өмірге қабілеттілік немесе өмірге деген өзіндік көзқарасы жоқ тұлға ретінде қалыптасуы да осы мектепке дейінгі тәрбиеге байланысты. Себебі, үйдің негізі қалай қаланса, үйдің болашақтағы жарамдылығы мен жарамсыздығы соған байланысты болатыны анық.
Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді көтергенімізде қолға алар ісіміздің өзі ұрпақ тәрбиесі. Қазіргі замандағы ең басты мәселе –бала тәрбиесі. «Әркім өз жолын тауып кететіндей бала тәрбиесі жеңіл нәрсе ме? Деген сұрақ туындайды.  ЖОҚ, әрине.  «Бала тәрбиесі – өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер.» – деген екен М. Жұмабаев. Тұлғаның білімді болып қалыптасуы, елдің тірегі болуы – тәрбиенің нәтижесі. «Тәрбие-адам тағдырын шешетін ұлы іс» деп, дөп басып айтқан екен Белинский В.Г. Тәрбие – құнды байлық, себебі, жас ұрпақтың тәрбиесі халықтың ең қымбат қазынасы. Балалар тәрбиесіне, келер ұрпақ тәрбиесіне қай кезеңде болмасын, қай ұлтта, мемлекетте болсын үлкен мән беріледі. Тәрбие адамдардың пайда болуымен туындаған. Ол адами қоғамның дамуымен бірге дамып және өмір сүреді. Балаға әсер етудің түрлі әдістері бар, бірақ тәрбиемен кешігуге болмайды. Баланы қалыптастыру мен дамытуда ұлттық тәрбие (халықтық жүйе)  үрдісін қолдану, ұлтжанды азаматтарды  өсіріп жеткізуге мүмкіндік береді. Халықтық жүйеде қайта тәрбиелеу әдісінің орталығы ата-аналар және жанұядағы басқа ересектер үлгісі. Халық баланың жас ерекшеліктерін және психологиясы туралы білімді ғасырлар бойы зерттеп жинаған. Халық балаға тәрбиені мақал-мәтел арқылы беруді қарастырған. «Бала тәрбиесі – бесіктен» демекші. Баланы халық дүниеге келгеннен бастап тәрбиелеу керек деген. Баланың болашақта қалыптасуы біріншіден үлкендермен қарым-қатынасына байланысты болады. Зерттеуші ғалым-педагогтар және психологтар жылдар бойы бақылаған баланың ойын іс-әрекетіне байланысты бірнеше қорытынды жасады. Ата-ананың тәрбиелеу әсеріндегі маңызды ерекшелігі, баланың дидактикалық ойындарға ойнауы, рухани және ақыл-ой тәрбиесіндегі маңызы көп және сол үрдісте баланың еңбек құралдары, мамандықтары туралы түрлі заттардың ерекшеліктері туралы біліп, білімде, жұмбақта және жаңылтпашта жарысады. Халық педагогикасы өзіне баланың өмірінің түрлі жақтарын қосып алды, соған қоса олардың денсаулығы, мінез-құлқы, мінез ерекшеліктері және т.б.
Ел болып еңсемізді тіктеп, етек- жеңімізді жиғалы да жиырма үш жылға  аяқ басты. Тәуелсіздіктің, Азаттықтың туы желбірегені қандай-ды! Өшкеніміз жанып, салт- дәстүріміз жаңғырды. Десек те ата дәстүрі дегеніміз не? Бабалар мирасы дегенді бүгінгі жас қалай түсінеді?Бүгінгі таңда ғасырлар қойнауында қалыптасқан ұлттық тәрбиені, озық өнегелі дәстүрлерді, адамгершілік асыл қасиеттерді жас ұрпақ бойына қалыптастырып, оны ұтымды пайдалану аса маңызды міндеттердің біріне айналып отырғаны даусыз. Сондай-ақ, ұлттық мәдениеттің, әдебиеттің, тілдің, халықтық педагогиканың тағдыры мен болашағы да мектептегі жас ұрпақ тәрбиесіне байланысты.  Тәрбиедегі басты бағыт делінген тәлім-тәрбие тұжырымдамасында: “Әрбір адам ең алдымен өз халқының перзенті, өз Отанының азаматы болу керек екенін, ұлттық болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға тиіс. Оның осындай тұжырымға тоқталуына ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер көмектеседі, солар арқылы ол жалпы азаматтық мәдениетке аяқ басып, өз халқының мәдени игілігін басқа халықтарға жақын да түсінікті ете алады. Сондықтан әрбір ұрпақ өз кезімен өткеннің тағдыры мен талаптарын, объективті факторлар ретінде ұсынып, сол арқылы ұрпақты өмірге даярлап, оларды жинақталған бай тәжірибе негізінде тәрбиелей отырып, өзінің ата-аналарының рухани мұрасын игере түсуі керек” екені айтылған.  Көне заманнан келе жатқан таным-түсінік, әдеп-тағылымдарын ұғыну, білу және өмірге үйлесімдерін қажетке жарату – жас ұрпақтың туған халқына деген құрметінің артып және өнегенің рухани түлей түсуіне ықпал етеді. Былайша айтқанда, елінің тарихи өткен жолы мен бұраң бұлтарысы көп болмыс-білімін ұғыну халқына деген сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімінің қарқынды түрде жетіле түсуіне әсерлі ықпал етумен қатар, бұл нәтижелі сапаға айналады.
Әрбір жас ұрпақ қай жағынан болсын келісті, тамаша азамат болып қалыптасуы керек. Жемісті тәрбиенің сыры шәкіртті дұрыс тәрбиелеуде. В.А.Сухомлинский «Біздің балалар-біздің қарттығымыз. Жаман тәрбие-болашақтағы қайғымыз, бұл-біздің көз жасымыз, бұл-басқалар алдындағы, бүкіл еліміз алдындағы біздің кінәміз.» Тоғыз сөздің тобықтай түйініне тоқталатын болсақ, тәрбие – адам өміріндегі негізгі, ең маңызды заттың бірі. Тәрбие беруде бағыттан жаңылысу баланың, одан бөлек қоғамды жарамсыз адаммен қамтамасыз ету болып табылады.

29 комментариев

  1. Өте керемет,пайдалы мақала. Рахмет.

  2. Керемет жазылған,толық келісемін.

  3. Жарайсыз, бәрі дұрыс.

  4. Керемет жазылған

  5. Салтанат

    Өте керемет жазылған, мағаналы мақала.

  6. “Біздің балалар-біздің қарттығымыз” өте дұрыс айтылған. Түртіп алатын жер көп, жақсы жазылған.

  7. “Әрбір адам ең алдымен өз халқының перзенті, өз Отанының азаматы болу керек екенін, ұлттық болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға тиіс…
    Осы сөздерде үлкен мағына жатыр,
    және де болашақ ұрпақ өз өміріне өзі жауапкершілікті алып үйрену керек деген…Өз бақытын өз қолында деген ойды балаларға жеткізіп, сол оймен өссе- ол адам өзін де, басқаны да бақытты ете алады деген ойдамын.

  8. Анар Абайқызы

    Керемет мақала👍 Жарайсыз Айдана💐😘

  9. Айгерим

    Айдана Сенбикызы, жаксы макала! Барлык оймен келисемин!❤️‍🔥

  10. Толык келисемин, сауатты, мағыналы макала

  11. Жарайсыз! Оте керемет макала

  12. Айдана Сенбіқызы, жарайсыз 👏🏻👏🏻👏🏻 керемет мақала!
    Біздің тобымыздың тәрбиешісі, білікті маман, ең бастысы балаларға деген жылы лебізі, мейірімділігі көзге түседі 🙌🏻🙌🏻🙌🏻
    Дарын тобының ата-ана атынан шын жүректен рақмет 🙏🏻🙏🏻🙏🏻

  13. Айдана апайсыз кушти!! Макала оте адеми!

  14. Алмагул

    Керемет! Жақсы, пайдалы ақпарат

  15. Альфамед

    Жарайсыз Айдана

  16. Арайлым

    Оте керемет!

  17. Гүлзира Тұрғанқызы

    Айдана, болашақ ұрпақ тәрбиелеудегі еңбегіңе шығармашылық өрлеу, кәсіби жетістік тілеймін! Баланың тұлға болып қалыптасуының іргетасы отбасы мен балабақшада қаланады, осы орайда алдыңда ізденіске толы үлкен жұмыстар тұр, сәттілік серігің болсын! Игі тілекпен Гуля апаң💐😘

  18. Оте керемет!

  19. Айдана Сенбикызы, жаксы макала! Керемет тәрбиеші, жақсы көреміз.

  20. Салтанат

    Айдана Сенбиевна жарайсыз, жақсы жазылған мақала! 😍💋

  21. Асемгул

    Керемет Биіктерден көріне беріңіз 😍

  22. Керемет👍..

  23. Мақала өте пайдалы. Қазіргі таңда бала тәрбиелеуде әрбір ата- анаға керек болатын пайдалы дүниелер жазылған.

  24. Айдана апай талабыңызға нұр жаусын! Керемет!

  25. Гулимай

    Айдана ханым, мақаланыз керемет!!! Нағыз өзекті мәселе!!! Баланы тәрбиелеу екі жақтан ата-ана және тәрбиешінің еңбегі зор!!!

  26. Жарайсыз Айдана апай өте өзекті маселені қозғадыныз

  27. Айдана Сенбіқызы керемет!!!

  28. Керемет. Жарайсыз.

  29. Өте мағыналы, өзекті мақала. Мерейіңіз үстем болып, үлкен жетістіктерге жете бергейсіз!!!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.