Home » Мақалалар » Қашықтықтан оқу кезінде ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету

Қашықтықтан оқу кезінде ата-аналарға психологиялық қолдау көрсету

   Кыдирова Алия Бердибаевна
Сырдария ауданы, Бесарық ауылы
147 орта мектептің педагог- психологы
     Жер шарында үлкен өзгеріс орын алды. Өркениет пен мәдениетке, адамдардың өмір сүру дағдысына өзгеріс енгізді. Адам өміріндегі рухани құндылықтың маңызын арттырған, бір-бірінің қадірін түсінуге дейін жеткізді. Тіпті олар психологиялық стресстер алды. Ал кейбіреулері отбасы мен туыстарының жанында болғаны үшін қуанды. Ел іші алуан түрлі қаңқу сөздерге толып кетті. Шыны мен жалғанын ажырата алмаған ақпараттар легі көбейді. Сондай-ақ аурудың кесірі мектептерде сабақтың болмауына да әсер етті. Сол қысылтаяң уақытта ата-ана мен оқушыларға қандай психологиялық қолдау көрсетіледі? Осы сұраққа жауап беретін боламыз.
    Ата-аналарға арналған кеңестер

  • Балаңызды барлық жағынан түсінуге тырысыңыз
  • Сабыр сақтағаныңыз абзал
  • Балаға өзінің тілімен сөйлеп және оған қатты дауыс көтеруге болмайды
  • Оқушының түсінбегенін, ұстазымен тығыз байланыс орнату арқылы түсінуге тырысыңыз
  • Әр балаға кезекпен уақыт бөліңіз
  • Ұстаздарына өзіңіздің сыни пікірлеріңізді ашық айтыңыз
  • Өз ойыңызды жинақтап, мұның бәрі өткінші екенін түсінгеніңіз жөн
  • Балаңыз қай сыныпта оқыса да, оны қадағалап отырғаныңыз жөн

Бала – ата-ананың көз қуанышы. Өмірінің жалғасы. Әрбір ата-ана балаларының жақсы азамат пен азаматша болып өскенін қалайды. Олар биіктен көрініп, ел алдында жүрсе шынайы қуанатын жалғыз жандар. Бала тәрбиесінде отбасының рөлі орасан зор. Себебі қазақта мақал бар «ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі»,-деген. Осы мақалдың астарында біршама ой жатқаны бесенеден белгілі.
Карантин болған кезде, жанталасқан және қарбалас өмір тоқтады. Кілт тоқтады. Сондықтан адамдардың психологиясына әсер ете бастады. Олардың барлығы үйге отыруға тура келді. Тіпті дүкендерге бару үшін және қарапайым таза ауаға серуендеуге қорқыныш пайда болды. Ал мұғалімдер мен оқушылар үшін өзгеше жағдай өтті. Қашықтықтан білім алды.
    Қашықтықтан оқыту дегеніміз — мұғалім мен оқушы арасында қандай да қашықтықта интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың формасы, яғни интернет желілерінің көмегімен белгілі бір арақашықтықта оқыту.
ҚО ұйымдастырудың 3 түрлі формасы бар: онлайн (синхрондық) және оффлайн (асинхрондық), және кең таралған үшінші түрі вебинар
      Онлайн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен ағымдағы уақытта белгілі бір қашықтықта мұғалім экранын көру арқылы оқытуды ұйымдастыру формасы.
    Оффлайн режимдегі оқыту дегеніміз — интернет ресурстарының көмегімен (электрондық пошта) мұғалім мен оқушы арасындағы ақпарат алмасуды қамтасыз етуге мүмкіндік беретін оқытудың формасы.
   Вебинар дегеніміз – интернет желілерінің көмегімен семинарлар мен тренинтер өткізу формасы. [5, 1].
Қазіргі таңда еліміздегі ахуалға байланысты білім ошақтарында осы оңтайлы шешімді қабылдап та үлгерді. Ол сіз бен бізге мәлім ақпарат.
Білім берудегі ерекшеліктер:

  • Уақытты үнемдеу
  • Электронды оқулықтардың қолжетімділігі
  • Ұстаз бен оқушы арасындағы байланыс
  • Оқушының болашақ мамандыққа деген жауапкершілігі

Қорыта айтқанда, баланың білім алуы үшін мемлекет тарапынан түрлі мүмкіндіктер қарастырылды. Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаевта 1 қыркүйек күні жариялаған жолдауында ұстаздар жалақысының 25 пайызға өсіп, арнайы платформаны пайдалану қажеттігін айтты. Ендігі мақсат, берілген тапсырманы мүмкіндігінше уақытында орындау болып отыр.      Жарқын болашақтың еңсесін биік ұстар, жас ұрпақ білімді болсын!

  

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.