Самеков Мейрбек Нурланович,
«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы
Жамбыл облысы бойынша ПҚ БАИ,
инновациялық білім беру және ақпараттық
технологиялар кафедрасының аға оқытушысы,
Жамбыл облысы, Тараз қаласы
Адамзат баласы қазір толассыз ақпарат тасқыны заманында өмір сүруде. Сондықтан да бұқаралық ақпарат құралдары өміріміздің бір бөлігіне айналды. Аа, ақпaрaттың сaпaсы белгілі бір деңгейде біздің тaңдaуымызды қажет ететін әрі іс-әрекетімізді aйқындaйтын кеңістіктті құрап отыр.
Осы негізде, «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша ПҚБАИ инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасы апталығы аясында жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған «БАҚ материалдарымен жұмыс жасау» тақырыбында on-line режимде вебинар кеңес өткізді. Оn-line кеңес беру барысында педагогтердің БАҚ материалдарын тиімді қолдану жолдары, әртүрлі мәдениет салалары туралы ақпарат беру және газет-журнал материалдары бойынша тапсырмалар әзірлеу мәселелері қарастырылды.
Әрине, көтерілген негізгі сауалдың бірі «Педагогтер БАҚ материалдарын сабақтарында қаншалықты пайдаланады?»
Бүгінгі таңда БАҚ материалдары қоғамға үлкен әсерін тигізіп тұрғанда көп нәрсе жылдамдық пен жинақылыққа байланысты педагогтердің ойлауы мен санасына, сонымен қатар ұлттық мәдениет пен тілдер үшін БАҚ мәтіндері ерекше маңызға ие болып отыр. Маңыздылығына тоқталып өтетін болсам, жалпы адамзаттық құндылықтарды қалыптастырады,тілдегі өзгерістер көрініс табады (жаңа сөздер, ұғымдар) және оқырмандық сауаттылықты қалыптастырады, т.б. Пән мұғалімдері сабақ жоспарын жасауда өзіне мынандай сұрақтар қоюы керек деген ұсыныс беремін:- Мен таңдаған газет материалдары оқушыларыма қызықты бола ма?
— Мен таңдаған газет материалдары оқушылардың бар білімін кеңейтуге мүмкіндік бере ме? Жасына лайықты ма?
— Оқу мақсатына қол жеткізуге мүмкіндік бере ме? Мұғалім осы сұрақтарға өздігінен жауап беру арқылы сабақ жоспарына тапсырма құрастыруда лайықты БАҚ материалдарын таңдап алары сөзсіз.
Сонымен қатар, кеңес беру барысында пән мұғалімдері бұқаралық ақпарат құралдарын қашықтықтан тиімді пайдалану жолдары мен газет-журнал материалдары бойынша тапсырмалар әзірлеуге қызығушылық танытты. Ресурс ретінде БАҚ құралдарын пайдалану оқушы бойындағы зерттеушілік қабілетінің артуы мен оқырмандық сауаттылығының жетілуіне әсер ететіні айтылды.
Онлайн кеңес соңында БАҚ материалдарының маңыздылығы, оларды сабақ мақсатына сай таңдау, іріктеу және жіктеу бойынша мысалдар келтіріліп, талқылау жүргізілді. Қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, қашықтықтан онлайн кеңес алудың тиімділігіне тоқталып өтті.
Жамбыл – «Өрлеу» әрқашан сіздермен бірге. #үйде_болыңыздар #біз_біргеміз