Home » Жаңалықтар » С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті – Солтүстік және Орталық Қазақстандағы ауыл шаруашылығы және техникалық бейіндегі ірі оқу орны.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті – Солтүстік және Орталық Қазақстандағы ауыл шаруашылығы және техникалық бейіндегі ірі оқу орны.

А.Күрішбаев,
ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті»
КеАҚ Басқарма Төрағасы

Бүгінгі таңда біздің университет отандық жоғары білім беру көшбасшыларының бірі болып табылады. Білім ордамыз 2012 жылдан бастап халықаралық QS рейтингіндегі әлемнің 800 жетекші университеттерінің қатарына кіреді және өз тарихында алғаш рет Қазақстанның үздік жоғары 20 оқу орнынан құралған ұлттық рейтингте үшінші орынға ие болды, ал «Атамекен» ҰКП рейтингі бойынша аграрлық университеттер арасында көшбасшылыққа ие жетекші ЖОО атанды.
2014 жылдан бері ҚазАТУ Қазақстанда оқу орнын батыстық үлгідегі қазіргі заманғы аграрлық зерттеу университетіне реформалау бойынша жаңа стратегияны іске асыруда.
Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы және ветеринария ғылымдары бойынша әлемде үздік 1 және 2-орынды иеленіп отырған UC Davis (АҚШ) университетімен бірге белсенді жұмыс жүргізілуде. UC Davis университетінің жетекші профессор-кеңесшілерімен ынтымақтастықта ҚазАТУ-ды ауыл шаруашылығы саласындағы зерттеу университетіне трансформациялау бағдарламасы әзірленді. Оқу үдерісіне магистратураның жаңа білім беру бағдарламалары енгізілді. Университетте студенттердің тәжірибелік дайындығын күшейту үшін, UC Davis профессорларының ұсынымдары негізінде технологиялық 5 платформа құрылды. Сонымен қатар, AgroParisTech университеті және Agreenium (Франция) консорциумымен 5 жылдан кейін ҚазАТУ студенттеріне AgroParisTech берген дипломы мойындалатындай, үш бағытта ­- «Өсімдік қорғау», «Мал шаруашылығы» және «Топырақтану» бойынша бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.
Егер де Сіз сұранысқа ие, тұрақты табысқа кепілдік беретін мамандыққа қол жеткізгіңіз келсе, біздің есігіміз Сіздер үшін әрқашан ашық! Табысты өміріңіздің тарихын жазуды бүгіннен бастаңыз – сонда Сіз ҚР Үкіметінің мүшелері, облыс әкімдері, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, жетекші кәсіпорындардың басшылары және еліміздің көрнекті қайраткерлері шыққан біздің 70 000 түлегіміздің бір мүшесіне айналасыз, қатарына қосылыңыз!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.