Маңғыстау облысы
Мұнайлы ауданы
№12 жалпы білім беру орта мектебінің
қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәні мұғалімі
Бекмуратова Зухра Сейтхазыевна
Әлемдегі коронавирус инфекциясының таралуы бүгін де біздің елімізде де орын алып отыр. Соған орай санитарлық-эпидемиялық жағдайға байланысты ағымдағы оқу жылының ІV тоқсанында барлық білім беру ұйымдары қашықтықтан оқытуға көшті. Бұл оқу түрі мұғалімдерге оңайға түспеді. Алайда, оларға электронды түрде жұмыс атқару таңсық дүние емес.
Айта кету керек, қашықтықтан білім берудің дәл қазіргі уақытта маңызы өте жоғары. Ақпараттық, сандық технологиясы дамыған елдерде бұндай білім берудің формасы әлдеқашан бірізділікке түскен. Әрине, қашықтықтан оқытудың жақсы жақтары — қашықтықтан білім алу көбіне білімін жетілдіргісі келетіндер мен жұмысы тығыз адамдарға өте тиімді дер едім. Өйткені, мұнда білімді атқарып жүрген жұмысыңнан қол үзбестен ала аласың немесе толықтыра аласың.
Қазіргі кезеңде қашықтықтан оқытуды еліміз үшін қажеттіліктен туған дүние деп есептеймін. Оның себебі, бәрімізге белгілі. Бұл оқу түрінің дәстүрлі оқудан айырмашылығы баршылық. Оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас, берілетін білім сырттан жүргізіледі. Бұған қажетті дүниелер теледидар, ұялы телефон, интернет желісі, компьютер. Теледидардан пәндер бойынша 10 минуттық сабақ жүргізіледі. Оқушыларға оның берері мол және балалар өздеріне ыңғайлы уақытта білімін жетілдіре алады.
Қорыта келгенде, қашықтықтан оқыту технологиясы білім берудің ортасында тұратын оқыту жүйесін құру мүмкіндігін береді. Бұл жүйеде оқытушы оқушының жүмыстарын, жеке қызығушылықтары мен сұраныстарын ескереді. Қашықтықтан оқыту технологиясын қолдану да оқытушының рөлі арта түседі және өзгереді. Қашықтықтан оқытуда күндізгі бөлімде оқытылатын материалдар қолданылады. Осыған байланысты қашықтықтан оқыту технологиясын қолданып, жүргізілетін білім беру сапасын бақылауды дұрыс жүргізу және жүзеге асыру мәселесі туындайды.