Home » Мақалалар » «Рухани жаңғыру біздің бөбекжайда»

«Рухани жаңғыру біздің бөбекжайда»

Ақмола облысы,
Бурабай ауданы
                          МКҚК «Ақбота» бөбекжайының
 І санатты тәрбиешісі
                             Мукажанова Асель Амангельдиевна

Мақсаты: Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту. Балалардың бойында ұлттық ойындар арқылы ұлттық сана сезімді ояту, туған жеріне деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру. Ұлттық құндылықтарды бағалауды үйрету.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ – жауап.

Көрнекі-құралдар: асық, фетрадан жасалған ою-өрнек қималары, қамшы, бесік, ұршық, жүн, арқан.

Музыка ойналып залға балалар кіреді. Залда балалардың ата-әжелері, ата-аналары отырады.

Жүргізуші: — Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар, біздің кішкентай бүлдіршіндеріміз!  «Рухани жаңғыру біздің бөбекжайда» атты ертеңгілігімізге хош келдіңіздер.

Есік қағылып  Нұрсұлтан қаласынан қонақ келді.

-Сәлеметсіздерме! Балалар, ата – аналар еліміздің гимн орындаймыз.

Гимн орындалады.

Жүргізуші:

Халықпыз ежелден-ақ өр мінезді,
Жаңғырудың енді міне келді кезі.
Шын қолдап Елбасының саясатын,
Күн санап жаңғыруда елдің өзі.
Қазақ елі құрметке мәңгі лайық,
Тез өркендеп әлемді таң қылайық.
Рухани жаңғыруды шын түсініп,
Бәрімізде дәл бүгін жаңғырайық.

(Нұрсұлтан қаласынан келген қонақтың сөзі )

— Мен сіздердің бүгінгі ертеңгіліктеріңізге құр қол келген жоқпын, арнайы әкелген тапсырмам бар.

1 – тапсырма:   слайд-1

Асықтың тапсырмалары. Сұрақ – жауап. Олай болса, экранға назар аударайық.

Қызыл түсті асық: — Қандай ұлттық ойындарды білесіздер?
Көк түсті асық: — Ұлттық аспаптарды атаңыздар?

Сары түсті асық:- Қазақтың ұлттық тағамдары?

Ақ түсті асық: — Қазақтың бұйымдарын атаңыз?

Санжар:

Отаным менің  Қазақстан,

Мәңгілік сенімен мақтанам.

Саяңда жүрсем әрдайым,

Күлімдеп жүріп бақ табам.

Отаным менің Қазақстан,

Атыңнан сенің айналам.

Бас иіп саған өтемін,

Жасай бер жаса Қазақстан.

Әлішер:

Ата отыр кәріміз,

Қуат берер дәріміз.

Әулиедей аялап,

Ардақтаймыз бәріміз.

Еркемай:

Алтын дәнді даласы бар,

Ақ күмістей қаласы бар.

Неткен сұлу, неткен көркем,

Осы менің туған өлкем.

2 – тапсырма: «Қамшы өру». Әкелер камшының бөліктерін атайды және өру тәсілін балаларға көрсетеді.

3 – тапсырма: «Ұршықпен жүн иіру»  слайд-3

Аналарымыз ұршық пен жүн туралы балаларға мағлұмат айтып өтіп, жүн иіру тәсілдерін көрсетеді.

Балалардың әні «Елтаңбасы елімнің»

4 – тапсырма: «Білек сынасу»

Екі әке ортаға шығып білек сынасу жолын көрсетіп, балаларды шығарып білек сынастырды.

5 – тапсырма: «Төр көрпе мен жастыққа ою-өрнек жапсыру»

Аналарымыз балаларға ою-өрнек жайлы әңгімелеп, көрпешемен жастықка ою ойып қиып, жабыстыру жолын көрсетті.

6 – тапсырма:  «Бесік жыры!»

Әлишердің әжесі балаларға бесік жыры жайлы қысқаша мағлұмат айтып, бесікке бала бөлеу түрін көрсетті.

«Балдырған» тобының балғын биші қыздары «Қамажай» биін билейді.

Көрініс: Алдар көсенің  хикаясы «Он тақия»

Қорытынды: Қатысып, ат салысқан ата аналарды марапаттау.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.