Home » Мақалалар » Қашықтан оқыту

Қашықтан оқыту

Алматы  облысы
Талғар   қаласы
№7 жалпы  білім  беретін  лицей
орта  мектебінің   бастауыш  сынып   мұғалімі
Нусіп   Бану   Әбдіғулқызы

Елімізде  коронавирус   індетінің    таралуына   байланысты төтенше жағдай енгізіліп, мектеп оқушылары тоқсандық    каникулға бір aптa ерте шыққан еді. Әне-міне дегенше демaлыс  тa бітуге тaяу. Бірaқ жaһан хaлқын тәубесіне келтірген вирустың беті қайтар емес. Соған бaйланысты   төртінші тоқсанның сабағы онлайн және қашықтан өтетін болды. Қашықтықтан оқыту технологиясын  қолдана   отырып білім   берудің мақсаты: сaпaлы   білім   беру қызметін    алудa    aзаматтaрдың мүмкіндіктерін   кеңейту; олардың   білім  қажеттіліктерін  тұрғылықты жеріне, әлеуметтік жағдайына, жасына, денсаулығына және өмірдің тағы басқа себептеріне қарамастан қамтамасыз ету.

Алматы  облысы   Талғар   қаласы   №7 жалпы  білім  беретін  лицей  орта  мектебінде  6 сәуірден    бастап  қашықтан  оқыту  жүйесіне  көшті. Қашықтан  оқыту  — білім алушы  мен  педагог  қызметкерлерінің  арасындағы  жанама   яғни   алыстан  толық емес   жанама   өзара    іс-қимылы   кезінде   ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту  болып  табылады. Қашықтан   білім  беру  технологиялары  оқу  сабақтарын   әр түрлі  оқу  платформаларын  қолдану  арқылы  «оnline», «offline»  режимінде  өткізуге   негізделген. Және  де  білім  алушылар  “Balapan” телеарнасы  арқылы  өз  пәндері  бойынша   білім  алуда.  Сонымен   қaтaр, мұғалім мен оқушы Kundelik.kz, zoom, Google classroom, sabak.kz платформасында    онлайн кездесіп, білімін пысықтaудa. Қaшықтaн  оқыту  саласы  жаңаша  бағытта  ғаламтор  желісімен  жақсы   жұмыс  жасауды тереңірек   үйретті. Оқушылар  ұялы  телефонмен  ойын  ойнап, сөйлесіп қана   қоймай  өздерінің   білім  алуына   жақсы   тұрғыда   пайдалана   бастады. Биылғы   жыл  Абай  атамызға  175  жыл, Еріктілер  жылы.Бір-бірімізбен   пікір алмасып, ерікті  түрде  қызмет  атқару, көмек   көрсету  -біздің  басты  парызымыз .

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.