Home » Мақалалар » Балабақшада инновациялық технологияларды пайдалану қажеттілігі

Балабақшада инновациялық технологияларды пайдалану қажеттілігі

Бестибаева О.С.
КМҚК «№61 бөбекжай балабақша»
меңгерушісі

Балабақшада инновациялық технологияларды пайдалану қажеттілігі

Қазіргі заманда алға қойылып отырған маңызды мәселелердің бірі , рухани ізденісі мол жас ұрпақ тәрбиелеу.Білім берудің алғашқы деңгейі балабақшадан басталады.Мектепке дейінгі білім беру екі мен алты жас аралағындағы баланы   оқыту, дамыту,тәрбиелеу қарау және күту. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың мақсаты осы жас кезеңінде тұлғаның қалыптасуы үшін қажетті алғашқы білім, білік және дағдыларды қалыптастыру болып табылады. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту арқылы бала өзін және өз мүмкіндіктері туралы бастапқы түсінік алады, онда қоршаған ортаның толық бейнесі және оған деген дұрыс көз қарасы қалыптасады. Бұл жаста баланың зияткерлік, адамгершілік,  эстетикалық және дене тұрқы мен жеке бас қасиеттерінің негізі қаланады.

Балабақша- балаға жан жақты білімді, тәрбиені беретін, ақыл ойын дамытатын, қызығушылығын  оятатын баланың екінші отбасы.

Мектеп жасына дейінгі баланың кешенді тәрбиелеуі отбасы мен мектепке дейінгі ұйым, яғни балабақша арасындағы тығыз ынтымақтастықта іске асады. Бұл мәселенің өзектілігі мектеп жасына дейінгі бала тұлғасын тәрбиелеу мәселелерінде ата -аналар балабақшамен белсенді ықпалдастықта болуы. Тәрбиенің нәтижесі отбасы мен балабақша тығыз байланыста болған кезде ғана мағыналы  жан -жақты, дамыған ұрпақ тәрбиелей аламыз.Осының негізінде тек баланы ғана емес ,ата -ананы да жұмыстандырып,бірге тәрбиелеуіміз қажет. Ата аналармен жобалық қызмет жұмысында, жақсы нәтижелер көруге болады. Әдеттегідей кез келген жоба отбасымен жұмыстың топтамасын қамтиды. Оған отбасымен жұмыстың барлық түрлерін жатқызуға болады.Осындай кешенді тәсілдер арқылы ата- аналар педагогтардың белсенді серіктестері бола отырып міндеттердің шешімін қамтамассыз етеді.

Бүгінгі күні балабақша педагогтері балалардың ата -аналармен өзара ықпалдастығын түрлері инновациялық технологиялармен үйлестірген. Бұл бағытта балабақша әдіскері тарапынан үйымдастырушылық ,дайындық кезеңі материалдар ,тақырыптар таңдалып жұмыстар жасалынуда. Балабақшамыздың тәжірбиелі педагогтары жоба жұмыстарымен айналысып көптеген жетісттіктерге жетті.Тәжірбиелі педагогтар балабақша ішінде шығармашылық топ құрып өз жұмыстарын жалғастыруда. Ата- ананың балабақша өміріне қатысуы педагогтің қалауы үшін емес, өзінің баласына маңызды екеніне  біртіндеп көз жеткізіп келеді.Сонымен балабақша педагогтарының ата -аналармен өзара ықпалдастықта ұйымдастырылуы бала тұлғасының үйлесімді дамуы мен қалыптасуына ықпал етеді.

Қорытындылай келе,бала өміріне немқұрайлы қарамай, балаға қазіргі заман талабына сай, мағыналы білім берсек қана,біздің бүлдіршіндеріміздің болашағы жарқын болмақ. Біздің басты мақсатымыз отбасымен ынтымақтастық орнатып, баланы жан -жақты тұлға ретінде тәрбиелеу.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.