Home » Жаңалықтар » Жаңашыл педагог-заман талабы

Жаңашыл педагог-заман талабы

Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы
«Кеңгір селосының №2 ЖОББМ» КММ
жанындағы шағын  орталық  психологы
Сарсенбаева Айым Берлибековна

Жаңашыл педагог-заман талабы.

     Қарағанды облысы, Жезқазған қаласынын білім бөлімінің қолдауымен жаңартылған оқу бағдарламасын таныстыру мақсатында “Болашақ  тәрбиешілерді даярлау үдерісінде мектеп жасына дейінгі дарынды балаларды анықтап , өнерге баулу арқылы танымдық –шығармашылық, сенімділік қабілеттерін дамытудың негізі» атты семинар өткізілді. Аталған семинарды өткізген Жезқазған  қаласы №9 ТМИ (РО)  «Балдырған» шағын орталық  әдіскері Балабиева Ақмарал   Омаровна  және «Кеңгір селосының №2 ЖОББМ» КММ  жанындағы шағын  орталық  әдіскері  Жандильдина Сандуғаш  Сұлтанғазиевна өздерінің біліктілікті арттыру курсында оқып білген білімдерімен таныстырып, өткен тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, семинарда жиналған барлық қалалық мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілерімен ұйымдастырылған оқу қызметін жоспарлай және жүргізе алу үшін:

  • оқыту және тәрбиелеу үдерісінде 4К моделін қолдану;
  • «Біртұтас тұлғаны» және «Бала үнін» қалыптастыру;
  • педагогтің жетекшілігімен жүргізілетін, құрылымдалған және еркін ойын түрлерін қолдану;
  • үлгілік оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттары мен күтілетін нәтижелерге сәйкес жоспарлау

бағыттары бойынша түрлі практикалық ойын-жаттығу түрінде тапсырмалар жүзеге асырылды. Семинар соңында «Кеңгір селосының №2 ЖОББМ» КММ  жанындағы шағын  орталық  психологы Сарсенбаева Айым Берлибековна топты біріктіру, ұжым ішіндегі қарым-қатынасты нығайту мақсатында тренинг жүргізді. Жезқазған қаласының білім бөлімінің әдіскері Есенова Шолпан Асановна қорытындылай отырып әр қатысушымен кері байланыс орнатты.

Болашақта барлық мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленіп отырған балалардың дарынды да шығармашыл болып өсуіне ата-анадан кейін ықпал ететін сол ұйымда жұмыс жасайтын әр педагог, сондықтан педагогтың үнемі жаңашылдыққа ұмтылып,  ізденісте жүруі заман талабының парызы.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.