Home » Балабақша » Балалардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруда ТРИЗ технологиясының тиімділігі

Балалардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруда ТРИЗ технологиясының тиімділігі

Бала тілін  дамытуымдағы аса маңызды теориям Триз-технологиясы, Триз-әдісі баланың санасын арттыра отыра,  түсінігін кеңейтіу, сөздік қорын молайту, ұғымын байыту менің басты мақсатым. Сонымен қатар баланың ойлау белсенділігі артады, тілдері ширайды, өз бетімен жұмыс түрі дамиды, өз ойын еркін жеткізуді үйренеді. ТРИЗ-технологиясы қазіргі таңда барлық әлемге танымал. Триз-дегеніміз қазақша аударғанда ӨТШТ(өнертапқыштық тапсырмаларды шешу теориясы).
ӨТШТ технологиясының негізгі қалаушысы: Генрих Саулович Альтшуллер.
Осыған сәйкес және оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында жаңа білім парадигмасына сүйене отырып, Генрих Саулович Альтушллер ӨТШТ техналогиясын жасаған. ӨТШТ технологиясының мақсаты – ойындар мен тапсырмаларды пайдалана отырып, ұжымдық әрекет, яғни қарым-қатынас жасай білуге үйрету, дағдыландыру.
ӨТШТ технологиясы балаға шығармашылық тапсырмаларды орындауды үйретеді және оның бойында шығармашылық қажеттілікті дамытып, оның қызығушылығына сүйене отырып, шығармашылыққа жүйелі түрде жетелеуге мүмкіндік береді.
Балабақшада ӨТШТ технологиясын қолданудың негізгі мақсаты:
-Өз бетінше дұрыс шешім қабылдауға тәрбиелеу;
-Баланы дәстүрден тыс ойлауға үйрету;
-Ойлаудың қиял-өрісін жетілдіру, зияткерлік шығармашылық белсенділігін дамыту;
ӨТШТ технологиясының негізгі міндеттері:
-Шығармашылық тұлғаның қасиеттерін тәрбиелеу (мақсатты қоя білуі, жұмысты жоспарлау және орындау, әрекет кезінде болып тұратын қарама қайшылықты анықтау, тұжырымдау, шешу, өз жұмысын сынау);
-Жүйелі ойлауды қалыптастыру, жүйе бөліктерінің байланысын, оның өзгерістерін уақытқа қарай, басқа жүйемен байланысын анықтау;
-Нақты және қиял-ғажайып объектiлерді зерттеген кезде ойлаудың диалектикалық әдісі негіздерін қалыптастыру;
Өз тәжірибемде мынадай әдістерді: «Күшті», «Каталог әдісі», «Қарама-қайшылықты шешу әдісі», «Салыстыру әдісі», «Сиқырлы объектілер әдісі», «Луллия шеңбері» т.б. қолдандым.
Балалармен жұмыстың негізгі құралы-шығармашылық ізденіс. Мен балаларға дайын білім бермей, оны табуға үйретуге тырыстымын. Егер бала сұрақ қойса, оған жауап беруге асығу қажет емес, керісінше осы туралы баланың өзі не ойлайтынын сұрап, сұрақтар арқылы бала өзі жауабын таба алатындай етіп жұмыс жасау керек. Өз бетімен ізденген бала жүйелі талдауға үйренеді.
Менің оқу-қызметімде қолданып жүрген ӨТШТ әдісінің бір түрі Луллия шеңбері, қысқаша түсіндіре кетсем, қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру оқу-қызметімде балалар пішіндерді сипап сезу, сүйреттер арқылы сандарды, түстерді, сандарды саусақтар арқылы ауада сызып үйренеді.Ал жаратылстану оқу-қызметінде балалар жануарлардың төлін ажырату, орман және үй жануарларын ажыратып, олардың немен қоректенетінін айтады. Луллия шеңбері балалардың жас ерекшіліктерін ескере отырып оқу қызметтің 5-саласында да қолдануға болады. 
Осының бәрі ӨТШ элементтерімен жұмыс. ҰОҚ, басқа да режимдік сәттерде әрзаттың жақсы, жаман жақтарын анықтауға үйрету керек. Қарама қайшылықтан ешқайда да қаша алмаймыз, сондықтан оны шеше білуіміз қажет. Бала қарама қайшылықты тапқан жерде ғана айкын, интеллектің бастауы басталады. Қарама қайшылықты қалай шешеміз? Ол үшін әдістер көп мысалы: «Қарама-қайшылықты шешу» әдісі. Мысалы; жаңбыр. Жаңбыр немен жақсы, немен жаман? Балалар өз ойларын айта бастайды. Қарама қайшылықтар арқылы балалардың ойлау қабілеті, тілдің дыбыстық мәдениеті дамып, сөздік қорлары молаяды. ӨТШТ жүйесі бойынша жұмыс балабақшада біртіндеп іске асырылады. Бірінші кезеңде балалар ойын түрінде ӨТШ әдістерінің элементтерімен танысады. Ол үшін қарапайым ойындардан бастаған жөн мысалы: Жүйелі байланыстарды анықтауға арналған ойындар түрлері; — «Қайда тұрады (мекендейді)?». Мысалы, аю қайда тұрады? (орманда, зообақта) Аюды тағы қайжерден көреміз? (кітаптан, мультфильмнен, кәмпиттің қағазынанда көрдім).
— «Бұл неден тұрады?». Мен бірзатты айтамын, ал балалар оның құрастырушы бөліктерін айтып береді (ағаш-тамыр, дің, бұтақтар, жапырақтар).
— «Заттың бөлігін ата». Мысалы; балаға бірзатты атаймын, ал бала сол заттың бөлігін айтып береді (үй-шатыр, терезе, есік…).
-«Көңілді доп».балаларға шеңбер бойымен доп лақтырамын, атаған затты қайда кездестіруге болатынын сұраймын.
Қорыта келгенде;
-ӨТШТ өзге әдістерден, теориялардан ерекшелігі-бұл жеке әдістердің, әрекеттердің, машықтардың жиынтығы емес, бұл көптеген амалдарды шешу, соның ішінде педагоктың, жаңа идеяларды тауып, әрқашан шығармашылық ізденісте болып, әдіс құру талпынысы.
-ӨТШТ әдісін ойлап шығарушылар, шығармашылық педагогиканың жаңа деңгейіне шығуға тырысады-жеке шешімдерді табу үшін немес, балалармен бірге күнделікті жағдайлардың логикалық шешімін дұрыс, сауатты табу принципін құрастыруға тырысады. Балалар мен ересектер мәселесінде айырмашылық жоқ, оның мағынасы жас ерекшеліктеріне қарсы келеді. Ойлау қабілеті дамыған бала өз денгейінде мақсаттарды шешуге машықтанып, өмірге жан-жақты болып келеді.
ӨТШТ әдісін ары қарай дамыта отырып түрлі иноватциялық технологияларды пайдаланып, балалардың ой-өрісін , шығармашылық қиялын кеңейтуді, алдағы уақытта өзімнің тікелей міндетім деп білемін.

 

Берикова Арай Бериковна,
Нұр-Сұлтан қаласы,
№80 «Ботақан» балабақшасының тәрбиешісі.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. «Солнышко» С.В. Железнова, Н.Р. Богомолова.
  2. Программа развития, обучения и воспитания детей дошкольного возраста на основе ТРИЗ и РТВ. Г. Обнинск 1997.
  3. Г.С. Альтушллер Найти идею. Новосибирск Наука, 1986г.
  4. Триз для детского сада В.А. Ломова.

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.