Home » Мақалалар » Тәуелсіздік төрімізде.

Тәуелсіздік төрімізде.

Ембергенова С.Д.
№99 ЖББМ КММ

Тәуелсіздік- ежелден еркіндікті серік етіп, ешкімнің бұйрығынсыз азат өмір сүруді ту еткен ата-бабаларымыздың  келер ұрпаққа сақтаған қасиетті мұрасы. Ғасырлар бойы сан мәрте қолына қару алып, жауға атылған қайсар бабаларымыздың армандағаны осы тәуелсіздік еді. Бүгін жүректегі намыстың арқасында, қаншама қиындықты артқа тастап, әлем таныған мәңгілік елдің бақытты ұрпағына айналдық. Аспанымызда тәуелсіздік туының желбірегеніне биыл 32- жыл толды. Тәуелсіздігіміздің тарихын болашақ ұрпаққа айтып жеткізу білім ордаларының басты міндеті деп білемін.

№99 жалпы білім беретін  мектептің ұстаздар қауымы мен оқушыларының  арасында Республикамыздың атаулы күндерін атап өту дәстүрге айналған. Осыған орай 2023 жылдың 13-ші желтоқсанында  мектеп қабырғасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өткізілді. Салтанатты жиынға  «АХЫСКА» түрік этно-мәдени орталығының білім бөлімінің жетекшісі Бадалова Д.Н., Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері» Батталханов Б., 45-жылдық мерейтойларын тойлаған 1978 жылдың түлектері және мектепке көмек қолын созып жүрген азамат Погодаев Р.А. қатысты. Қыркүйек айында  оқушылар мен мұғалімдер арасында мектеп эмблемасына  конкурс жарияланған. Осы салтанатты кеште жеңімпаздар анықталып, мектебіміздің эмблемасы қабылданды. Ұрпақтар сабақтастығы аясында  мектеп эмблемасын оқушылар парламентіне  тапсыру құрметі 1978 жылдың түлектеріне берілді. Осылай жас буын мен орта буынның жалғастығына біздің мектебіміз алтын көпір болды.

6 комментариев

  1. Нұржамал

    Керемет әрбір мектептің өз эмблемасы, ол оның тарихы

  2. Өте керемет .

  3. Өте жақсы керемет

  4. Акмарал

    Өте керемет

  5. 😍👍👍👍
    мектебіміз өркендей берсін

  6. 😍😍😍 керемет

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.