Home » Жаңалықтар » АӘК көрсетудің жаңа әдістері бойынша жиын өткізілді

АӘК көрсетудің жаңа әдістері бойынша жиын өткізілді

Ағымдағы жылдың 24 желтоқсанында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тапсырмасымен келіп түскен Мұнайлы ауданы әкімдігінің алаңында ҚР үкіметінің көп балалы аналарды әлеуметтік қолдау және атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа әдістері бойынша дайындық жоспарына сәйкес, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, жұмыспен қамту орталықтары қызметкерлеріне және ауыл әкімдеріне түсіндірме жұмысын жүргізу мақсатында семинар-кеңес өткізілді.

Түсіндірме жұмыстары ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Ж.Маршакұлы, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Қ.Нұрмамедова және Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің заңгері А.Ауезовпен жүргізілді.

Семинар-кеңесте, 2020 жылдан бастап көп балалы аналарды әлеуметтік қолдау және атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа әдістерінің мәселелері жөнінде талқыланды.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау барысында  қызмет көрсету мерзімі бұрын орталыққа жүгінген жағдайда 7 (жеті) жұмыс күні болса, қазір 11 (жеті) жұмыс күнін, ал ауылдық округ әкіміне жүгінген жағдайда бұрын 10 (оны) жұмыс күні болса, қазір 14 жұмыс күнін құрайды.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау тәртібі

І

Бірінші, қызмет алушы орталыққа немесе ауыл әкіміне өтінішпен жүгінеді, жүгіну кезінде оған толық консультация беріледі.

Екінші,  орталық немесе әкім шлюз арқылы тиісті мемлекеттік органдардың және ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салады.

Үшінші, ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде, өтініш беруші растайтын құжаттарды береді, ал мүмкіндігі болмаса, Орталық немесе әкім тиісті мемлекеттік органға жазбаша сұрау салуды ресімдейді.

ІІ

Бірінші, әкім  немесе орталық  1 жұмыс күні ішінде: Өтінішті тіркейді,   құжаттар топтамасын учаскелік комиссияға ұсынады.

Екінші, учаскелік комиссия 3 жұмыс күн ішінде өтініш берушінің  (отбасының) материалдық жағдайын тексереді, нәтижесін әкімге немесе орталыққа жолдайды (әкім 3 жұмыс күн ішінде барлық құжаттарды орталыққа береді).

Үшінші, орталық мәліметтердің, учаскелік комиссияның қорытындысы негізінде оларды алған күннен бастап 3 жұмыс күн ішінде: көмек түрін айқындайды, табысты есептейді және шешім жасақтап, бөлімге жолдайды. 

ІІІ

Бірінші,  бөлім 3 жұмыс күн ішінде: құжаттар мен шешімді толық тексереді, көмекті тағайындау немесе бас тарту туралы өтініш берушіні әкім немесе орталық арқылы хабардар етеді.

Екінші, шешімге бөлім басшысы немесе оның міндетін атқарушы қол қояды.

Үшінші, атаулы әлеуметтік көмек төлеуді уәкілетті орган атаулы әлеуметтік көмек төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымның банктік шоттарына аудару жолымен жүргізеді.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін құжаттар топтамасы: Өтініш және Жеке басты куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін).

ЕСКЕРТПЕ: Ақпараттық жүйелерде мәліметтер болмаған кезде тұрғылықты жері бойынша өтініш беруші мемлекеттік органның немесе ұйымның тиісті ақпараттық жүйелерінде жоқ мәліметтерді растайтын құжаттарды береді, ал өтініш берушінің ондай мүмкіндігі болмаса, Орталық тұратын жері бойынша, ауылдық жерде – әкім тиісті мемлекеттік органға және (немесе) ұйымға жазбаша сұрау салуды ресімдейді.

Шара кезінде, кеңеске қатысушылар оның ішінде ауыл әкімдері өздерінің көкейінде тұрған сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.

Сонымен қатар, алдағы уақытта кездесуі мүмкін проблемалық мәселелерде көтерілді. Кейбір ақпараттық жүйелердегі ақаулықтарға байланысты немесе жоғарғы тұрған орталық, жергілікті атқарушы органдармен шешілетін мәселелер бойынша ұсыныстар енгізілетіндігі айтылды.

Жиын қорытындысымен аудан әкімінің орынбасары Б. Біләлов ауыл әкімдері мен құзырлы бөлім басшыларына нақты атқарылуы тиіс жұмыстарды атап көрсетіп, тапсырмалар жүктеді.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.