Калыбекова Динара Алхановна
Астана қаласы
√90 Еркежан балабақшасы
Ақ көгершін тобының тәрбиешісі
Ұстаз деген қасиетті сөз. Міне, осы жылы сөзбен ер жетілуіңізге себепкер болған ұстаздарыңызды еске аласыз. Мен өзімнің шақыруымды балабақша жылдарында сезіне бастадым.
Әрбір ұстаз өз Отанынын шексіз сүйетін білімді, іскер, адамгершілігі мол, парасатты, мәдениетті жан-жақты жетілген ұрпақ дайындауға міндетті.Тәрбиеші — тәрбиеленушілердің жүрегіне жол табатын және баланың өз елінің патриоты болып тәрбиеленген, дамыған тұлға болып қалыптасуына жауапты адам. Бұл тәрбиеленуші ұстаз алдында жан-жақты білім алуға, ішкі қабілетін ашуға, талантын дамытуға және сол арқылы білім бұлағынан сусындауға көмектеседі. Кішкентай кезінен бастап отбасы, ата-аналар мен ұстаздар балаларға даналыққа, сақтық пен көрегендікке үйретеді. Тәриешінің басты мақсаты — балаға білгенін, көргенін жеткізе білу, оның әр сағат сайын ақыл-ойының өсуіне көмектесу. Егер әр педагог балалардың жан-жақты білім беруге, олардың ішкі қабілеттерін анықтауға, дарындылығын дамытуға, мақсатына жетуге үлес қосатын болса, бұл педагогтың жетістігі.
Ұйымдастырылған іс-әрекетте, әр-түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану, баланың жеке басын құрметтеу, білім беру-қазіргі оқытудың негізгі талабы.Өйткені тәрбиеленушілердің барлықтарының ойлау қабілеті бірдей емес. Сондықтан бұл мәселеге психологиялық тұрғыдан қарап, педагогикалық әрекет, әдістемелік шеберлікпен қадам жасау керек. Халқымыздың рухани көсемі А.Байтұрсынұлы «Мұғалім түрлі әдісті көп білуге тырысу керек, олардың өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек» дегені әр ұстаздың жадында болуы тиіс. Қазіргі таңдағы білім саласындағы заман талабындағы жаңғыру, жаңару салдарынан әрбір қадам жасалынған сайын үздіксіз өзгерістер ұстаздар ға үнемі креативті болып отыруды талап етеді.Жаңа формацияның қазіргі заманғы педагог оқытудың, оқудың және тәрбиенің жаңа заманауи мазмұнымен жабдықталған, баланың жеке басын дамыту үшін педагогикалық орта құруға қабілетті, білім беру әлемінде бәсекеге қабілетті жаңа ұрпақтың дамуына барынша үлес қосып отыратын рухани таза, дүниетанымдық көзқарасы жан-жақты дамыған, қоршаған ортамен байланыс жасай алатын тұлға болуы керек.
Біздер, ұстаздар алдында үлкен жауапкершілік, яғни электронды жабдықтарға негізделген жаңа ақпараттық технологиялармен ұштастыра отырып сапалы білім беру міндеті тұр. Бұл- біздің заманымыздың үлкен жетістігі, қазіргі заманғы отандық педагогиканың алтын діңгегі, мектеп жұмысының негізі. Ақпараттық технологияларды оқытудың екі сипаттамасы бар. Біріншісі — білім сапасын арттырады, екіншісі — әлемдік өркениеттің жетістіктерін игеруге мүмкіндік береді. Осы екі фактордың үйлесуі егемен еліміздің болашағы үшін Қазақстанның жас ұрпағын өзінің жеке өмірі мен қоғамының игілігі үшін күш-жігері мен біліміне тарту үшін пайдалы болады.
Халық даналығында«Мұғалім мықты болса, позициясы мықты» деп бекер айтпаған. Өйткені, мұғалім алдымен толыққанды саналы тұлға ретінде өзін-өзі жан-жақты білім нәрімен сусындап, содан кейін ғана балаларды өзінің жетегінен ілестіріп, білім-тәрбие бере алатын маман болуы керек. Ертедегі үлкендер бата бергенде «молда болма, мұғалім бол» деп тілейтін. Бұл сол кезден бастап ұстаздың мәртебесін бәрінен, тіпті молдадан да биік қойған.
Мұғалім болу үлкен батылдық пен шыдамдылықты қажет етеді. Президент Н.Ә. Назарбаев өзінің 2014 жылғы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында ең дамыған 30 елдің қатарына кіру үшін білім беру басты басымдықтардың бірі болып табылатындығын айтқан. Ал, жас ұрпақтың тағдыры мұғалімнің қолында ».
Жалпы, оқытудың жаңа әдістерін қолдану арқылы оқытудың жаңа әдістерін қалыптастыру балаларға еркіндік беру, сыныптастарымен сөйлесу, сәттерді тиімді ұйымдастыру, қалған уақытты тиімді ұйымдастыру, өзін-өзі бағалау, топтық бағалау, дарынды және талантты балалармен жұмыс жасау, жас ерекшеліктеріне сай жоспарлау, кешенді дамыту, сыныпты кешенді дамыту. Жаңа технологияларды қолдана отырып, балалардың іс-әрекеттерге деген қызығушылығы артады.
Педагог жолы көптеген күрделі және қисынды жолдардан тұратынын біле отырып, мен өзімнің болашағымды айқын көру, балаларды білім нәрімен сусындатып, білім шыңына жетелеу үшін өзімнің мамандығымды яғни осы жолды таңдадым. Ия, осы мақсатқа жету үшін балалардың тиімді ұстаз болу үшін үнемі өзгеріп, біліктілігімізді арттыруымыз қажет. Ол үшін жақсы педагог балалардың әлеуметтік және тұлғалық дамуына жауапкершілікті сезінуі керек. Ұстаз әрдайым жаңашыл болумен қатар, креативті, әрбір баланың жүрегінен орын таба алатын тұлға. Балалармен әңгімелесу, топтасып, жұптасып қызыға жұмыс жасау , танымдық қабілеттерін дамыту , сергіту сәттерді тиімді ұйымдастыру, қабілеттерін ұштау, сергіту, топта жақсы психологиялық ахуал туғызу, сыни көзқарастарын қалыптасыру, жаңа әдіс-тәсілдерді әрбір сабаққа шебер қолдануы-мұның барлығы кәсіби шеберлігімде пайдаланылатын балалармен жұмыс түрлері болып табылады. Тәжірибе кезінде балалармен асыға күтемін, олардың әрқайсысы бүгін қандай көңіл-күймен келетінін қадағалаймын. Себебі ұйымдастырылған іс-әрекетті бастамас бұрын, балаларымның көңіл-күйлерін көтеру мақсатында түрлі ойындар ұйымдастырып, жақсы психологиялық ахуал туғызу, таңғажайып балалар әлемін тереңірек танып, өз өмір тәжірибемнің, мейірімнің діндерін қондыру-үлкен бақыт.
Баланың жеке тұлға ретінде дамуы,өзіндік көзқарасының қалыптасуы,ой-өрісінің кеңеюі мектеп қабырғасынан басталады деп ойлаймын. Сондықтан бүгінгі педагогтың міндеті жеке тұлғаны рухани адамгершілік, ұлттық, жалпыадамзаттық құндылықтар жағынан дамыту үшін оның білім беру алу жолындағы өмірін мәдениетке ену үрдісі ретінде ұйымдастырып, баланың әр даму кезеңінде әлеуметтік өмірдің мәнін түсінуімізге бағыттауымыз қажет. Ұйымдастырлған іс-әрекеттен тыс жұмыстарда балаладың білім көлемі меңгертіліп, мінез-құлық өмірге деген белсінділігі артып, рухани-адамгершілік дәрежесі біртіндеп дамиды.Сонда ғана жас ұрпақ болашақта өз ана тілін құрметтей алатын, өзін-өзі басқара алатын, қызмет көрсете алатын тәрбиелі, үлгілі, жаны сұлу, рухани-адамгершілігі таза тұлға болып қалыптасады.
Келісемін өте білікті маман
Динара Алхановеа өте керемет маман, өте жоғары деңгейде билим беред
Динара керемет тәрбиеші, жарайсың 👍👍
rysbekalikhanov@gmail.com
Керемет
Ия әрбір тәлімгер ұстаз жанын салып білім мен ұлттық тәрбиені бойына сіңірте білсе нағыз ұстаздықтың жолындағы жан деп білемін. Әрине сөзімен ісі бір болғанда. Сол жанның бірі өзің болып тұрсың. Жазылған әрбір сөз жүректен шыққан. Тәлім тәрбиеңді шәкірттеріңе беруді тоқтатпа.