Home » Мақалалар » Мамандық таңдаудағы кәсіптік бағдар берушінің рөлі

Мамандық таңдаудағы кәсіптік бағдар берушінің рөлі

Бекарыстанова Жанар Куантаевна
Түркістан облысы, Сауран ауданы
Қазыбек би  ЖОМ  КММ
Кәсіптік бағдар беруші

Мамандық таңдаудағы кәсіптік бағдар берушінің рөлі

«Қаламаған мамандықпен айналысамын  деп, бекерге  жаныңды қинаудың  қажеті  жоқ. Мамандықты да құрғақ есеппен емес, махаббатпен  іске  асырған жөн…»

(Харуки Мураками)

Мамандық таңдау —  адам өміріндегі ең маңызды іс. Себебі мамандық таңдау арқылы өз тағдырыңды таңдайсың. Ең бастысы, өзгеге еліктемей, өз жүрек қалауыңмен таңдау. Бұл – үлкен жауапты іс.

Жұмыс барысында білім алушылардың ой-пікірімен санаса отырып, қалаған мамандығын таңдауына өз үлесімді қосу, менің азаматтық борышым деп білемін. Өйткені, мамандық таңдау барысында кәсіптік бағдар берушінің, оқушының және ата-ананың жұмыла бірлескен ойы өте маңызды. Мамандығын дәл таңдап, өмірден адаспай жолын тапқан жастар ғана ел дамуының және жарқын болашақтың кепілі бола алады.

Қазіргі таңда қалаған мамандығы бойынша  білім алғанымен жұмыссыз жүрген жастар көп. Орын санының тапшылығы мен бір мамандықты таңдаған мамандардың көптігімен де байланысты. Мысалы: Құқықтану, экономист пен қазақ тілі және қазақ әдебиеті мамандығын бітірген жастардың көпшілігі жұмыссыз жүр. Табылып жатқан жұмысына орай, мамандығын өзгертіп жатқан жастар да баршылық.

Сонымен қатар, заман талабына сай ақпараттық технологияның дамуы, жаһандық даму мен жаңа жұмыс орындарының ашылуына байланысты жаңа мамандықтар пайда болуда. Бұл өз кезегінде мамандық таңдаудың, білім алудың шексіз екенін дәлелдеуде. Бір мамандықпен шектелмей, бірнеше мамандықты меңгеру де аздық етпейтінінің көрінісі.

Жаңашылдыққа қарай жаңа мамандықтың да өзіндік ерешелігін алға тартып, дұрыс бағыт берудегі менің жұмысым білім алушыны толықтай тануға мүмкіндік береді. Өтпелі кезеңде тұрған жастардың тез құбылуы (еліктеуі) заңдылық.

Білім алушының кәсіби қызығушылығына, жеке қабілеттері мен психофизиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім алудағы мамандық пен оқу орнын саналы түрде таңдау құқықтарын іске асыруда зерделеу, диагностика жасау, іріктеу, анонимдік тұрғыдан сауалнама алу және өзін-өзі тануға барлық қасиеттерін ескере отырып ақпараттық кеңес беру кәсіптік бағдар беруші үшін жауапты әрі қызықты мамандық. Себебі: әрбір жас мамандығымен мақтанатын, елдің ірге тасын қалайтын саналы, парасатты тұлға болуы тиіс. Сондықтан да, бағыттайтын бағыт беруші барда, бағытынан адаспайтын жастар көп болсын дегім келеді!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.