Бақытты бала, бақытты отбасы бақытты ел. Балалардың барлығы бірдей, әрі тең құқылы. Олар ата-аналарынан мейірімділікті, сонымен бірге қатыгездікті де су сорғыштай сорып алады.
Қоғам үшін ең бастысы — тәуелсіздік, ал адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Тәуелсіздік төрімізден орын алған 30 жылдағы қоғамымыздың ең басты құндылығы — адам бостандығы.
Оның кепілі – заңдылық. Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздағы ең басты құндылық – адам бостандығы. Адамның және адамзаттың құқықтары мен бас бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау – конституциялық заңдылықтың басты талабы.
Қазақстанда салауатты өмір салтына қол жеткізуде, денсаулықты сақтау мен нығайтудағы басты міндеттің бірі – бала құқығын қорғау, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес жүргізу. Адамның және адамзаттық бас бостандықтары мен құқықтарын қамтамасыз ету және қорғау — конституциялық заңдылықтың басты талабы. «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» демекші балаға отбасы тәрбиесінің әсері мол.
Отбасында ата-ананың мінезі баланың көз алдындағы үлгі-өнеге алатын, оған қарап өсетін ортасы. Отбасындағы зорлық-зомбылық мәселесі әлемнің әр елінде ертеден орын алған. Зорлық балалардың денелік және психологиялық денсаулықтары және жан-жақты дамулары үшін ауыр машақат болып табылады. Әйелдер мен балаларға қатысты зомбылықтың алдын алу және оған бағытталған профилактикалық сипаттағы шараларды жүргізуде ақпараттық үгіттеушілік жұмыстарды өткізу қажет болып табылады.
Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы» делінген. Тән азабын шектірген зорлық – адамның ағзасына тікелей әсер ету, ұрып-соғу, денесіне зақым келтіруі мүмкін. Тән азабын шектірген зорлықтың салдарынан жәбірленушінің денсаулығына зиян келтіреді. Адамның өмірі мен денсаулығына қауіпті әдіс қолданылып жасалған қылмыстар «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің» тиісті баптарына сәйкес жауаптылыққа тартылатыны анық.
Тәрбиеге әсер беретін өскен орта, ата-ананың тәрбиесі дұрыс болмаса, жаман әсерлер адамды азғырып, түрлі жаман мінезді жұқтырады. Отбасындағы ата-ананың мінез құлқы – баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін ортасы.
Нашақорлық, темекіге, ішімдікке үйірлік бұзықтық жолға түсіп зорлық-зомбылық жасауға мүмкіндік туғызады, еңбек етуге, қоғамға, денсаулыққа, ұрпаққа, отбасына зиянын тигізеді. Салауатты өмір сүрудің бір негізгі күрделі мәселесі – жаман қылықтардан, яғни зорлық- зомбылықтан аулақ болу. Ішімдікке үйір адам есінен айырылып, қасындағы адамдарға зиянын тигізеді, отбасына ойран салады,отбасы мүшелеріне оғаш қылықтар көрсетіп мазасын алады. Бұл баланың психологиясына кері әсерін тигізеді. Сондықтанда әр бір ата ана отбасында өзі үлгі бола білу керек.
Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы
Үстірт орта мектебінің кітапхана меңгерушісі
Ақтилевова Салтанат