Home » Мақалалар » Тұрмыстық қалдықтардың екінші өмірі  

Тұрмыстық қалдықтардың екінші өмірі  


Рахимова Альмира Мелисовна
Атырау қаласының
№ 36 мектеп-гимназиясының
биология пәні мұғалім
Тұрмыстық қалдықтардың екінші өмірі
(экологиялық сағат)

Мақсаты: Үй жағдайында шығарылған қалдықтарды қайтадан өңдеу арқылы  пайдаланудың әртүрлі әдістерімен танысу. Туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық білімді қалыптастыру, туған жер табиғатты қорғауға баулу. Оқушыларға табиғаттың адам өміріндегі зор маңыздылығын насихаттай отырып, оны аялауға, сақтап қорғауға өз үлестерін қосуға жұмылдыру; мейірбандыққа баулу, экологиялық білімдерін молайту.
Көрнекті құрал-жабдықтар: Көкөністердің, жемістердің қалдықтары, жұмыртқаның қабығы, банан қабығы, әртүрлі қағаздар, су, ыдыстар,  топырақ, т.б.
Сабақтың барысы:
Бәрімізге  құпия емес біздің жеріміз экологиялық катастрофаға ұшырағылы тұр. Табиғаттың экологиялық жағдайы адамның өзіне әсер етуде. Биосфераның заңдарын орындамағандықтан адам өз денсаулығымен жауап беруде. Ең жаманы болашақ ұрпағымыз осы экологияда өмір сүреді. Бізді құтқаратын бір нәрсе ол экологияны қадір тұту, барлық байлығын ұтымды, тиімді пайдалану, экологиялық заңдарға бағыну ғана.
Миға шабуыл. Логикалық сұрақ.
Бір балықшы экологияның құдіретін  өмір бойы есінде сақтаған екен. Оған бұл құдіреттілікті  тайганың тұрғыны түсіндірген екен. Балықшы тайганың тұрғынымен өзен жағасында  балық аулап отырғанда, аспаннан масалардың қаптаған бұлтын көреді де: —  Эх,  осы масаларды жер бетінен жойып жіберетін  ғалым болса гой — деп армандайды. Қасында отырған тайга тұрғыны ештеңе айтпай ұстаған балығын алып, оның қарнын пышақпен кеседі. Сол уақытта балықтың қарыны масаға толы болады…
Проблемадан шығу: «Тайга тұрғыны балықшыға қандай экологиялық сабақ берді?»
Оқушылардың жауабы тыңдалады: (Оқушылардың болжамды жауабы)

  • Егер де масалар жер бетінен жойылып кетсе, онда масамен қоректенетін балықтар да жойылады. Ал егерде балық жойылса, онда адамдар аш қалады.
  • Табиғатта барлығы бір-бірімен байланыста өмір сүреді.
  • Табиғатта сұрыптау жүреді.

Ия, табиғатта барлығы қарым-қатынаста өмір сүреді, оны экология зерттейді.
Сондықтан да табиғаттағы барлық тірі организмнің өз орны бар. Әрбір табиғаттың байлығын тиімді пайдалану керек. Тіпті үй жағдайындағы қалдықтарды да қоқысқа тастамай, қайтадан өңдеу арқылы оларға жаңа өмір сыйлауға болады. Қазіргі экологиялық проблемалардың барлығы адамның үнемсіз пайдалануының нәтижесі. Ал біз үлкен глобалдық проблемаларды шеше алмасақ та, табиғаттың тазалығын сақтап, үй жағдайындағы қалдықтарды өңдеп оны жаңа нәрсеге пайдалануымызға болады. Олай болса мен осы бүгінгі тақырыбымды «Тұрмыстық қалдықтардың екінші өмірі» деп алуымның өзінде үлкен мән бар. Ол осы отырған кез келгеніміздің қолымыздан келетін жағдай. Мен осы тақырыпқа сай сіздерге тапсырма берген болатынмын. Ол үй жағдайында шығарылатын  қалдықтарға байланысты бір қызықты, ұтымды практикалық жоба көрсету.
Бізде бүгін 3 топ жұмыс жасайды. Кезекті топтардың практикалық жұмыстарына беремін.
1-тапсырма.  Қандай да бір тұрмыстық қалдықтан аграрлық тыңайтқыш жасау.  Тыңайтқышты жасау методикасымен бөлісу.
1-топ:   Картоптың қабығынан тыңайған топырақ дайындау.
2-топ:   Жұмыртқаның қабығын өңдеу.
3-топ:   Бананның қабығынан сұйық тыңайтқыштар дайындау.
Барлық қалдықтардың біз үшін маңызы бар екенін көрдік. Білмегендеріміз құнды білім алдық деп ойлаймыз.
2-тапсырма. Заманауи лайфхак.
Картоп, жұмыртқа, банан қабығын  тағы да қандай мақсаттарға қолдануға болады.
3  топ өз лайфхактарын көрсетеді (фото, видео, презентациялар түрінде өз жұмыстарын ортаға салады).Бүгін өмірлеріңізге қажетті құнды ақпараттатр алдыңыздар деген сенімдеміз.
Қорытынды. Бүгінгі сабағымызды қорытындыласақ, оқушылар мына «Ағашқа»  қарайықшы. Біз өз біліміміз бен ұмтылысымыз арқылы осы қураған ағашқа жан бітіреміз. Біздің күшіміз тек қураған ағашты  тірілтуге ғана емес,  тіпті :

  • Біз аспанға түтін арасынан қараймыз. Мұны өзгертуге, біздің күшіміз жетеді!
  • Біз экологиясы нашар қалада тұрамыз. Мұны өзгертуге, біздің күшіміз жетеді!
  • Далалықта, тоғайлар мен ормандарда қоқыстардың үйінділері. Мұны өзгертуге, біздің күшіміз жетеді!
  • Өзендеріміз қоқысқа толы. Мұны өзгертуге, біздің күшіміз жетеді!
  • Өзендеріміздің суы өлі суға айналды. Мұны өзгертуге, біздің күшіміз жетеді!
  • Біздің болашақ ұрпағымыз қандай әлемде өмір сүреді? Мұны өзгертуге, біздің күшіміз жетеді!
  • Қашанға дейін біз табиғатты бүлдіреміз. Бүгіннен бастайық…

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.