Home » Мақалалар » Қазақтың ұлы саясаткері

Қазақтың ұлы саясаткері

Тұрлеке Жасұлан Алмасұлы
Алматы облысы
Еңбекшіқазақ ауданы
Түрген ауылы
«М.Ломоносов атындағы орта мектеп»
КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

 

Небір аласапыран замандарда елін, жерін қорғайтын өз дәуренінің батырлары мен хандары болған. Дегенмен, Кеңес өкіметі кезеңінде мұны жүзеге асыру қиынның қиыны еді. Қатыгез кеңес өкіметінің тұсында, өз ұлтын сақтап қалу, қай саясаткердің, қай ұлттың болмасын басты арманы еді. Сондай бір қантөгіс, қызба заманда, елінің елеулісі, халқының қалаулысы болған, ешбір саясаткерге ұқсамайтын, өзінің дара жолын бізге үлгі етіп қалдырған Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев қазақ халқының  маңдайына біткен шоқ жұлдызы болды. Кемеңгер тұлға, қаһарынан қар жауған, Кеңес өкіметінің қызметінде жүріп, барынша жерінің тұтастығын халқының мүддесін қорғай білді.

Д.Қонаев ұзақ жылдар бойы мансап жолында жүрсе де, қызметіне адал, көркем мінез иесі екені барша әлемге мәлім. Биліктің белесіне шықсада, халқынан төмен екенін ұмытпаған Димаш атамыздың өмір жолы рухани құндылықтарға толы еді. Д.А.Қонаев республиканың территориясының біртұтас бүтіндігін сақтап қалуға бар күшін сарқыла жұмсаған қоғам қайраткерінің өмірі таң-тамаша қызықтарға толы болды.

  • Дінмұхамед Қонаев – КСРО-да ең биік саяси лауазымға ие болған алғашқы қазақ. Ол КСРО-ның ішкі және сыртқы саясатын басқаратын 15 мүшелік политбюро мүшесі болған.
  • Отбасында 11 баланың 4-шісі.
  • Бойы 198 см. 46 өлшемдегі аяқ киім киген.
  • Хобби: қару-жарақ коллекциялаған, аңшылықты ұнатқан.
  • Қонаевтың жеке күзетшілері болмаған. Басқалары жеке күзетшілерімен жүргенде Қонаев жай ғана таңертең жұмысына жаяу барып келіп жүрген.
  • Академик шені үшін 340 рубльдік төлемақыдан бас тартқан.
  • Шағын пәтерінде (қазір мұражай) 24 жыл өмір сүрген, пәтер ауданы 200 кв.м
  • Кезінде Леонид Брежнев (КСРО басшысы) Алматыға бірінші рет келіп, Қонаевтың үйіне қонаққа келеді. Пәтерін ары аралап бері аралап: «Бар дүниең осы ма?»- деп таңданады.

Димаш атамыздың өмірбаянын әр қазақ баласы білуі тиіс. Бізге,  өскелең ұрпаққа жасаған жақсылығын ешқашан ұмытпауымыз керек. Д.Қонаев қазақ елінің баласы болғаны үшін де, қазақтан шыққан ұлы тұлға болғаны үшін де оның есімі мәңгілік қазақ елімен қатар жүреді. Оны біз әрқашан ұлықтаумыз керек. Себебі, мұндай адам мың жылда бір рет келетін тұлға. Дариядай ақылмен оңтайлы іс-әрекет жасап, дуалы сөзімен көсем мінез көрсетіп, елі үшін осындай игі жұмыс жасағандығын атап айтсақта таусылмайды.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.