Home » Балабақша » Ұлы қызмет даңғылында адалдықтан аттамау керек

Ұлы қызмет даңғылында адалдықтан аттамау керек

Мен новатор ұстазбын
Ертеңгі күннің еңселі ұрпағын, саналыққа қарай бағыттау басты міндетім деп білемін.Ол үшін білімде, әдіс пен тәсіл де арнайы дәрежеде маңызды емес. Ең әуелі адамзаттың шынайы бейнесін шәкіртке көрсете білу қажет. Мейірімге мұқтаж мына заманда мұғалімнің берері мол, себебі бүгінгі қоғам тым курделі. Оқушы психологиясы да соған сай қиындау. Ата-анамен дұрыс қарым қатынас орнату, оқушымен тіл табыса білу, түрлі методика арқылы қызығушылықты арттыру ұстаздың жетістігі. Бүгінгінің білімгерлеріне жетіспейтіні еркіндік. Сөз еркіндігін былай қойғанда, ой еркіндігін өткенмен салыстырғанда төмен. Мұғалім осындай жағдайдың барлығына екі жақты көзқараста қарауы тиіс. Мамандығымнан бөлек өмірде де ұстазбын. Балама бағыт сілтер, қызыма иба мен инабат сіңірер ұстазбын. Шәкірттеріме білім мен тәртіпті ту етер ұстазбын. Өзіме тұлға ретінде қарауға баға беретін жеке ұстазбын. Мен ұстазбын ұлы қызметтің даңғылында адалдықтан аттамауым керек, осыны мәңгі жадымда сақтаймын.
Бала өсірген ата – ана
Бала болып ойнайды,
Бала оқытқан ұстаздар
Бала болып ойлайды,  деп бекерге айтылмаған.
Ұстаз деген жаратылысынан өзіне айтылғанын бәрін жете түсінген, көрген естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында  жақсы сақтайтын, ешнәрсені ұмытпайтын алғырда аңғарымпаз ақыл иесі. Мен өз кәсібімнің майталманымын деп айталамын. Менің сабақ берудегі әдістерім де күн-күнбе күн жаңарып тұруы қажет.Ұстаз жаңа идеялар үшін көп еңбектенеді. Біздің балабақшада мантессори, денсаулық сақтау ойын техналогиясын балабақшада қолдануға болатын біршама  стратегиалары қолданады. Оқу жылы барысында жоспар бойынша қойылатын ұстаздардың әрбір ұйымдастырылған ашық оқу қызметтері осы техналогиаларды пайдалана отырып өтіледі.Ұстаз заман талабына сай жаңа ұрпақтың қызығушылығын тусіну керек,жер бетіндегі адамдардың бәрі осы ұлы есімге қарыздар, өйткені ұстаз алдынба бас имейтін адам жоқ. Абай атамыз айтқандай бала тәрбиесіне үш жақ әсер етеді деп бекер айтпаған. Бірінші ата-анасы, екінші ұстазы, үшінші жүрген ортасы  қайсысының ықпалы зор болса, баланың мінезі солай қалыптасады. Әр ұстаздың өз ұсатанымы болады. Менің педагогикалық ұстанымым ,оқушыларыма әділ болып, олардың білім сапасын көтеру болып табылады.Ел есінде бір жыл қалғың келсе-ас бер,он жыл қалғың келсе-ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе- бала тәрбиеле дейді дана халқымыз.Баланың ой өрісін дамытуға олардың қиалына қанат бітіріп,тіл байлықтарының молайуына  біздің ұстаздардың еңбектері  орасан. Сондықтан да еңсеміз биік рухымыз мықты болсын десек ұстаз мамандығын ұлықтай білейік.Ұрп

ағымыздың тамырына нәр беретін мамандық екенін естен шығармайық. Білерім тоғыз білмейтінім тоқсан тоғыз демекші білген сайын білмейтінім көп екенін ұға тусініп журмін. Шығар белестерім әлі де алда деп ойлаймын. Білімімді бұдан да кеңейтіп тәжірибе жинау әлі де алдымда, білімді ешқашан өзін білгіш қылып көрсетуге тырыспайды, шын білімдінің зейін-зердесі  кең, алыстан қарасаң- кербез, жақыннан қарасаң – кішіпейіл, жузіне үңілсең – мейірімді ,жанына үңілсен- шуақты көрінбек, міне осындай кербез кішіпейіл,мейірімді,шуақты ұстаз атансам парызымның орындлғаны деп білемін.Мен бұл эсседе ұстаз мамандығын өзіме мақтаныш тұтатынымды айтқым келеді.Шәкірттерімнің егеменді елімнің тәуелсіз Қазақстанның толыққанды азаматы болуы үшін барымды саламын,оларға білім беру жолында жаңа шындыққа ұмтыламын. Қиыншықтарды жеңе отырып биік белестерді бағындыратыныма сенемін!!!

 

 

 

 

 

                                              Усенова Индира Бейбітқожақызы,
Нұр-Сұлтан қаласы,
«Аяла » балабақшасының тәрбиешісі.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.