Home » Балабақша » Баламен жұмыс жасау мен үшін бақыт

Баламен жұмыс жасау мен үшін бақыт

Мен- новатор ұстазбын
Қазақ деген тегі мықты, тарихы бай тағдыры күрделі, түйсігі мың қатпар, астарлы тысты, алапат тілді,қабілетті қаһарман,қайсар халықтың бітімімен біте қайнасып, ұлылығын,рухын, ар-ұятын бойына сіңіріп өсу әр қазаққа бұйырған заңғар тау іспеттес таймас бағы болар?!”Мен халқымының маралымын”деп ұрандатып  жүретінім  сол қанға біткен қайсарлық пен батылдығымның  арқасы деп ойлаймын. “Терлеп еңбек етпеген ,тілеіне жетпейді” деп жатады дана халқымыз сол себепті әр адам өзі қалаған,жанының  рахаты үшін жасайтын мамандықты таңдауы тиіс. Сонда ғана болашағы жарқын әрі кемел болары хақ! Мен бұл сөзге  өзімді дәлелмін деп  ойлаймын.Тілінен бал тамған  балапандармен  жұмыс жасаған  көңіліме тыныштық пен жайлылықты сыйларын  әрігіректен-ақ байқайтынмын.Сол үшін  болар «Аяла» балабақшасының  білікті әрі білімді  маманы атанып  жүргенім. Қандай мамандық иесі болмасын  жаны сүйіп,яки қалап жасаса үлкен жетістікке  жетеріне мен кәміл сенемін.Балалармен жұмыс жасап ,олардың психалоиясының қыр-сырын жіті бақылап  әр балаға жеке уақытымды арнап олардың бойында жатқан  тылсым күштерін оятқым келеді.Жаңа нәрселерді үйретіп,ізгілікке жетелегім келеді.Өз жұмысымды  адал әрі кәсіби түрде жоғары дәрежеде атқару-менің басыбайлы  міндетім!Әр адам артында өшпес  із қалдыруы тиіс. Мейлі ол қандай  сала болмасын оған өзінің ортасы,ұжымы да көп септігін  тигізіп  жататыны мәлім. «Аяла» балабақшасының ұжымымен  жұмыс жасау маған оң нәтижесін  берді десем  қателеспегенім  деп санаймын. Сол ұжымның  арқасында, балдырған балалардың  арқасында  мен өзіме  тәжірибе  жинақтап ,білімімді  толықтырып ,жетілдіріп сол жандардың  арқасында  өзіме үлкен сенім  артып отырамын.Сол сенімнің  үлкен белестерге  жетелеуі  балабақшаның  асқақ абыройы үшін.
Ізгі тілек ниетпен ,
Жылы сөзін аямай
Қарсы алып біздерді
Құшағына аялай
Тәрбие беріп  ақ адал,
Білімімен суарған
Рахмет осы еңбекке
Лесбекқызы  Ақмарал деп .
Ұжымымның  әр-дайым  маған үміт артып,сенім білдіруі  мені қуантады.Бұл сенім мені үкілі үміт  мені биіктерге  жетелері анық. «Мен тірі тұрсам,халқыма қызмет қылмай қоймаймын» деп жатады  Алашмның  арыстары . Бұл сөзді әр қазақ  борышына айналдырса , Қазақстанымыз бәсекеге қабілетті , бүкіл әлем  мойындатар  елге  айналарына  мен үлкен сеніммен қараймын және сол тұрғыда  аянбай  қызмет  етемін. Өмірдің дара жолдарында жолыққанша!

 

 

Жұматаева Ақмара Лесбекқызы,
Нұр-Сұлтан қаласы,
«Аяла» балабақшасының тәрбиешісі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.