Home » Жаңалықтар » КІШКЕНТАЙ СУРЕТШІ

КІШКЕНТАЙ СУРЕТШІ

ПАВЛОДАР жаңалықтары
КІШКЕНТАЙ СУРЕТШІ

Шығармашылық әлеуетті ашу, дарынды балаларды қолдау мақсатында Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінің ұстаздары олардың әртүрлі деңгейдегі байқауларға қатысуына барынша ықпал етуде. Биыл көркемсурет мектебінің 27 тәрбиеленушісінің жұмыстары Болгарияның Нова Загора қаласында өтіп жатқан «Нова Загора — 2020» бейнелеу шығармашылығының халықаралық жастар көрмесіне ұсынылды.
            Байқау қорытындысы бойынша қыркүйек айында мектептің екі оқушысы жеңімпаз атанды: 7 жастағы Полина Ващенко «Әтеш және балапандар», 6 жастағы Валерия Булавчик «Қар достарым» суретімен. «Қазіргі уақытта жаңа көркем материалдар мен техникаларды кішкентай суретшілер үлкен құлшыныспен пайдаланып жатыр. Кішкентай шығармашылық иелері әр жолы әсерлі де, ғажайып дүниелерімен қуантып келеді. Жеңімпаздар бұл жолы Дипломдармен марапатталды.
-Біздің қатысушылардың жұмыстарындағы шынайылық және сурет салу шеберлігі көрменің қазылар алқасын қатты қызықтырды, — дейді мектеп мұғалімі Лариса Кузнецова — Полина мектебімізде бес жасынан бастап білім алуда, оның халықаралық байқауларға  алғаш рет қатысуы. Гуашь пен орындаған суретінде  ол ауылдағы әжесінің құс ауласын бейнелеген. Осы кезеңде ол көп нәрсені үйренді, басқа жарыстарға да үнемі қатысып отырады.
БОЯУЛАР ҚҰПИЯСЫ
          Республикалық «Бояулар құпиясы» қашықтық байқауының облыстық кезеңінде қатысушылар көрме және байқау бағыттарында өз өнерлерін көрсетті. Сайысқа Павлодар облысының жалпы білім беру, көркемөнер және өнер мектептерінен 47 бала қатысты.
       Байқаудың мақсаты: балаларды жалпы шығармашылық процесте біріктіре отырып, әртүрлі бейнелеу техникаларына деген қызығушылықтарын дамыту болды.
Байқау бағытында «Сүйікті кітап иллюстрациясы» аталымы бойынша келесі орындар анықталды: І орынды Павлодар қаласы БКМ-ның оқушысы Настя Пичахчи акварель бояулары және гельді ручкамен графика техникасында «Абай Құнанбаевтың «Жаз» өлеңіне Иллюстрация » салғаны үшін жеңіп алды.
Ал, «Коллаж» аталымында І орынды қағаз және картонды қолдана отырып аралас техникасында орындап, “Баянауыл” табиғатын бейнелегені үшін БКМ оқушысы Абылайхан Абылкасимов иеленді.
«Бояулар құпиясы» аталымында ІІІ орынға Павлодар қаласының көркемөнер және өнер мектебінен тағы бір өнерлі оқушы Альфия Шаймуратова «Баянауыл пейзажы» атты суреті үшін ие болды.
ЖАС ШЕБЕРЛЕР ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
Жақында ҚР БҒМ қосымша білім беру республикалық оқу-әдістемелік орталығының техникалық шығармашылық және өнертапқыштық республикалық жарысында Павлодар облысының командасы құрамында Павлодар қаласының білім беру бөлімінің балалар техникалық мектебінің он бір тәрбиеленушісі көлік және кеме үлгілеуден ІІІ жүлделі орынға ие болды.
Техникалық әуе үлгілеуде «Кордованың жартылай көшірмесінде» I орын және «F2В» бойынша III орынды № 9 ЖОМ 9 сынып оқушысы Троян Леонид иеленсе, «F-4-B» кеме үлгілеу бойынша III орынға № 17 ЖОМ 5 сынып оқушысы Кайстра Михаил жеңіп алды.
Троян Леонид, 9 сынып оқушысы:

  • Мен әуе үлгілеумен алтыншы жыл айналысамын. Осы кезеңде көптеген

жыл сайын өткізілетін жарыстар мен спорттық-техникалық көрмелерде жеңімпаз атандым. 2018, 2019 жылдары Алматы қаласында өткен Қазақстан Республикасының ашық чемпионатында әуе және ракето үлгілеу спорты бойынша «F4B» моделі бойынша I орын, «F2A» моделі бойынша ІІІ орынға ие болдым. Мен «Гладиатор» ұшағының модель-көшірмесін облыстық байқауда, республикалық «Ұлы өнер табыстарға алғашқы қадам» байқауында «Кордовая полукопия» әуе үлгілеу жұмысын ұсындым. Маған әуе үлгілеумен айналысу өте ұнайды, ал болашақта менің әуестігім мамандық таңдауға әсер етуі мүмкін»,- дейді.
Леонидтың ұстазы — «Әуе үлгілеу» үйірмесінің жетекшісі техникалық мектептің педагогы, авиа үлгілеу спорты бойынша Қазақстан Республикасының спорт шебері, әуе үлгілеу спорты бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық төрешісі Соц Сергей Федорович.
Кайстра Михаил кеме үлгілеу үйірмесімен төрт жыл айналысады, қалалық және облыстық жарыстардың тұрақты қатысушысы. Облыстық жалпы білім беру мектептерінің оқушылары арасында «Сторожевой катер» атты ұсынылған моделі үшін қарапайым түрлер әуе, кеме, көлік үлгілеу бойынша облыстық жарыстарда I орынның иегері (2019 жыл). Бала кезінен техникалық шығармашылықпен айналысады және болашақта техникалық бағытқа байланысты мамандық таңдауды жоспарлайды. Ол қатысатын «Кеме үлгілеу» үйірмесінің жетекшісі техникалық мектептің педагогы, кеме жасау спорты бойынша Қазақстанның тұрақты төрешісі Руслан Борисович Ильясов.
Жарыстардың тікелей эфирі интернет платформасында http://webinar.ziyatker.org және әлеуметтік желілерде көрсетілді.

Айгүл МОЛДАШ,
«БІЛІМ АЙНАСЫ» газеті
Павлодар.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.