Home » Поэзия » Бейнең тұрар көз алдымда елестеген

Бейнең тұрар көз алдымда елестеген

Ақ көбігін бүркейді қалай-қалай?
Ақ бұлағы тастарды жалай-жалай.
Ақ жауынша себелеген биік шыңның,
Ақтарылам, суларына қарай-қарай.

Сарқырама!
Мазамды алма…
Жай сарқыра!
Көздерімді байламай жай жарқыра,
Мен өзіңе тыныштыққа келіп тұрмын,
Ғажайыпты сыртыңнан байқай тұра.

Абыр-сабыр, дабыр-дүбір неге жаның?
Мен білмеймін, не болғанын…
Ненің барын?
Сарқыраған сабырлы дыбысыңнан,
Сырын шерттің,
Айта ғой, кімнің зарын?!

Көзім ойдан еріксіз жұмылғаны…
Ақ тамшылар тастан тасқа жығылады.
Шағылғанда ақ сәулеге шың жаңбыры,
Көрінеді кемпірқосақ шұғылалы!

 

Авторы: Тұрарбек Мерей Қайратбекұлы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.