Home » Жаңалықтар » Еліміздегі ерекше балабақша

Еліміздегі ерекше балабақша

Алматы қаласы, Медеу ауданы, №125 бөбекжай-балабақшасында мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарына арналған «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарындағы жобалық қызмет» республикалық ғылыми-әдістемелік конференциясы болды. Аталмыш шара мектепке дейінгі балалардың ата-аналарымен ынтымақтастық арқылы әлеуметтік дағдыларын дамыту тақырыбын қамтыды. Конференция балабақша Меңгеруші Ималова Роза Майданқызының алғысөзімен ашылып, қатысушыларға арналған «Тілек шырағы» тренингі және «Кетті-кетті домбыра» қимылды ойыны ұйымдастырылды. Бұдан кейін қатысушылар топ-топқа бөлініп, орталықтардың жұмысымен танысты. Ата-аналардың тікелей қатысуымен жоғары деңгейде ұйымдастырылған Әкелер, Аналар және Әжелер мектебі, Ұшқыр ой орталығы, Ертегілер әлемі, Шебер қолдар мекені орталықтарындағы жұмыстар қатысушыларды тәнті етті. Жиын қортындысы бойынша бас қосқан қонақтар және ата-аналар конференцияның өте сәтті ұымдастырылғанын және дәл осы балабақшада қолға алынған дүниелердің басқа мектепке дейінгі ұйымдарда кездеспейтіндігін тілге тиек етті.

БІЛІМ АЙНАСЫ
Алматы қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.