Home » Жаңалықтар » ЕЛОРДАЛЫҚ ЗИЯТКЕРЛЕР «МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ ОҚУЛАРЫ» ІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АТАНДЫ

ЕЛОРДАЛЫҚ ЗИЯТКЕРЛЕР «МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ ОҚУЛАРЫ» ІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АТАНДЫ

Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектептің оқушылары
«Халықаралық экология, инженерия және педагогика ғылымдар академиясы»
Халықаралық қоғамдық қоры ұйымдастырған «Мұқағали Мақатаев»
ІІ Республикалық байқауына қатысып, І дәрежелі жеңімпаздары атанды»,
— деп хабарлайды осы білім ордасының баспасөз хатшысы Сандуғаш Кожина.

Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын насихаттауға арналған республикалық байқаудың басты мақсаты – мектеп және колледж оқушыларының қабілеттерін, эстетикалық талғамдарын, тума талант, табиғи дарындарын анықтау болып табылады.

Мүшәйрада Халықаралық мектептің оқушылары жас ерекшеліктеріне сәйкес 2 категория (8-14 жас) бойынша бақ сынады. 7 «А» қазақ сыныбының 2 оқушысы және 7 «С» орыс сыныбының 10 оқушысы ақынның «Отан», «Есіңе мені алғайсың», «Арулар», ««Ғашықпын»», «Қазақ жері»,  «Үш бақытым», «Бақыт деген», «Анашым», «Болады деп арманда» атты атты өлеңдерін  жатқа оқып қана қоймай, мәніне сай мәнерлеп, әуезі мен нақышына келтіріп жеткізе білді.

Байқау нәтижелеріне сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласындағы Халықаралық мектептің оқушылары Ахметжанова Мерей, Джакупова Мадина, Ансар Абдрашит, Маулет Сеитов, Ву Су Ён, Ву Тэ Сон, Руфина Смаильбекова, Айдан Шаматов, Жанар Тойганбаева, Амина Ноғай, Али Жакенов, Наздана Жұмат І дәрежелі дипломмен марапатталды.

Әдебиет саласының өкілдерінен құралған әділ-қазылар алқасы оқушылардың өнері мен қабілеттерін бағалап, жүлделі І орынға лайық деп тапты.

— Байқауда жеңіске жетуді мақсат тұтқан жоқпыз. Өз үлесімізді қосып, ақын шығармашылығымен жақынырақ танысқымыз келді. Байқаудың нәтижелерін көріп, қатты қуандық. Жетекшілеріміз Индира Ахметова мен Еңлік Ғазизге алғысымызды білдіреміз дейді», — жеңімпаз оқушылар.

Оқушыларды жеңістерімен Халықаралық мектеп директоры Ғалия Сыздықова құттықтады. Мектеп басшысы оқушылардың білім айдынында алар асулары мен бағындырар белестері көп болсын деп тілек білдірді. Сонымен қатар, оқушылардың жетістіктері ұстаздардың ерең еңбегі екендігін де атап өтті.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.