Home » Жаңалықтар » Білімнің салтанат құруы

Білімнің салтанат құруы

                  Кисыкова Гулбакыт       

      Рухани жаңғыру және  білім беру ісі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты халқымыз үшін стратегиялық мәні зор бағдарламалық еңбегінде бірқатар маңызды міндеттерге, Қазақ елінің болашағын кемелдендіруге қатысты өзекті мәселелерге баса назар аударылғаны мәлім.Осынау бағдарламалық құжаттағы тарамдалып жіктелген өзекті міндеттердің қай-қайсы да еліміз үшін аса  маңызды екені айтпаса да белгілі. Алайда ғылым-білім саласының өкілі болғандықтан бізге ең алдымен осы мақаладағы білім мәселесіне арналған «Білімнің салтанат құруы» атты арнайы бөлімінің орны ерекше деп  ойлаймыз. Өйткені мұнда Елбасы әр жылғы халыққа арнаған Жолдаулары мен басқа да еңбектерінде, сөйлеген сөздерінде айтылған ордалы ойларын  жаңа  қырынан  дамытып, ел руханиятына  байланысты  тың  ұсыныс-пікірлерін  ортаға  салады. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани  жаңғыру» атты  мағынасы  терең  еңбегіндегі  туған жер, патриотизм, өз елінің мәдениеті мен салт-дәстүріне  елжандылықпен атсалысу, Қазастанның  қасиетті  рухани  құндылықтары немесе  «Қазақстанның  киелі  жерлерінің  географиясы» жобасын іске  асыру жұмыстарын  білім  беру  ісі мен ғылым  саласы өкілдерінің  қызметінсіз  көзге  елестету  мүмкін  емес. Аталған  игілікті  шараларды  орындау  жұмысы білім беру саласының  қызметкерлеріне, жергілікті  жерлердегі  билік  өкілдеріне үлкен  міндеттер жүктеп отыр. Мұнда ол басты мақсатымыз – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу үшін санамыз ісімізден озып жүруі, яғни ой-сана күнделікті өмір талабына сай рухани тұрғыда жаңғырып отыруы қажет екенін ескеру екенін есте сақтайық!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.