Home » Мақалалар » Бастауыш сыныпта  білім беру тәжірибемнен

Бастауыш сыныпта  білім беру тәжірибемнен

Тулеуова Анаргуль Кожыбаковна
Атырау облысы  Қызылқоға ауданы
Қаракөл орта мектебі КММ
бастауыш сынып мұғалімі

Ұстаз – жас ұрпақты, жалпы адамды ізгілікке баулып, жақсылыққа тәрбиелейтін, білім беретін оқытушы.  Қазіргі қоғамда оқу тәрбие жұмысын жүргізуші маман педагог ұстаз. «Ұстаз тәрбиелеуші» деген ұғымды  білдіреді. Ол азаматты ғылымды сүюге,  танымға құштарлыққа үндейді.

Қазақстан Республикасының білім берудегі басты мақсаты-дамыған, білімді,өмір сүруге бейім, өзіндік ой толғамы бар, адамгершілігі жоғары,бәсекеге қабілетті  жеке тұлға тәрбиелеу. Қазіргі уақытта Қазақстанда әлемдік, халықаралық білімдік кеңістігіне шығуға бағытталған жаңа білім беру беру жүйесі қалыптасып отыр. Бұл педагогты көп нәрсеге міндеттейді. Ол уақытпен бірге жүру керек, қоғамның әлеуметтік тапсырысын қанағаттандыру керек. Ал қоғамға өзіндік ой-өрісі дамыған, шығармашылығы мол тұлға қажет. Мұғалім оқушы не үшін оқу керек екенін, өзінің білімін іс жүзінде пайдалана білетіндей қылып, өз жұмысын құру керек. «Мұғалім – мәңгі нұрдың қызметшісі. Ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі. Оларға тамаша қызмет тапсырылған, күн астында одан жоғары ешнәрсе болмақ емес» — деген екен Я.Коменский. Шындығында ұстаз деген бойындағы күш-қайратын ұрпақ тәрбиесіне жұмсап, сол жолда еңбек етіп талмай ізденетін ұлағатты жандар деп білемін. Сондықтан мұғалім ретінде өз тәжірибеме үнемі сыни көзбен қарайтынмын. Осы ретте бағдарлама негізінде қамтылған модульдер менің педагогикалық көзқарасыма әсер етті.

Өз мақсатым мен міндеттерімді жүзеге асыру —

Мен ұстаздық жолымды 1992 жылы  Қаракөл орта мектебінде бастауыш сынып  пәнінің мұғалімі болып  ұстаздық етіп келемін.     Әр күні өзгеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалып қоймай,  уақыт талабына сай ертеңгі болашақ,  жас ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға зор жауапкершілікті жүктелетінін біліп қана қоймай, үздіксіз ізденуді, өз білімімді  үнемі жетілдіріп отыруды талап еттім. Өйткені еліміздің ертеңі — жас ұрпақтың қолында.

«Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» деп орынды айтқан педагог К.Д.Ушинский. Сол себепті «білгенімнен білмегенім көп» дей отыра, білім саласындағы қандай да болса жаңалықтарды назардан тыс қалдырмай, үнемі ізденіс танытып, білімімді шыңдап келемін.  Ұзақ мерзімді курстарға барып, жаңалықтардан хабардар болып, өз мектебімде бөлісіп, жиі тәжірибе алмасудамын. 2017 жылдың сәуір айында «Өрлеу» БАҰО АҚ  «Қазақстан Республикасы орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында оқу қазақ  тілінде жүретін мектептердегі «Бастауыш пәндері»бойынша» 120 сағаттық айлық курсты, 2022 жылы Сәуір айында «Бастауыш мектеп пәндерінің күрделі тақырыптарын меңгеру»  атты Атырау облысы бойынша «Өрлеу» біліктілікті арттыру курсын тамамдап, заман талабына сай білімімді жан- жақты толықтырып,  әр сабағыма жаңа әдіс-тәсілдерді енгізе отырып, оқушы жүрегіне жол тауып келемін.

Бүгінгі жас ұрпақты оқытып қана қою аз, оны жан-жақты дамыту, жаңаша оқыту, тәрбиелеу қажет. Сондықтан да қазіргі білім беру саласындағы өзгерістерді дұрыс қабылдап, оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, бүгінгі заман талабына сай ұстаз болу мүмкін емес.     Мұғалімдердің ортақ мақсаты – жеке тұлғаны қалыптастыру болса, оқушы бойынан табылатын жақсы қасиеттердің бәрі мұғалімнің  де бойында болуы керек. Мұғалім өз білімін үнемі толықтырып отыруына, оқыту мен тәрбиелеудегі заманауи әдіс-тәсілдермен, ақпараттық құралдарды қолдану тәсілдерін меңгерген шығармашылықпен жұмыс жасауды мақсат ете білуі керек. Оқушыға сабақ кезінде «Суретті мәтін» тапсырмасы арқылы мәтіндегі суреттерді сөзбен оқуға үйретіп тілін дамытамын. Оқушылар суреттер болғандықтан қызыға оқиды. Жадыны дамытатын  топтық ойындарды үнемі қолданамын.  Ойын кезінде бала түсті таниды,сөзді тез оқып  біледі. Ойын баланы шапшаңдыққа баулиды.

Жоғарыда аталған курстардың да мен үшін ықпалы зор болды. Әр түйген жаңалықтарымды іске асыру нәтижесінде баланың шығармашылығын шыңдап, пәніме қызықтырып, оқушылардың танымдық әрекетін арттыруды, әр оқушының бойындағы жеке қасиеттерін дамытуды көздеймін. Әрбір өткізген сабақтарымда оқушылар өздігінен ізденіп, тығыз қарым-қатынаста, өзара бірін-бірі толықтыра отырып білім алады. Қазіргі таңда мұғалім бағыт-бағдар беруші. Берілген тапсырмаларды өздігінен игеріп, бір-бірін бағалай отыра, ойларын еркін айта отыра бір-біріне деген сенімі арта түседі. Ал өзім оқушылардың білім деңгейін түрлі әдістер арқылы саралап, сараптап отырамын. Мысалы: Миды дамыту жаттығулары- оң қол сол қолмен қаттар сурет салу , екі қолмен бірге бағыт сызықтарымен жүргізу. Тапсырмаларды оқушылар қызығып жарыса отырып орындайды. Бұл ойын балалардың екі жақ миын бірдей дамытуға септігін тигізеді. Картинамен мнемотехника жаттығулары арқылы оқушылардың тіл байлығын дамыту мақсатында суреттерге қарай отырып мәтін құрайды. Оқушыларды шығармашылыққа баулу  мақсатында суреттер бойынша өлең жолдарын құрастырады. Мысалы

Мен жерімді сүйемін,
Жеріме дән себемін.
Ауа таза болсын деп,
Жылда ағаш егемін.

Осы әр сөзге  суреттер  салып   көрсетеді.

Бағытты білім беруде жаңа технологиялардың жеке тұлғаның дамуына әсері мол. Қазақ тілі және әдебиетттік оқу  пәндерін оқытуда жаңа технологиялардың элементтерін қолдана отырып, сыни тұрғысынан ойлау, деңгейлеп оқыту технологияларына ерекше көңіл бөлемін. .Өйткені, бұл технологиялар баланың жеке мүмкіндігіне бағытталған. Сонымен қатар оқушыларды кітап оқуға баулимын сыныпта кітапханшымен бірлесе отырып оқушылардың оқыған кітаптарынан кітап оқу конференциясын өткіземін. Оқушылар кішкене шағын ертегілерден өздерінің түсінгендерін айтып береді.

Оқушыларды ойлауға үйретуде, тілдерін дамытуда INSERT, екі түрлі түсінік күнделігі, еркін жазу, дөңгелек үстел,үш қадамдық сұхбат, бес жолды өлең, эссе, түртіп алу сияқты стратегиялардың тиімді де ұтымды жақтары көп. Осы аталған стратегиялардың бірнешеуі әр сабағымда қолданыс табады.

Жұмыс жүйемнің негізі: ата — аналармен жұмыс, сыныптан тыс жұмыс, әдістемелік жұмыс, шығармашылық жұмыс, оқушымен жеке жұмыс, қоғамдық жұмыс.

Іс-тәжірибемде бірнеше әдіс — тәсілдерді қолданамын. Атап айтқанда венн диаграммасы, түртіп алу, суретті сызбалар, дидактикалық ойындар т.б. сол әдістерді қолдана отырып, нәтижеге жету үшін оқушылардың білімі мен деңгейіне байланысты тапсырмалар құрастыру қажет. Мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру үшін ойлай білетін, өз ойын қазақ тілінде жеткізе алатын, сауатты, еліне еңбек ете білетін, қабілетті жастар керек. Оқушының ойлау және сөйлеу тілін дамыту мақсатында деңгейлік тапсырмалар беру ұсынылады. Сол арқылы оқушының деңгейі анықталып, білімін тереңдетіп, белсенділігін күшейтеді. Деңгейлік тапсырмаларды дайындап, оқушылармен жұмыс жүргізудегі негізгі мақсат: баланың қабілетін ашу, шығармашылығын шыңдау, іздендіру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушының қабілеті, арқылы, біліктілігі, сөздік қоры жетіледі. Әр деңгейлік тапсырманы орындаған сайын оқушы жақсы орындауға талпынады. Мұғалім де, оқушы да шығармашылықпен жұмыс жасайды, сондықтан да оқушыларды өз бетімен жұмыс істеп, білімін тереңдетуі үшін оларды іздендіру керек.

Бірінші деңгейлік тапсырма оқушының есінде қалуға ыңғайлы, өмірмен байланысты болуы керек.

Екінші деңгейлік тапсырма түрленіп, күрделене түседі. Мазмұны өткен тақырыпқа байланысты түрленген, ойлауды қажет ететін, оқушы өз бетімен жұмыс жасауға лайықты тапсырмалар.

Үшінші деңгейдегі тапсырмалар орындау арқылы оқушы өзі тұжырым жасайды. Мұғалім нұсқаушы, бағыт беруші, кеңесуші ретінде болады. Берілген мәтіндерге сұрақ ойлап жазады. Өзіне керек материалдарды іздеп, тауып оқиды.

Кез-келген сабақта ыңғайлы түртіп алу әдісін үнемі қолданамын. Осының нәтижесінде оқушылардың ізденісі мен шығармашылығы дамып отырады. Баланың логикасын, ойынын ұшқырлау мақсатында сканвордтар мен суретті кросвордтар, суретті тапсырмалар дайындалып, сабақта қолданамын. Әсіресе бастауыш сыныпта дидактикалық ойындардың маңызы өте зор. Оларды да сабақ барысында қолдану басты мақсаттарымның бірі.

Мұғалім ретіндегі ізгі мұратым – тек білім беріп қана қоймай, әр баланың «менін» ашу, сол «менді» шығармашылық тұлғаға жетелеу. Шығармашылық дегеніміздің өзі ізденімпаздықтан туады. Баланың өзіне деген сенімін туғызу, өзінен шығармашылық қасиет іздете білу, шығармашылыққа баулу, қалыптастыру процесі ұзақ та маңызды үдеріс. Кез-келген оқушы мұғалімнің басшылығымен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады.Оқушылардың белсенділігі мен танымдық іс-әрекеттері арқылы шығармашылығын дамыту, қажетті жағдайда айрықша шешім қабылдай алатын жеке тұлғаны дайындау, осыған орай оқытуды ізгілендіру әр ұстаздың алдында тұрған үлкен міндет екені белгілі. Әсіресе оқушыларды шығармашылық жұмыстармен айналысуына көбірек назар аударамын. Оқушыларымды ғылыми жұмыстар жазуға да баулимын. Ісіміз нәтижесіз де емес. Аудандық «Зерде» ғылыми жоба байқауынан Арыстанбекқызы Мадина ІІІ орын, Облыстық «Зерде» ғылыми жоба байқауынан  Грамотамен марапатталды.2015 жыл. Оқушылардың өз ойларынан жазған өлеңдері ,шағын шығармалары Қызылқоға аудандық газеттерінде,Республикалық «Айгөлек»журналында  жарияланды. Мектепішілік бірнеше сайыстарға да қатынасады.

Педагогикалық жолда тек осы істермен шектелмей, интернет жүйесінде де өз тәжірибеммен алмасып, өзге әріптестеріммен қарым қатынас жасаймын. Өзім барлық сайттармен жұмыс жасаймын. Интернет желісіне сабақтарымды, баяндамаларымды салып, өзге де әріптестеріммен бөлісемін. Бірнеше сертификаттарым да бар.

Баланың өмірлік тәжірибесі қоршаған ортасына, жанұясына және мұғалімдеріне байланысты. Қабілеттер тек іс — әрекетте анықталады. Оқушыларға жеке пәннен білім беріп қана қою жеткіліксіз, оларды сабақ үстінде де, сыныптан тыс жұмыстарда да ғылымилыққа, өз беттерінше ізденуге, белгілі бір бағытқа, заман талабына сай бәсекелестікке қарсы тұра білуге баулу ды өзімнің маңызды міндетім деп ойлаймын.

«Оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып, оқушылардың шығармашылығын арттыру» мәселесі бойынша жұмыс атқарудамын. Сабақ өткізу кезінде оқушылардың ой-өрісін дамытып, логикалық ойлау қабілеттерін, өз көзқарасын қалыптастыруға айрықша көңіл бөлдім. Мен өзінің теориялық білімімді, әдістемелік қабілетімді арттырып отырамын. Сабақта тіл байлығын дамыту үшін- ақпараттық — коммуникациялық технологиялардың элементтерін, интерактивті оқыту, деңгейлеп оқыту, проблемалық оқыту технологиясын қолданамын. Әр түрлі технологияларды қолдану нәтижесінде оқушылардың білім сапасын арттыра білдім..

«Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» демекші, менің оқушыларым аудандық конкурстың және пәндік олимпиадалардың қатысушылары болып табылады.

Өз жұмыс тәжірибеммен мектептегі әріптестеріммен бөлісіп отырамын, мектеп ішінде «Үш таңбалы  санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту» тақырыбындағы сабағым https:bilimainasy.kz|10-10-07| сайтында жарияланды. Аудан  көлемінде Аудандық әдістемелік орталығы «Білім беру жүйесінде инновациялық технологияны тиімді пайдалану» тақырыбындағы семинарда 3.04.2018 жыл «Б дыбысы мен әрпі»  тақырыбында сабақ өткіздім  Жаңашаруа орта мектебінде шығармашылық белсенділігі үшін  Алғыс хатпен марапатталдым.

 «Аудандық тәжірибе алмасу мақсатында өткен семинарда   Тасшағыл орта мектебінде 2019 жылдың 16 қазанында «Ц дыбысы»  тақырыбында сабақ өткіздім» ашық сабақтар, әртүрлі сайттарға жарияланды. Республикалық Бастауыш сыныпта оқыту журналында жарияланды.

Жұмыс түрлері:

Топтық, жекелей, жалпы сыныптық оқыту, тест, деңгейлік тапсырмалар, шығармашылық жұмыс, графикалық диктант, сызбалармен, кестелермен жұмыс, зерттеу жұмыстары, сайыс кештер, коллаж жасау, постер құру одан басқа да әдіс-тәсілдерді қолданып, қазіргі өмірмен байланыстыра оқыту.

Дидактикалық материалдар:

Қазақ тілі мен әдебиеттік оқу  сабақтарында оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатын жүзеге асыру үшін сабағымда: тірексызбалар, кестелер, суреттер, бүктемелер, постер,  интернет материалдары, слайдтар, аудио-видео материалдары, электронды оқулықтар, т.б. қолданамын және  кері байланыс жасап, бірін-бірі және  өз-өздерін бағалай алуын үйретемін.

Қорыта айтқанда, мазмұны өте күрделі шығармалардың мәнін жете түсінуде, еске сақтауда сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары оқушыларға көп көмегін тигізеді.

Кәсіби шеберлікке ие болу үшін әр педагог оқу қызметіне жүйелі дайындалып, өз әріптестерінің озық тәжірибесін үйреніп,ең тиімді нәтижелі жақтарын  бойына сіңіре алуы және түрлі әдіс –тәсілдермен  жұмыс жүргізе білуі керек.

Жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде атқарылар жұмыс ауқымы өте көп, ал алда тұрған міндеттер оданда көп. Сол жолда еселі еңбегімді одан әрі жалғастыра беретініме сенімім мол. Мұғалім ретіндегі жас жеткіншектің жан-жақты дамуына, оның бойында жасырын жатқан шығармашылық қабілетті ашу және белсенді әрекетке жетелеу жолындағы жұмысыммен қоса, өз мектебімнің тиімді дамуына әсер ететін белсенді көшбасшылықты да абыроймен алып жүрсем деген ұстаныммен еңбек ете бермекпін.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.