Сагындыкова Мейрамкуль Кыдырбековна,
Қонаев қаласы, «Заречный ауылы
№12 орта мектеп мектепке дейінгі шағын
орталығымен МКМ» ересек «Айгөлек» тобының тәрбиешісі
Мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру. Балаларды елін, жерін, Отанын сүюге, ұлттық-салт дәстүрін дәріптеуге тәрбиелеу.
Балаларға имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
Бала бойында ізгілік, биязылық сияқты қазақ қыздарына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыру.
Наурызды 22-де күн мен түннің теңелетіндігін, одан кейінгі күндері күн ұзарып, түннің қысқаратындығын айтып түсіндіру.
Тәрбиеші: Армысыздар, құрметті ата-аналар, қонақтар! Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Жер шарын мекендеген ұлттар мен елдердің түрлі мерекесі бар. Наурыз барлық мұсылман халқы тойлайтын мереке. Наурыз -қазақ халқының ұлттық мейрамы. Бұл күн мен түн теңелетін күн. Халқымыз Наурызды «Жыл басы», «Ұлыстың ұлы күні» деп атайды.
Ұлыстың ұлы күнін, төл мерекемізді, қазақтың ұлттық биімен ашқалы отырмыз.
Би:Текемет (қыздардың орындауында)
Тәрбиеші: Уа халайық,халайық,
Мұнда назар салайық.
Бүгін сізге арналған
«Балабақша аруы» сайысын бастайық.
Ортамызға тобымыздың аруын қыздарын сәлем беруге ортамызға шақырамыз.
1.Көз жанары өткір, бет әлпеті бал-бұл жанған, алғыр да әнші қызымыз-
Бақытжан Аңсаған Еркебұланқызын шақырамыз.
2.Сөзі салмақты, ісі тиянақты, жинақы қыз- Құрбанбек Аида Қуанышқызы.
3.Тақпақ айтып тақылдайды, тобымыздың сүйкімді де пысық қызы-Хамит Амина Серікқызы
4.Тақпақ айтып тақылдайды, топтың сабырлы да ұяң қызы- Бахыт Айым Сатжанқызы
5.Баппен сөйлеп, биязы күліп, жүзі жылы, нәзік қыз-Салқынбек Медина Ерланбекқызы
Сайысымызды бастамас бұрын Батырлан атты ұлымыздан аталы бата алайық. Ешқашан артық болмайды, ұлымыздан бата алған.
Батырлан: А, құдайым оңдасын,
Оң жолына бастасын,
Бастарыңа бақ сыйлап,
Қыдыр бабаң қолдасын.
Бүгінгі мына сайыста
Тұғырдан таймас қыран бол,
Халқың сүйер аққу бол! Әумин!
Ішке ертегілер елінен «Жел аяқ » келеді.
Жел аяқ: Сәлеметсіңдер ма? Балалар.Сендердің апайларыңнан алдын ала шақырту алып, Наурыз мерекесіне арнайы ертегілер елінен келдім.Наурыз мерекесі құтты болсын.Ақ мол болсын.Ырысты,тоқшылық жыл болсын.Жейтін нанымыз көп болып,заманымыз тыныш болсын.Сендер мені танисыңдар ма? Желаяқ деген мен боламын.Сендер ойын ойнағанды жақсы көресіңдер ма? Мен жел аяқ болғандықтан жүгіргенді жақсы көрем.
Келіңдер менімен жарысыңдар, Кім жүйрік екен көрейік.
Ойын: «Желаяқпен» «Кім жүйрік» «Қол күрестіру»
Жел аяқ: Ал балалар ойын ұнады ма сендерге, олай болса мен қайтайын. Басқа да баратын жерлерім абар еді. Сау болыңдар.
Қоштасып шығып кетеді.
Келесі байқауы «Өнерлі өрге жүзер» Қыздарымыз мың бұралған биімен, тамылжыған әнімен өз өнерлерін көрсету сайысына түседі.
Қыздардың өнері.
Ән: «Наурыз көктем»
Тәрбиеші:Келесі кезекті қыздарымыздың аналарымен бірге үйден дайындап келген ұлттық тағам тағамдарын таныстыруға ортамызға шақырамыз.
Тағамдарды таныстыру.
Қолында домбырасы бар Алдар көсе келеді. Балалармен амандасады.
Амансыңдар ма? Мұнда не болып жатыр ?өзі Түк түсінбей тұрмын.
Тәрбиеші: Амансыз ба? Алдар көсе. Мен сізді танып тұрмын. Ал балалар таниды ма екен?
Алдар көсе: Апайларың танып тұр мені, сендер танымадыңдар ғой деймін.
Ерте заманда талай байды алдап,кедей-кепшікке қорған болған Алдар деген мен болам. Мен бүгін мына екі атты байдан жабағы тайға айырбастап алдап алып келдім. Балабақшаның ұл-қыздары «Наурыз мерекесінде» қазақтың ұлттық ойыны «Қыз қуу» ойнасын деп. Ал мына дорбамда байдың немересіне жинаған асықтары бар екен, оны да алдап алып кеттім, сендер « асық ату» ойынын ойнасын деген ниетпен.
Ал кеттік ойын ойнайық.
Алдар көсенің ойыны: «Қыз қуу» «Асық ату»
Алдар: Ал сау болыңдар, балалар. Мен қайтайын. Басқада балабақшалардан шақырту алып едім. Наурыз құтты болсын, Сау болыңдар.
Алдар қоштасып шығып кетеді.
Би.ұлдардың. «Қамшы»
Тәрбиеші: Бүгінгі мерекеде ән де,би де,ойын да болып,қызықты болып жатыр. Қыздарымыздың соңғы сайысы «Сән үлгісін» көрсетуге ортамызға қыздарды шақырамыз.
«Сән үлгісі» (музыка)
Ән: «Қыздар-ай» Абишев Асылханның орындауында.
Тәрбиеші: Осымен «Балабақша аруы 2024» Наурыз мерекесіне арналған сайысымыз аяқталды. Аруларымызды марапаттау. Есігімізден кіргелі тұрған ұлу жылы құт берекесімен келсін. Молшылық, табыс, бақыт әкелсін баршамызға. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға үлкен рахмет. Сайысқа қатысып, өз өнерлерін көрсеткен қыздарымызға биіктерден көрініп, қазақтың қызы деген атқа лайық азаматша болып өсіңдер дейміз.
Мейрамгул Кыдырбекова еңбегіңіз жемісті болсын. Шығармашыл,идеясы өте жоғары ұстаз.
Керемет еңбегіңіз еленіп, әрдайым жеңістен жеңіске жете беріңіз сіздей мықты тәрбиеші тек жеңіске лайықты 🙌🙋🏼♀️✊🏻👍🏻🫰🏻🙏🫶🏻👩🏫
Мейрамгул Кыдырбековна мейірімді,білімді, оқушыларының сүйікті ұстазы.Еңбегіңіздің жемісін көріңіз
Керемет еңбегіңіз жана берсін
Керемет! Еңбегіңіз жана берсін! Білімді, өнерлі балаларыңыз көп болсын!
Балабақшада тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы. Балаға бағыт- бағдар, тәлім-тәрбие беретін отбасынан кейінгі екінші анасы. Балаларға әрқашан қамқор болып, ешқашан жұмыс істеуден шаршамайтын жандардың бірі, Мейрамгүль Кыдырбековна балабақшада ұзақ жылдардан бері қызмет жасайды. Кішкентай балапандарымыздың жан-жақты дамуына, өскелең ұрпақ тәрбиелеуде, өрелі жұмысы мен өлшеусіз еңбектері үшін алғыс білдіреміз. Еңбегіңіздің жемісін көріп, отбасыңызға бақыт тілейміз.
Мейрамкуль апай,өз ісінің білгір маманы,жаны жайсаң,жан-жақты,жаңалыққа жаны құмар ұстаз,мықты тәрбиеші.Осындай бала тәрбиесінен шаршамайтын мықты тәрбиешілеріміз көп болсын.Еңбегіңіз жана берсін,Мейрамкуль апай.
Керемет 😍😍 енбегиниздин жемисин кориниз, шакирттериниз коп болсын
Еңбегіңіз жана берсің Мейрамкуль апай
Мейрамгүл апай өте керемет сабақ өтіпсіз👍👍👍Еңбегіңіз жана берсін.Өсіп келе жатқан өскелең ұрпақтарды шыңның басына шығара беріңіз, тек биіктерден көріне беріңіз ё😘😘😘
Біздің мейірімді апайымыз, шығармашылық табыс тілейміз сізге ❤️
Мейрамгул апай білімді шәкірттеріңіз көп болсын. Шығармашылық табыс тілеймін.
Еңбегіңіз жемісін көріңіз
Мейрамкуль Кыдырбековна билимды, биликты маман. Баламен коса ата — анамен оте жаксы тил табысады. Оз исинин шебери. Шыгармашылык табыстар толеймиз. Шакирттериниз биык белестерды багындырсын.
Еңбегін жана берсін!Жақсы азаматтар тәрбиелене берсін!
Еңбегініз жана берсін
Биіктерден көріне беріңіз
Мейрамгүл Қыдырбекқызы өз ісінің мықты маманысыз, сізге еңбек жолында шығармашылық табыс тілей отырып сәттілік тілеймін! Тек алға🤝👋🌹🌹🌹
Еңбегіңіз жана берсің Мейрамкуль Апай
Сәттілік тілеймін 😘
Мейрамгүл әпке еңбекгің жаңа берсін биіктен көріне бер .
Еңбегіңіз еленіп биік белестерді бағындырып жұмысыңыздың жемісін көріңіз
aigul05042019@ gmail.com
Мейрамгуль өте тамаша, тәрбиелі шәкірттердің көп болсын
Мейрамгүл апай еңбегіңіз жана берсін! Өте инабатты, мейірімді, өз ісінің маманы деп білемін. Сізді сыйлаймыз, жақсы көреміз❤️
Керемет, еңбегің жана берсін
Мейрамгуль Кыдырбековна өте білімді де білікті тәрбиеші. Бүлдіршіндермен тез тіл табысып, ұстаздықпен қоса аналық мейірімінде аямайтын жан. Әр өткізетін сабағына бүлдіршіндер қуана қатысады. Еңбегіңізге жеміс тілеймін. Әр шәкіртіңіз болашақта үлкен мамандық иесі болсын! Шығар белесіңіз көп болсын!
Еңбегің биіктен көрінсің,сәттілік тілеймін.
Еңбегіңі жаңа берсін Мейрамгуль Қыдырбекқызы
Мейрамгүл Қыдырбекқызы жұмысыңа табыс тілеймін.. Шәкірттеріңізді рухани құндылықтармен сусындатып беріңіз!
Сәттілік, ісің оңынан болсын