Home » Мақалалар » Баланы дамытушы — ойын

Баланы дамытушы — ойын

Байташева Кенжегүл Көпжасқызы,
Астана қаласы әкімдігінің
№54 «Нұрай» балабақшасының тәрбиешісі

Баланы жан жақты тәрбиелеу, оның дүниетанымын жетілдіру, сөздік коры мен сөйлеу тілін, ой-өрісін дамытып, енбекке баулу балабақшадағы барлық топтарға бірдей ортақ басты міндеттер. Мектеп жасына дейінгі балаларды ауыз екі сойлеуге үйретіп, олардың ой-орісін кеңейтудің негізі айналадағы орта мен табиғат болып табылады. Сөйлеу қатынасы баланың білімді меңгеруіне, қажетті білік пен дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік Балалардың бұрын көрген, түйгенін, түрлі іс-әрекет дағдыларын әрі карай дамыту, бір жүйеге келтіру бақшадағы арнайы өтілетін ұйымдастырылған оқу іс- әрекеттер арқылы жүзеге асады. Ұйымдастырылған оқу іс- әрекеттер үстінде балалармен сөзбе-сөз карым-қатынас жасай баланың әр сөзді дұрыс айтуын қадағалап, түзете отырып байланыстырып сөйлеуге үйретуді сурет көрсетіп әңгімелесу, ойыншықтармен дидактикалық ойын өткізіп, шығарма, ертегі оқып беру, тыңдату және мақсатты логикалық тәсіл «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола дегендей ойынның қай түріне болмасын зер салып, ой салып  қарар болсақ одан мәнді де мағыналы істер туындайтынын байқаймыз.  Ойын үстінде бала өзін еркін ұстайды. Еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы болып саналады.
Ұрпағым, сүйген қозым, құлыншағым,
Білімнің қайнар көзін, аш бұлағын.
Білімсіз кәріп болған кәрі дүние,
Білімнің жарқыратып жақ шырағын, — деген өлең жолдарына назар аударсақ, қоғамның  тізгінін берік ұстайтын, бүгінгі коғам мүддесіне лайықты, жан-жақты жетіліп, дамыған парасатты азамат тәрбиелеп, өсіру — отбасынын, балабақшаның, елдің міндеті. Мектеп жасына дейінгі балалардың ой, білім, дағды деңгейін кеңейту, сана, таным, қабылдау, сезу әрекеттерін дамыту, білуге деген қызығушылық қасиеттерін арттырып, өздігінен еңбектенуге әуестендіру тәрбиешінің біліктілігі мен тәжірибесіне тікелей байланысты. Бала тәрбиесі отбасынан басталады десек те, көбінесе әдіс- тәсілдер арқылы берілетін тәлім-тәрбие балабақшада да жарасымды жалғасын табады.
Мектепке дейінгі білім беру стандарты «негізгі үштік» яғни ата-ана, бала, тәрбиеші арасындағы байланыс орнатуға  мүмкіндік беріп отыр, баланың өмірге деген қызығушылығы мен бейімділігіне, денсаулығы мен оның физикалық дамуына, әлеуметтік ахуалды іске асыруға, білім берудің жаңа үлгілерін қалыптастыруға жағдай туғызады және «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» білім салалары бойынша калыптастырылады.
Мектепке дейінгі мекемеде балалардың жас ерекшелігіне сай оқу іс- әрекетін әрбір педагог-тәрбиеші шығармашылық ізденіс негізінде жүзеге асырады. Мектепке дейінгі кезеңінде ойынның бала өмірінде алар маңызы ерекше, Мектепке дейінгі  тәрбиелеу мен оқытуға кешенді көзқарас қалыптастыруда түрлі қырынан дамытатын ойындар, міндеттер, ойын-сауық шараларына көп мән беріледі. Сондықтан біз балалармен өз жұмысымызды дамытушы ойындарға барлығы бірдей қоршаған айналаға кызмет ететін, оған таныс, жақын, бала санасын оятатын, оның танымдық кызметін жандандыратын дидактикалық материалдардың болуымен ерекшеленеді.
Қорыта айтқанда, ойын — баланың жан серігі. Ойын сырттай қарағанда ешқандай қиындығы жоқ, оп-оңай көрінуі мүмкін. Ал іс жүзінде бала ойынға қатысу үшін балалармен тіл табысып, өзінің ойлаған ойын іске асыру керек. Баланың рухани жетілуімен табиғи өсуі денесінің дамуы мен ой жүйесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді. Қай елдің  болмасын өсіп өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның білім беру жүйесіне, даму бағытына тікелей байланысты екені белгілі.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.