Home » Мақалалар » Аяулы Анашым!

Аяулы Анашым!

Жумаханова Гулзира Калибаевна,
Қонаев қаласы, «Заречный ауылы 
№12 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен МКМ»
Ересек «Айгөлек»  тобының тәрбиешісі

Мақсаты: Балаларға 8 — наурыз халықаралық мейрамы екенің ұғындыра отырып, аналарын ешқашан ренжітпеуге, қолғанат болуға, әрқашан құрметтей білуге тәрбиелеу. Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту және бала бойындағы жеке қабілеттермен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.

Музыкамен  ұлдар  залға кіреді. Ортаға  тұрады

 Нариман : Құрметті аналар, әжелер қыздар! Сіздерді 8 наурыз мерекесімен құттықтаймыз. Зор денсаулық,  ашық аспан, көктемдей көңіл тілейміз.

Айғали : Той пердесін ашайық. Тойға шашу шашайық .Аналарды құрметтеп мерекемен құттықтайық

Жүргізуші: Ұлдар, бүгін аналардың, әжелердің, біздің сұлу да сылқым, көркем қыздарымыздың да мерекесі ғой! Бәрі дайын ба? Ешкім кешіккен жоқ қой?  Ал ендеше біздің қыздар қайда?

Нариман :  Қазір біздің қыздар келеді.

Айғали : Әне, қыздар да келе жатыр!

Бірге: Қыздарды қарсы алайық!

(Музыка әуені естіледі де ұлдар мен қыздар залға кіреді)

Қызыл раушан әніне пародия              

Жүргізуші: Құрметті ақ жаулықты әжелер, аналар, балабақша ұжымы, сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі Аналар күнімен құттықтаймыз. Көктемдей құлпырып, гүлдей  жайнап гүлдей құлпырып жүре беріңіздер. Бүгінгі  көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз құтты болсын! Мерекелік ертеңгілімізді тамашалауға шақырамыз.

Амина:          Аспандағы айымсың

Бақытымы балаған

Құтты болсын мерекең

Айналайын жан анам

 

О. Асылым:     Бәріңіз де анасың

Біз үшін күн боп жансың

Құтты болсын мейрамың

Құттықтаймын анашым

Айсұлтан:       Бесіктерін әнімен

Тербетуде аналар

Жасай берсін сәнімен

Жер бетінде аналар

 

Бексұлтан:      Ана біздің күніміз

Ана біздің гүліміз

Аналардан тарайды

Біздің ана тіліміз.

 

Димаш:         Мәпелейсің мені анам

Қолыңдағы құсыңдай

Құлпыра өсіп дем алам

Құшағыңда қысылмай.

 

   Айша:       Теңдесі жоқ данасың

Арқа сүйер панасың

Еңбегіңді ақтаймын

Аман болшы анашым

 

(Ортаға музыкамен көктем кіреді)

 

Көктем:

Мен көңілді көктеммін,

Былтырда келіп кеткенмін

Құшағым гүлге толсын деп

Нөсерімді төгемін.

Жүргізуші:

Ару көктем, қошкелдің, төрге шық. Сенің көктемгі жаңбырыңның арқасында айналамыз әсемдікке кенелді. Кең байтақ даламыз гүлге бөленді. Сондықтан ару көктем біз саған ризамыз. Біздің балалар шеттерінен өнерлі, өнерін көріп тамашала.Саған арнаған әндері бар және аналарына арнап жаттаған тақпақтары бар.

Ән «Көктем» Амина,Айша, Айым.

Әлижан:       Мәпелеп мені өсірген

Ризамын мен өзіңе.

Ана деген керемет,

Сыйлап өтем өмірде.

 

Әлинұр:    Еркелеттің асырадың

Мойыныңа асыламын

Аман болшы ардақты анам

Мен әрқашан қасыңдамын.

 

Батырлан:    Ақ сүт берген балаңа

Күш — жігерін жұмсаған

Бұл өмірде жан ана

Тең келеді кім саған

 

 

Айғали:       Теңдесі жоқ данасың

Арқа сүйер панасың

Еңбегіңді ақтаймын

Аман болшы анашым

 

Мирас:          Менің әжем, гүл әжем

Алтын әжем, күн әжем

Анам үшін мен үшін

Нағыз ана тілі әжем

 

Адина:          Мен анамды сүйемін,

Сөзің ойға түйемін.

Анашымды ардақтап,

Басымды оған иемін.

 

Б. Алинұр:   Аялаған анашым,

Мәпелеген анашым.

Менің саған тілегім

Қартаймашы анашым

 

Диана:          Аспандағы айымсың

Бақытыма балаған

Құтты болсын мерекең

Айналайын жан анам.

 

Айым:          Құтты болсын ақ анам

Сегізінші науырызың!

Қасымда бол әрқашан

Жансын жарық жұлдызың,

Тілейді бақыт бір саған

Әлпештеген ұл — қызың.

 

Қ. Аида:         Ақ  жаулықты әжемді

Ай жүзіне теңедім

Мейірімі таусылмас

Күн нұрына теңедім

 

Көктем: Мен аналарға әжелерге тамаша әнімді әкелдім.Қабыл алыңыздар.

Ән: « Ана деп ән салам» орындайтын Аңсаған

Жүргізуші: Жарайсың  Көктем  әнің өте керемет, өнерің өрге жүзсін.

Көктем: Мен енді қыздармен би билегім келіп тұр.

Жүргізуші:  Кезекті қыздарға берейік

Би: Көбелектер

Сайқымазақ  келеді ортаға

Сәлеметсіңдер ме балалар  бұл жерде не болып жатыр?

Балалар: Аналар мерекесі

Сайқымазақ:  Мен жаңа жыл боп жатыр екен десем. Балалар маған көмектерің керек боп тұр? Мен күзде сендермен мектепке барғым келеді. Бірақ мен түстерді ажырата алмаймын. Көмектесесіңдер ме?

Балалар: Иә әрине.

Ойын: Кім жылдам?

Шарты: Түсті доптарды қабырғадағы суреттің түсіне қарай апарып жапсыру керек.Кім тез жинайды сол топ жеңімпаз

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар. Сайқымазақ сен түстерді енді ажырата аласың ба?

Сайқымазақ: Иә достар мен енді түстерді жаттап алдым.Сендерге рақмет достарым

Жүргізуші: Сайқымазақ сен балалардың өнерлерін тамашалап көр.

Сайқымазақ: Жақсы болды .Мен қуана қаламын .

Ән:  «Қыздар ай»    Орындайтын Асылхан

Жүргізуші: Балалар енді біздің жігіттердің өнерін көрейік.Олар аналарына кір жууға көмектесіп  тұрады екен.Бәріміз бірге тамашалайық

Би: Стирка Жігіттер тобы

Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар. Енді осы жуған кірлеріңді жіпке жайып шығыңдар.

Ойын: Қане кір жаямыз

Балалар муз уақыты аяқталғанша орамалдарды кірқыстырғыштарды қолдана отырып жайып шығуы керек.Ойын да кім көп орамал жайды сол жеңімпаз атанады.

Жүргізуші: жарайсыңдар балалар сендер аналарыңа жақсы көмектесе алады екенсіңдер.

Жүргізуші: балалар кезекті қыздарымыздың түрлі түсті қағаздар оркестрына кезек берейік

Оркестр : Қыздар тобы

Енді Жасмина мен Медина қыздарымыз  әжелерге арнап ән айтып беремін деп келіпті.

Ән: Әжемнің шайы   Жасмин мен Медина

Жүргізуші: Жарайсыңдар  Жасмина Медина .Әніңдеріңді   өте тамаша айттыңдар.

Сайқымазақ: Балалар менде түрлі түсті шарлар әкелдім.Шардың ішінде тәттілер бар.Кім осы шарды жарса тәттілер сол баланыкы.Ойын ойнаймыз ба?

Жүргізуші: Балалар сендерге Сайқымазақтың әкелген тәттілері дәмді ме? Біз оған жақсы әнімізді арнап айтып берейік

Хор: Ана

Жүргізуші: Осымен балалар «Аяулы Анашым» атты ертеңгілігіміз аяқталды.Аналармыздың мерекесі құтты болсын! Сау болыңыздар!

43 комментария

  1. Жайдары

    Тамаша 😍👏.
    Осындай жылы жүзді, мейірімді, балаларға махаббатпен қарайтын ұстаздарымыз бен тәрбиешілеріміз көжейе берсін! Еліміздің болашағы жастардың қолында болса, сол жастарды дұрыс тәрбиелей отыра білім беру ұстаздарымыздың арқасы! 👏👏👏

  2. Керемет 😍😍😍

  3. Тамаша! Осындай білікті мамандардың арқасында болашақ ұрпақтарымыз да білімді болып шықса екен😘😘👍👍👏👏

  4. Оте Керемет) Осындай узтаздарымыз коп болсын.
    Гульзира ханым Енбегиниз жана берсин 👍

  5. Жұмыста табысты бол

  6. Өте кереме әсерлі екен,өркенің өссін

  7. Аяулы ана, аяулы жар, еңбекқор, мейірімді тәрбиеші!!!
    Отбасыңа бақыт, еңбегіңе табыс тілеймін 😘

  8. Мерғалым

    Керемет,ұстаздық еткен жалықпас,үйретуден балаға ,салихалы шәкірттерің көп болсын

  9. Мейрамкул

    Керемет жұмысыңыздың жемісін көріңіз

  10. Ертеңгілік тақырыбына сай керемет құрылған. Керемет өткеніне күмән жоқ. Еңбегіңізге табыс,отбасыңызға амандық тілейміз. Шәкірттеріңіз биік белестерді бағындыра берсін.

  11. Жарайсыз👍👍 шабытыныз таусылмасын, жана идеяларга толы болсын. Жумысыныздын жемисин кориниз❤️

  12. Гулзира Калибаевна білімді,өте мейірімді ұстаз.Еңбегіңіздің жемісін көріңіз.

  13. Гулзира апай жарайсыз, білікті, мықты маман иесі.

  14. Айгуль Нурбекова

    Гулзира Қалибайқызы еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз, толағай табыс, шабыт, рухани байлық тілеймін. Алар асуыңыз, бағындырар белесіңіз бен білімді шәкірттеріңіз көп болсын😘🤲🏻

  15. Эльзира

    Еңбегің жемісті болсын. Балапандарымыздың ертеңі жарқын, үлкен азамат болсын.

  16. Керемет еңбегің жана берсін

  17. Керемет 😍😍😍😍 еңбегіңіз жана берсін алғаааааа😘

  18. Жақсы ұстаз білімді білікті,тәжірбиелі,өз ісінің маманы.өте керемет

  19. Педагогикалық шеберлік деп осыны айт😘 еңбегіңіз жемісті болсын ❤️

  20. Еңбегіңіз жемісті болсын

  21. Еңбегіңнің жемісін көр

  22. Керемет! Гүлзира апай, бала жанының бағбаны бола білген,өз уақытын аямайтын,өзгенің бақытын аялайтын білімді де білікті ұстаз,тәрбиеші.Ұстаз еңбегі ешнәрсемен өлшенбейтін еңбек.Осы ұстаздық жолдағы еңбегің жана берсін,баптаған балаларың өзіңнен озып шыға берсін.Еңбегіңнің жемісін же.Осындай мықты мамандарымыз кқп болсын.Сценарий өте жақсы құрылған.Тамаша! 👍👍👍🌹🌹🌹

  23. Толғанай

    Сценарий өте жақсы, жүйелі жазылған. Сабақта міндетті түрде қолданатын боламын. Көп рахмет сізге Гулзира Калибаевна.Еңбекте табысты болыңыз

  24. Өте күшті керемет

  25. Өте керемет,расымен балаларды ата анасына деген құрметті қалай жасау керектігін бала бақша қабырғасынан бастап үйреткен дұрыс. Рахмет сізге.

  26. Өте керемет еңбегің жана берсін

  27. Керемет өркенің өссін жарайсын өстіп балаларға білім беруден ешқашан жалықпағын.

  28. Қаракөз

    Керемет! Еңбегіңіз жемісті болып, биікті бағындырар шәкірттеріңіз көп болсын! Сіз секілді білікті мамандарымыз көп болсын!

  29. Керемет еңбегіңіз жансын!

  30. Гүлзира тәте еңбегіңіз жана берсін.Сіз өте ең мықты тәрбиешісіз еңбегіңіздің жемісін көре беріңіз,рухани байлық тілеймін.Осындай мықты мамандарымыз көп болсын.

  31. Мейрамкул

    Гүлзира Қалибайқызы!Білімді,шығармашыл,талапшыл,балаларға мейрімді- тәрбиеші.Еңбегіңіз жана берсін,Тың идеялар туындай берсін.

  32. Күшті күшті

  33. Сценарий өте күшті

  34. Керемет👍🏻жумысына табыс тилеймин!!!!

  35. Гүлзира апай еңбегіңіз жемісті болсын!Тек биік-биік белестерден көріне беріңіз!Біз сізбен мақтанамыз!!!

  36. Элмира Жаненовна

    Өте еңбекқор жансыз.Керемет

  37. Гүлзира Қалибайқызы!
    Өте мейірімді,талапшыл,жаңашыл,шығармашыл,жан-жақты өте білікті мамансыз.Өз ісінің нағыз маманы.Әншілігі бір төбе,музыкалық аспаптарда ойнайтын,қолынан өнер тамған өнерлі адамсыз.Бойыңыздағы бар мейірімділікті балалардан аямайсыз,тәрбиеші үшін ең маңызды қасиет деп білемін.
    Жұмысыңыз алға баса берсін,тың идеяларыңыз көп болсын.Отбасыңызға амандық,мықты денсаулық тілеймін!

  38. Гульнафис

    Гулзира Қалибайқызы, еңбекқор,білімді тәрбиешісіз.Балалар сізді өте жақсы көреді.Сізге творчестволық табыс тілеймін.

  39. Гульмира

    Жақсы өте еңбекқор жан-жақты мейірімді жансыз

  40. Мейрамгуль

    Ұйымдастарушы қабілеті мол тәрбиеші-Гүлзира апай.Әрбір іс-шарасы жоғары деңгейде өтеді.Творчествосы мол тұлғалардың бірі.

  41. Гульзира еңбекқор, керемет тәрбиесіз. Керемет шығармашылығы мол, өте білімді маман иесіз.

  42. Нұргүл Қайратқызы

    Гүлзира Қалибайқызы, еңбекқор, талапшыл және ізденімпаз мамансыз. Жұмысыңыз алға баса берсін!

  43. Өте керемет жұмысыңызға шығармашылық табыс тілеймін

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.