Абижанова Эльнора Хамитовна
Алматы қаласы Турксіб ауданы
КМҚК «122 бөбекжай балабақшасының
меңгерушісі
Өркениеттің жаңа кезеңіне көшу еліміздің экономика, әлеуметтік, саяси, мәдени және білім беру саласын өзгертті. Цифрлы технологиялардың қарқынды дамуы нәтижесінде ақпарат индустриясының мүмкіндіктері артты. Бұл жалпы әлемдік жаңару, жаһандық тренд. Әлемде болып жатқан заманауи үрдістерден қалмау үшін, еліміз барлық жаңалықтарды игеруде.
Білім саласында болып жатқан өзгерістер білім беру стандарттарын, оқытудың қызметін, педагогикалық процесті ұйымдастырудың жолдарын жаңаша құруға ықпал етті. Сондықтан да білім саласында қызмет ететін педагогтер өздерінің педагогикалық шеберханаларын үнемі жаңартып, толықтырып отырулары қажет. Тәжірибе жинақтау, әдістеме негіздерін меңгеру, технологияны жетілдіру маңызды мәселелердің біріне айналды.
Осы орайда еліміздің ҚР білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында- деп көрсетілген болатын. Бұл үздіксіз білім беру жүйесіне үлкен талаптар жүктейді. Себебі, білім қоғам мен мемлекеттің стратегиялық ресурстарының бірі болып табылады. Білім саласында жүргізіліп жатқан реформалар, оның өзгеруіне, жаңаруына, интеграциялануына жол ашады. Сондықтан да мектепке дейінгі білім беру жүйесінде жаңа инновацияларды енгізу, тәжирибе алмасу, дамыған мемлекеттердің белсенді әдістерін, жаңалықтарын енгізу өзекті мәселелердің біріне айналуда. Балалардың шығармашылығын дамыту, кеңістік ортасын құру, қолжетімді ресурстармен қамтамасыз ету дамыған мемлекеттердің білім беру үрдісіндегі негізгі индикатор болып табылады.
Осы орайда Қасым-Жомарт Кемелұлы: «Жас ұрпақ өкілдері шығармашылықпен айналысулары қажет. Қазіргі уақыт балалар үшін соншалықты қауіпті, сондықтан олардың энергиясы мен қызығушылығы дұрыс бағытқа бағытталуы керек»-деген болатын. Президенттің бұл сөзі ойымызды тереңдете түседі. Сондықтан да жас ұрпаққа тәрбие мен білім беру балабақшадан бастау алуы кездейсоқ емес.
Балабақша — балаларды қоғамда өмір сүруге үйрететін алғашқы әлеуметтік институт болып табылады. Дәл осы жерде баланың қоршаған адамдармен дербес байланысы жүзеге асады, ол қарым-қатынас жасауды және өзара әрекеттесуді үйренеді.
Мектепке дейінгі білім беру жүйесі бүгінгі күні қоғам мен отбасының қажеттіліктеріне бағдарланған және баланың жас және жеке даму ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру қызметтерінің әртүрлі спектрін көрсететін, мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің көпфункционалды желісі болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі балаларды толыққанды дамыту — қимыл белсенділігіне жағдай жасау, пайдалы және құнарлы тамақтандыру, жағымды қарым-қатынас орнату және дамытушы ортаны ұйымдастыру арқылы қамтамасыз етілетін баланың физикалық, психологиялық, әлеуметтік, эмоционалдық денсаулығы мен қауіпсіздігі болып табылады.
Заттық- кеңістік дамытушы орта — заттар мен ойыншықтарға еркін қолжетімділікті және немен айналысатынын өз бетінше таңдауын, күні бойы өз идеяларын іске асыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін, балалардың бастамасын қолдау үшін жоспарланған әртүрлі материалдары бар орта болып табылады.
Әр баланың қызығушылықтарын, ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, жалпы адами және ұлттық құндылықтар негізінде оларды толыққанды дамыту мен әлеуетін ашу үшін мектепке дейінгі ұйымның топ бөлмелерін балалардың қызығушылықтары бойынша орталықтарға бөледі. Бұл орталықтарды баланың қызығушылықтары ескеріледі.
Өркениеттің жаһандық тенденциялары педагогтің үнемі дамуын, балаларды тыңдай білуін, сыни тұрғыдан талдауын және шығармашылық эксперименттер жүргізуін талап етеді. Педагогтер белсенді зерттеуші және балалармен жұмыс істеудің жаңа нысандарын жасаушы, жаңашыл және жауапты болуы тиіс.
Сюжетті-рөлдік ойындар орталығында балалардың жасына сәйкес ойындарға қажетті материалдар мен ойыншықтар ұсынылады. Ұлттық, маусымдық киімдегі қуыршақтар, машиналар, көліктер, құммен ойнауға арналған ойыншықтар, туған өлке туралы иллюстрациялық альбомдар, жемістер мен көкеністердің муляждары балаларға ұсынылады.
Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту орталығы ұсақ моториканы дамытуға арналған дидактикалық ойыншықтардан, дидактикалық ойындардан, геометриялық фигуралардан, кеңістікпен уақытты бағдарлау заттарынан, сенсорлық дамытуға арналған дидактикалық ойын материалдарынан құралған. Ол жерде баланың танымдық әрекеті қалыптасады
Құрастыру және робототехника орталығында ағаш немесе пластмасса бөлшектері бар конструкторлар, ірі және ұсақ құрылыс материалдарымен жабдықталған. Бұл орталықта бала құрастыру жұмыстарымен айналысады. Олар конструктор, құрылыс заттарын пайдалана отырып, заттарды құрастырады. Балалардың техникалық және логикалық қабілеті дамиды. Сонымен қатар баланың шығармашылығын дамытады.
Табиғат және ғылым орталығы балалардың қызығушылықтарын арттыру үшін табиғи материалдан жасалған балалардың қолөнері бұйымдарымен, табиғат экспонаттарымен безендіру ұсынылады.
Бұл орталықтарда баланың эмоционалды, зияткерлік, эстетикалық дамуына жағдай жасау маңызды. Мектепке дейінгі жастағы балалар ойындар, ертегілер, әндер, бейнелер, қиял мен шығармашылық әлемінде өмір сүруі керек. Бұл әлем баланы қоршап алуы керек. Мектеп жасына дейінгі балалардың қалыпты дамуы мен жетілуіне қажетті дамып келе жатқан ортаны қалыптастыру керек. Дамыту ортасы — бұл балалардың бастамасын қолдауға арналған, заттар мен ойыншықтарға еркін қол жеткізуді, не істеу керектігін өз бетінше таңдауды және күндізгі уақытта өз идеяларын жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін әртүрлі материалдардан тұратын орта.
Заттық -кеңістік ортасын құру бұл балалардың бастамасын қолдауға арналған, заттар мен ойыншықтарға еркін қол жеткізуді және күн ішінде іс-әрекетті өз бетінше таңдауға және өз идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін әртүрлі материалдардан тұратын орта. Дамушы пәндік-кеңістіктік орта қамтамасыз етеді әртүрлі білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру; инклюзивті білім беру жағдайлары; ұлттық, мәдени және климаттық жағдайларды ескере отырып; балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып.
Заттық -кеңістік ортасын құруда жиі қолданылатын әдістердің бірі -ойын. Ойын — мектепке дейінгі жастағы бала қызметінің жетекші түрі, тиімді әдісі және балалардың сөйлеу белсенділігін ынталандыратын оқыту мен тәрбиелеудің бір түрі. Мысалы, Заттық -кеңістік ортасын құруда барысында ойын ортасына мысал келтіретін болсақ, ойынға қажетті ортаны жабдықтаудың ресурстарын, ойын түрін, көрнекі құралдарды, ойынға қатысатын кейіпкерлердің рөльдері белгілі болу керек.
Балалардың дамыту ортасы ойын ортасы
- Сюжетті — рөлдік ойындарға арналған ойын құралдары:
- Көпжақты текше;
- Үлгілер (үй, гараж, карта-кесте, ойын аймағы);
- Кейіпкерлердің рөлдері;
- Ертегілердегі жануарлардың суреттері
Сюжетті-рөлдік ойындар орталығында бааларды ойын ережелерімен таныстырып, ойын ортасын құруға жағдай жасау қажет. Балалар ойын барысында ірі көлемді құрал-жабдықтарды ұнатады. Көзге тартымды, әрі ашық түсті болғаны дұрыс.
Танымдық және зияткерлік дағдыларды дамыту орталығында балалар ұсақ моториканы дамытуға арналған дидактикалық ойындар ойнайды. Ол орталықта дидактикалық ойыншықтар, дидактикалық ойындарға арналған геометриялық фигуралардан құрылған пішіндер, табиғат заттары, сенсорлық дамытуға арналған дидактикалық ойын материалдары: (визуалды, аудио, тактильді), демонстрациялық геометриялық пішіндер жиынтығы, үлестірмелі геометриялық пішіндер жиынтығы, жазық геометриялық пішіндер жиынтығы, көлемді өлшеуге арналған материалдары бар өлшейтін стақандар мен қасықтар т.б заттар бар. Балалардың танымдық қабілетін дамытуға арналған дидактикалық материалдардың бұл орталықтар орналасуы маңызды.
Құрастыру және робототехника орталығы – ағаш немесе пластмасса бөлшектері бар конструкторлар, ірі және ұсақ құрылыс материалдарымен үстел үстінде немесе жұмсақ төсеніштің үстінде балаларға құрастыруға ыңғайлы және құрастырылатын құрылысты басқа балалардың бұзып кетпейтіндей жағдайда жасақтауға болады. Бұл орталықта баланың техникалық дағдысы қалыптасады. Әртүрді заттарды құрастыруға машықтанады. Бүгінгі білім беру жүйесінде жасанды интеллект мәселесі өзекті. Осындай орталықтарда балалар өмірге қажетті әлеуметтік дағдыларды меңгереді. Техникалық заттарды құрастыру ер балалардың ойлау дағдысын дамытады. Машина жасау, робот, лего құрастыру сияқты маңызды әрекеттер арқылы бала болашақта өзінің мамандығын игереді. Мұндай орталықтың балалар шығармашылығын, құрастыру қабілеттерін дамытуда маңызы зор. Орталық барынша мобильді болғаны дұрыс. Құрылыс бұрышының мазмұнын түрлі қажетті заттармен жабдықтау қажет.
Шығармашылық орталық
Шығармашылық орталығы балалардың қоршаған ортаның әсемдігіне қызығушылығын қалыптастырады, балалардың өздігінен бейнені жасауға деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді. Мұнда балалар қызығушылықпен сурет салады, мүсіндейді, жапсыру жұмыстарын орындайды.
Шығармашылық орталығына балалардың қызығушылықтарын дамыту үшін қазақ халқы қолөнері бұйымдарымен, тұрмыстық заттарымен таныстыру қажет. Қазақ халқының тұрмыстық бұйымдарын қолдану арқылы балалардың шығармашылық дағдысы қалыптасады. Олар сурет салады, ою-өрнек жасаудың жолдарын игереді. Халқымыздың салт-дәстүрімен танысу еліміздің тарихы мен мәдениетіне деген сүйіспеншілігін тәрбиелейді. Халқымыздың ұлттық ойындарын ойнату арқылы ұлттық дәстүді құрметтеуге баулу маңызды.
Балаға ойыншықтар мен заттар қолжетімді болуы қажет. Тілді дамыту барысында шығармашылық тапсырмалар беріледі. Әртүрлі сурет қиындылары арқылы балалар өздері сөздер мен сөйлемдер құрастырады. Олар ертегі бейнелеген суреттер арқылы ертегіні құрастыра алады. Ертегі кейіпкерлерінің рөлдерін ойнату арқылы балалардың тілін дамытуға болады.
Тілді дамыту балабақшада әртүрлі пәндердің интерграциялық байланысы негізінде жүзеге асады. Сөйлеу тілі мен сөздік қоры молая бастаған сайын бала айналадағы адамдармен, құрдастарымен белсенді түрде сөздік қатынас жасайды. Сонымен қатар балаларды ортаға бөлу арқылы олардың шығармашылық, математикалық ойлау дағдысын дамытуға болады. Мысалы, көркем әдебиет ортасында балалар ертегілерді тыңдаса, ал өнер ортасында кейіпкерлердің бейнесін суретке салады. Ал, математика, құрылыс ортасында логикалық ойлау дағдысын дамыта отырып, заттарды құрастырады. Орта баланың қызығушылықтары мен қажеттіліктеріне сәйкес құрылады. Қызықты математика ортасында математиканы дамытуға байланысты әртүрлі геометриялық көлеміне, түсіне байланысты фигуралар, доптар, сандар белгіленген дидактикалық карточкалар пайдаланылады. Бұл орта баланың шығармашылық белсенділін дамытуға, толық жетілуге, жан-жақты дамуына мүмкіндік береді.
Осы орайда балабақшада дамыған мемлекеттердің тәжірибесін қолдану маңызды. Біздің еліміз педагогтардың тәжірибе алмасуына мүмкіндіктер жасауда. Осы орайда 2023 жылы Англия қаласына тәжірибе алмасу мақсатында екі апталық іс-шара жүзеге асырылды. Англия білім беру жүйесінде алдыңғы қатарлы ел. Мектепке дейінгі білім беру үрдісі баланы әлеуметтендірудің, кеңістікке еркін бейімделудің ортасы болып табылады. Англияның балабақшаларымен танысу мүмкіндігі бұл саланың жетістіктерін, тәжірибесін игеруге көмектесті. Англиядағы балабақшаның ерекшелігі баланың толықанды дамуына мүмкіндік жасалуында. Балабақшада ресурстық, материалдық база толығымен қамтылған. Баланың шығармашылық, әлеуметтік, эстетикалық дамуын қамтамасыз ететін технологиялар қолданылған.
Сонымен қатар «Англия білім беру жүйесінің стратегиясы мен тәжірибесі» тақырыбында өткен семинарға қатысып, Англияның білім беру жүйесі, оның ішінде мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының стратегиялық жоспары, мүмкіндіктері мен тенденциялары жайлы тәжірибе жинақтадық. Семинар барысында Англияның білім беру жүйесінің ерекшеліктеріне назар аударылды. Англия білім беру жүйесіне экономикалық тұрғыда көп инвестция салатын мемлекеттердің бірі болып табылады. Сапалы білім беру қағидасы негізінде оқыту үрдісін жүзеге асыруда. Заманауи технологиялар, ресурстар инфроқұрылымдар, электронды порталдар, заманауи құрылғылар білім беру жүйесін түрлендіруге, балалардың еркін ортаға бейімделуіне қолайлы жағдай жасайды.
Қорыта айтқанда Англияның тәжірибесін біздің еліміздің білім беру үрдісінде пайдалану маңызды. Тәжірибе алмасу арқылы олардың білім берудегі жетістіктерін еліміздің оқыту үрдісінде қолдануға, олардың тәжирибесін салыстыруға, біздің еліміздің ұлттық парадигмасын сақтай отырып модернизациялауға мүмкіндік береді. Пәндік-кеңістікті дамытудың тиімді жаңа тәсілдері негізге алынды. Балалардың жан-жақты дамуына пәндік кеңістік құрудың инновациялық әдістері зерделенді.
Пайдаланған әдебиеттер
- Мектеп жасына дейіңгі балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына моноторинг жүргізудің Әдістемелік ұсынымдары. -Астана, 2018.
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнын іске асырудың негізгі бағыттары. http://oqu-zaman.kz/