Кулманова Динара Останакуловна
Түркістан облысы
Қазығұрт ауданы
Қ.Сатпаев атындағы мектеп -лицейінің
бастауыш сынып мұғалімі
Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Бұл бүгінгі жаһандық әлемге енудің негізгі жолы. Әлем кеңістігінде болып жатқан парадигмалық өзгерістер мектептің тұтас оқу-тәрбие үрдісіне әсер етті. Осы орайда мектептің алдында жоғары талаптар қойылды. Ол оқушының жеке қабілеттерін, ойлау дағдысын, шешім қабылдауын, ортаға бейімделуін қамтамасыз етуі қажет.
Себебі, бүгінгі білім беру жүйесінің басты бағыты бәсекеге қабілетті, танымы мен ой-өрісі жоғары жеке тұлғаны қалыптастыру. Осы міндеттер оқыту мен тәрбиелеу процесіне жаңа мүмкіндіктер береді. Бұл педагогтың сабақ беру дәстүріне байланысты болмақ. Сабақ үрдісінде мұғалім жаңа инновациялық технологиялар мен әдістерді қолдануы маңызды.
Соның бірі – дидактикалық ойындар. Мұғалім, балалардың жасына және жеке ерекшеліктеріне байланысты ойындарды қолдану қажет және педагогикалық бақылауды қамтамасыз етуі керек.
Ойын, біріншіден, жеке тұлғаның белсенді іс-әрекетін қалыптастырса, екіншіден, өмірге деген көзқарасы мен сенімін дамытады. Сондықтан да дидактикалық ойындарының типологиялық даму ерекшеліктері мен сипаты ғалымдардың зерттеу нысанасына айналған. Көзқарастардың мазмұнына байланысты әртүрлі топтастыруға болады. Бірінші блоктағы ғалымдар, дидактикалық ойындарын белсенді іс-әрекетті дамытудың құралы ретінде зерделесе, екінші блоктағы ғалымдар, оны оқушылардың эмоционалды даму интеллектісімен байланыстырады. Ғалымдардың көзқарастарын интерпретациялайтын болсақ, педагогикалық процесте дидактикалық ойын түрлерін пайдалану бүгінгі білім беру жүйесінің өзектілігін көрсетеді.
Ойын — бала қызметінің жетекші түрі, тиімді әдісі және балалардың сөйлеу белсенділігін ынталандыратын оқыту мен тәрбиелеудің бір түрі болып табылады.
Ойын балалар үшін айналаны танып-білу тәсілі. Ойын кезінде бала өзін еркін ұстайды. Дидактикалық ойындар арқылы балалар қоршаған ортадағы заттармен танысып, қасиеті мен сапасын ажыратуға, әртүрлі құбылыстардың ерекшеліктерін білуге талпыныс жасайды, өзіне қажетті көптеген мәліметтер жинайды және олардың сөздік қорлары кеңейеді. Л.С.Выготскийдің айтуы бойынша, «Ойын – адамның өмір танымының алғашқы қадамы». Шынымен де бала алғаш рет ойын арқылы заттармен, қоршаған ортамен әрекеттеседі. Ойын арқылы оның дүниетанымы қалыптасады.
Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру.
Дидактикалық ойындар арқылы оқушылардың интеллектуалдық қабілеттері, логикалық ойлауы, адамгершілік қасиеттері қалыптасады.
Дидактикалық ойындар арқылы оқушылар қоршаған ортадағы заттармен танысып, қасиеті мен сапасын ажыратуға, әртүрлі құбылыстардың ерекшеліктерін білуге талпыныс жасайды, өзіне қажетті көптеген мәліметтер жинайды және олардың сөздік қорлары кеңейеді.
Дидактикалық ойындар арасында сюжеттік (имитациялық) ойындар ерекше орын алады. Мұндай ойындар оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта отырып, рөлдерді ойнауға, сюжетке байланысты образға енуге мүмкіндік береді. Имитациялық ойындарды барлық сабақта пайдалануға болады Олар қоршаған ортадағы әртүрлі бейнелерді көрсетіп, ойынға имитациялық қозғалыс береді. Оқушылардың белсенділігін, шығармашылығын дамытады.
Дидактикалық ойындар мазмұны мен сипаты бойынша бірнеше түрге бөлінеді:
заттық дидактикалық ойындар. Бұл ойын әртүрлі ойыншықтармен және ойын материалдарымен ұйымдастырылады.
үстел үсті ойындары: Лото, домино, қарлы кесек т.б.
сөздік дидактикалық ойындар, яғни ауызша ойналатын ойындар
Дидактикалық ойындар бастауыш сынып оқушыларының ойлау дағдысын дамытады. Ойын барысында оқушылар сыни тұрғыдан ойлануға және жылдам аралықта шешім қабылдауға үйренеді. Бұл оқушының бойында сапалы қасиеттерді қалыптастырады. Дидактикалық ойындар сабақтың мазмұнын тереңдетеді. Сабақтың мақсатына сәйкес қолдану қажет. Осы арқылы сабақтың нәтижесі көрінеді. Мысалы, «Үй жануарлары» деген тақыпта дидактикалық ойын ойнату арқылы оқушыларды жанарлардың маңызын білуге тәрбиелейді. Жануарларға қатысы өлең жолдарын оқу арқылы, жануарларды атап үйренеді, салыстырады.
«Шөре, шөре лағым,
Тентек болма, шырағым.
Секендемей дем ал,
Селтеңдемей құлағың (лақ)
Осындай дидактикалық ойындар оқушылардың қызығушылығын дамытады.
Дидактикалық ойындар оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады, олардың ойлау қабілеттерін, ізденімпаздылығын арттырады, сөз қорын молайтуға көмектеседі, сабақта дидактикалық ойындарды пайдалану мектеп оқушыларын сол пәнге белсенділігін арттырады, бағдарламалық материалдарды қажет деңгейде меңгеруге ықпал етеді. Оқушылар ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық қасиеттері байқалады. Сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психологикалық қасиеттері дамыйды. Ойындар сабақтың тиімділігін, сапасын арттырумен бірге оқушының оқу белсенділігін, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытады.
Дидактикалық ойындар сабақ мақсатына қарай мынадай түрлерге бөлінеді:
тапқырлық ойындар;
ізденімдік ойындар;
рөлдік ойындар;
іскерлік ойындар.
Рөлдік ойындар – оқушылардың шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға, олардың жаңашыл ойлар мен тұжырымдар жасауға арналған ойын түрі. Бұл ойын ертегіні рөлдерге бөлу, диалог құрастыру арқылы жүзеге асады. Диалог құрастыру арқылы оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастырады. Рөлдік ойындар ертегілер мен мәтіндерді талдауға және тез қабылдауға көмектеседі. Дидактикалық ойындар оқушының сөздік қорын дамытады. Әртүрлі тапсырмалар беру арқылы тілдік дағдысын қалыптастыруға болады.
Қорыта айтқанда сабақты қызықты, тартымды өткізу үшін дидактикалық ойындарды дұрыс ұйымдастыру керек. Сонымен қатар оқушылардың білімдерін тереңдетуде, тілін дамытуда, сөздік қорын кеңейтуде дидактикалық ойындардың маңызы зор.