Бейсебаева Лаура Жапбаровна
Түркістан облысы
Қазығұрт ауданы
Қ.Сатпаев атындағы мектеп -лицейінің
бастауыш сынып мұғалімі
Бастауыш мектептегі оқыту үрдісінің негізгі мақсаты оқушыларға білім беру ғана емес, сонымен бірге олардың ойлау қабілетін дамыту және белсендіру. Балалардың ойлауын дамыту туралы М.Жұмабаевтың сөзімен алсақ: «Ойлау жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр, сондықтан басқыштап іс істеу керек. Оқулықтағы берілген тапсырмалар, суреттер баланың жанына дұрыс әсер ететіндей, оқушының оқуға, білімге деген ынта – ықыласы, құштарлығы болуы керек».
Логикалық ойлау қабілеттерін әр түрлі әдістермен мектепте,үйде дамытуға болады.Ал қандай әдіс тиімді екені бәріміз үшін белгісіз. Таңдалатын әдістер баланың жас ерекшелігіне, өсу деңгейіне байланысты өзгеріп отырады. Кейде дұрыс берілмеген тапсырма баланың ынтасын қашырып, өзіне деген сенімсіздікті тудырып, өзінің кері әсерін береді. Ал бастауышта жіберілген қателік нәтижесі жоғары сыныпта көрініп жатады. Себебі жоғары сынып оқушылары логикалық тапсырмаларды орындауға қиналып жатады.
Оқушылардың логикалық ойлауының дамуы өздігінен ізденіп жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Логикалық тапсырмалар оқушылардың ойлау қабілет деңгейін көтеретіндіктен,әр сабақта түрлендіріп қолдану қажет.
Мен өз сабақтарымда логикалық ойлау қабілеттерін дамытуда мынадай талаптарды басшылыққа алдым:
-сабақта оқушылардың түгел болуы
-әр оқушының жеке дара қасиетін ескеру;
Оқушылар математика сабағында міндетті:
-өз бетінше есептерді шығарудың жолдарын іздестіру;
-пәнге қызықтыру және пәнге көңіл қоя білу
-сабақ барысындағы жүргізілетін сайыстар мен ойындарға қатысу
Осы бағытта мен өз бағдарламамды жасап шықым. Бұл бағдарламаның өзектілігі математикалық қызықты тапсырмалар мен логикалық ойындарды шешу арқылы оқушыларымды сын тұрғысынан ойлау қабілеттерінің дамуына жаңа мүмкіндіктер туғызады. Сонымен қатар, «Матемтика және логикаә бағдарламасы әр түрлі мәселелерге қалай әрекет ету жолдары мен проблемалық жағдаяттардан шығу жолдарын түсінуге, арифметикалық, алгоритмдерді қолдану, логикалық ойлау дағдыларын дамыту, геометриялық құрылымдарды орындау және математикалық зерттеу жүргізу қабілетін жетілдіруге мүмкіндіктер береді. Күнделікті сабакта «Quizizz» бағдарламасымен жасалынған тест тапсырмаларын калыптастырушы бағалау ретінде алыну ушін QR код пен сілтеме койылган. Осы мақсатпен құрастырылан бағдарламада геометриялық
фигуралардан құрастыру, математикалық ребустарды, сөзжұмбақтарды
құрастыру, шешу, қызықты әзіл есептерді, логикалық ойды жетілдіруге арналған есептерді шығару, шешу. Бул бағдарламаға баланың ақыл-ойын, қиялын, ой-шұқырлығын дамытуға жұмыстар жинақталып алынған.
Өз сабақтарымда қолданатын тапсырмалар:
«Сандар сыры»
Заттардың, қасиетін табу керек, заттарды салыстырады, кесіндінің сиқыры,бөлу, құрастыру, қосу, азайту, теңдік құру, тең, артық, кем, сонша, сурет бойынша өрнек құру, бөлімді қорытындылау ретінде тест жұмысы алынады.
Әр тақырып соңында QR код арқылы қалыптастырушы бағалауды орындайды.
Окушылармен білімдерін саралау максатында деңгейлік тапсырмалар орындату.
Сурет бойынша теңдіктер құру, Кел, ойнайық! Салыстырудың құпиясы, Кім жүйрік?
«Математикалық тізбектер», Есептер еліне саяхат,бөлімді қорытындылау ретінде оқушылардан тест жұмысы алынады.
«Өрнектер еліне саяхат»
Эстафеталық, ойлау есептерімен қызығушылықтарын туғызып,ойната отырып есептерді шығарту. Есептер еліне саяхат, «Болды-өзгерді-қалды»есеп ширату. Сурет бойынша есептер шығару, Графикалық диктант, Логикалық есептер, «О йлан тап», «Артық-кем, қымбат-арзан» тақырыптары берілген. Бөлімді қорытындылау ретінде тест жұмыстары алынады.
Тапкырлыкты талап ететін логикалык, есептер елінде
Сандар сыры, «Математикалык тізбек » ойыны, «Эріпті ернектер» еліне саяхат,
«Кел, ойнайык! «Ойлан тап», Математикалык, турнирі, Ондықтар еліне саяхат, Логикалық, ойлау есептері, тестер арқылы окушылардың ойлау қабілеттерін және математика паніне деген қызығушылықтарын арттыру. Қызықты математикалық есептер құрастыру, шешімдерін табу, бір-бірін тексере алуға баулу. Бөлімді қорытындылау
Міне, осындай есептеулерді шешу арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады. Дүниетанымы кеңейеді,жылдам есептеу шеберліктері артып, білім сауаттылығы күшейеді.
Математикалық ойлауды өрістету үшін оқушыларды қызықтыратын, ынтасын арттыратын есептерді қарастыру дұрыс. Ондай есептерге зерттеу элементтері бар логикалық есептер, ойын есептер, ертегі есептер жатады. Бұған берілген есепті шығарғанда кеткен қатені табу, есепті бірнеше жолмен шығару, өздігінен есеп құрастырту кіреді. Есеп зерделікке, қиялдауға, логикалық ойлауға, тапқырлыққа, байкампаздыкка, есепті шешу тәсілдерін меңгеруге тәрбиелейтіндей болуы керек. Логикалық есептерді шығару арқылы оқушы дұрыс ойлауға, сын көзбен қарауға, бақылағыштыққа машықтанады.
Логикалық есеп дегеніміз — арнайы формула қолдануға келмейтін, әрқайсысына өзінше талдау жасаулы кажетсінетін есептерді айтады. Математикадан бастауыш сыныпта өтілетін, бірақ қиын шығарылатын есептер мен тапқырлықты талап ететін логикалық есептер астарласып келуі тиіс. Берілетін есептер оқушылардың жас шамасына сай, оқушыны жасытпай, қайта жігерлендіріп, математикалық инициативасын арттыратындай, түсіндірілуі жеңіл, тұжырымдалуы қыска болғаны жен.
Логикалық есептер сан алуан болғанымен, төмендегідей ортак қасиеттері бар:
-Логикалық есептердің шешу жолы белгісіз. Олардың шешіміне жету
«ойдың броундық қозғалысы» тәрізді, яғни байқап көру, қателесу әдісімен
іске асады. Байқап көру арқылы іздену жеке жағдайларда негізгі шешімге
бастайтын тізгінді қолға ұстатады.
-Логикалық есептер оқушының пәнге қызығуына, белсенділігіне негіз
болады. Есептің сюжетінің шешілу жолының әдеттен тыс болуы бала
көңіліне әсер етіп, қайткенде де оны шығаруға итермелейді.
-Логикалық есептер ойлау заңдылықтарын білуге негізделіп жасалады.