Копенова Гульмира Камедолаевна,
Астана қаласы әкімдігінің
№61 «Шолпан» балабақшасы тәрбиешісі
Білім беру саласы: таным, қатынас, шығармашылық, денсаулық.
Мақсаты: Балаларға ғарыш әлемі туралы түсінік бере отырып, алғаш самғаған әлемдік және қазақстандық ғарышкерлер туралы мағлұмат беру;
Ғарыш әлеміне деген қызығушылық және танымдық қабілетін арттыру;
Балалардың патриоттық сезімдерін ояту.
Көрнекіліктері: ғарышкерлер туралы буклеттер, слайд, ғарыш кемесінің сызбасы, ғаламшарлардың суреттері, ғарышкерлердің киімі, тамағы (муляж).
Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу, сұрақ-жауап, ойын
Билингвальды компонент: ғарыш-космос, зымыран-ракета,
Ғарышкер – космонавт.
- Ұйымдастыру кезеңі
Балалар, бүгін біз сендермен тағы бір маман түрімен танысамыз. Бұл — ғарышкер.
Балалар, 1961жылы 12 сәуірде тұңғыш ғарышқа адам ұшты. Бұл адам Кеңес одағының азаматы Юрий Гагарин болатын. Содан бері 12 сәуір – ғарышкерлер күні мерекесі болып аталып келеді.
Қазақ елінен ұшқан біздің батырларымыз — Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов деген ағаларымыз.
- Негізгі кезең
Есік қағылып, Белка мен Стрелка кіреді.
Сәлеметсіздер ме, балалар. Біз ғарышқа алғаш ұшқан Белка мен Стрелка атты иттерміз. Біздің зымыранымыз бұзылып қалып, жөндей алмай қойдық. Арнайы тапсырмаларды орындағанда жөнделеді екен. Сол себептен сіздерден көмек сұрауға келдік. Зымыранға мініп ғарыш кеңістігіне ұшамыз. Сіздерді де шақырамыз.
1 тапсырма.
Сұрақ – жауап
2 тапсырма.
Ғарышкерлер туралы тақпақтар
Арманы бар бір ғана
Талабы зор баламын
Шынығумен шыңдала
Тез-ақ өсіп, толамын
Жұлдыздарды жағалай
Айға барып қонамын
Тұңғыш Тоқтар ағадай
Мен ғарышкер боламын.
Тұңғыш қазақ ғарышкер
Әубәкіров ағаның
Даңқы көкке самғаған
Тоқтар аға Гагарин
Салған жолды жалғаған.
Тоқтар ағам – жан ағам
Бұрыннан да ер еді
Менің батыр ағадан
Аумай қалғым келеді.
Арман қуып жасынан
Көктен көзін алмаған
Ұшқыш болды жас ұлан
Аспанда еркін самғаған
Бабасындай асауға
Салған құрық-бұғалық
Ұшақтарды санауға
Артқан еді құмарлық.
3 тапсырма
Ойын. «Бөліктерден ғарыш кеңістігін құра»
4 тапсырма.
Жұмбақтар
Ұшады қанатсыз
Зырлайды аяқсыз (зымыран)
Ұшқыш емес, бірақ ол аспанда қалықтап ұшады. (Ғарышкер)
Етігім толы сөк,
Ерте тұрсам, жоқ. (Жұлдыз)
Көлде жүрген ақ үйрек
Түнде бар да, күндіз жоқ. (Ай)
Қызыл күлше тау асады
Ыстық нұрын шашады. (Күн)
Не басы, не аяғы жоқ
Не алды, не арты жоқ (Жер)
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз
Қолымызды белге қоямыз
Бұрыламыз оңға бір
Бұрыламыз солға бір
1,2,3 – бойға жинадық күш.
5 тапсырма
Ғарышқа ұшған қазақ батырлары
Қазақ елінен ұшқан біздің батырларымыз — Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов.
Билингвальды компонент: ғарыш-космос, зымыран-ракета,
Ғарышкер – космонавт.
Міне, зымыран құрастырылды. Енді, ғарышқа ұшайық.
Келесі бөлмеде балаларды ғарышкер қарсы алады. Барлық ғаламшар туралы айтып, сурет арқылы көрсетеді. Ғарышкерлердің тамағы жайлы айтып, көрсетеді. Балаларға сыйлық таратады. Қоштасып, балалар қайта жерге оралады. Белка мен Стрелкамен қоштасады.
- Қорытындылау
Бүгін біздер ғарышкерлер туралы көп мәлімет алдық. Тіпті, зымыранға мініп, ғарышқа да барып қайттық. Ғарышкер болу – көп баланың арманы. Бірақ ол үшін адам баласына шыдамдылық пен ақылдылық, күш –қайрат керек. Сондықтан, жақсы оқып, білім алуға талпынайық, достар.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Аспан әлемі жайлы, ғарышқа ұшатын адамды ғарышкерлер деп атайтынын;
Игереді: ойындар арқылы ғарыш кемесін құрастыруды
Меңгереді: Ғарыш әлеміне арнайы ғарыш кемесімен ұшатынын, ғарыш әлеміне тұңғыш ұшқан ғарышкер Юрий Гагарин, Қазақстанның тұңғыш ғарышкерлері Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев және Айдын Айымбетов туралы мәліметтерді.
Еңбегінің жемісін көре бер!
Еңбегің жана берсін. Керемет өз ісінің маманы. Сәттілік