Home » Мақалалар » Қош келдің, төрлет, Наурызым!

Қош келдің, төрлет, Наурызым!

Орынбаева Бибигүл Махсетбайқызы,
Астана қаласы әкімдігінің
№61 «Шолпан» балабақшасы тәрбиешісі

 Құрметті жиналған қонақтар! Көктемнің күлімдеген шуақты күнімен қазақ даласына жаңа жыл келді. Ұлы мерекемен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы құтты болсын! Бәрімізге бақыт, қуаныш, шаттық сыйласын.

Қарсы алайық ауыл ауылдан Наурыз мерекесін тойлатуға балаларымыз келіпті.

Аспан ауылын қарсы алыңыздар!

Плутон ауылын қарсы алайық!

Ал балалар  қәне бір бірімізді көрмегелі көп болды көрісу амалын жасайық! (балалар көріседі)

Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар  ауыл- ауыл болып Наурыз мерекесін тойлатайық. Ол үшін бәріміз тақтаға назар аударсақ. Не көріп тұрсыздар?

Әрине бұл қазақтың ұлттық тағамдары. Олар: ет, құрт, сүзбе, айран, қымыз, шелпек, бауырсақ және Наурыз көже. Бұл тағамды 7 түрлі тағамдардан әзірленеді. Сол себепті ол өте тойымды.

  1. Ет.
  2. Бидай.
  3. Тары.
  4. Жарма
  5. Қатық немесе құрт
  6. Су

7.Тұз

Тағы да біздің наурыз мерекесінде ерекше орын алатын құбылыс. Ол ұлттық ойындар. Қандай ұлттық ойындар білеміз?

  • Асық ату
  • Қыз қуу
  • Арқан тартыс
  • Соқыр теке
  • Монданақ
  • Аттамақ
  • Тақия тастамақ және т.б көптеген ойындар бар екен.

Тәрбиеші: Ал қәзір біз сендермен бір ойын ойнасақ қайтеді. Ойнайсыңдар  ма?

Ойын: «Монданақ»

Ойын шарты: Балалар шеңберге отырып, аяқтарын қосып, тізелерін көтереді. Тізенің астымен монданақ орамалын айналдыра жүргізе отырып, «Әне кетті монданақ, міне кетті монданақ» деп айтып отыру керек. Ал ойынды жүргізушіге ол монданақты көрсетпей тездетіп өткізу керек. Егер жүргізушісі ұстап алса, сол ұстаған ойыншымен орындарын ауыстырады. Сөйтіп ойын жалғаса береді.

Ойын: «Тақия тастамақ»

Ойын шарты: Балалар шеңбер болып отырады. Көздерін жұмады. Ойын бастаушы тақияны артына жасырып жүріп, сездірмей біреуінің артына тастайды. Балалар көздерін ашады. Қолдарымен артына тақия кімнің артына жатқанын тауып алуы керек. Тапқан бала мен ойынды бастаушы бала арқаларын түйістіріп тұрып, шеңберді кім бірінші айналып келіп, тақияны кім алады, сол ойынды жалғастырушы болып есептелінеді. Осылайша ойын өз жалғасын табады.

Тәрбиеші: жарайсыңдар балалар, бәрекелді. Халқымыздың ұлттық өнерінің тағы бір керемет түрі бұл айтыс. Наурыз мейрамында ақындар айтысы болып отырады. Ежелден келе жатқан осы төл өнерімізді жалғастыру өз парызымыз деп түсінген кішкентай айтыскерлерімізді қошеметтеп қарсы алайық.

Ұлдар мен қыздар айтысы        

Ерасыл:

Ата –баба дәстүрін,

Үйретуден қашпаймыз

«Айтыс» десе сәнденіп,

Қыздар іздей бастаймыз.

Айзере:

Біржан болып сен келсең,

Ақын Сараң мен болам,

Сәйгүлік болып сен шапсаң

Аққу құсым мен болам.

Бірге:

Еркем, еркем, еркемай

Еркелеген еркемай

Еркелеген ерекемді

Еркелетсем екен-ай.

Али:

Біздің топтың ұлдары

Шеттерінен ақылды –ақ

Жұмбақ, тақпақ бұл тойға

Айтып берер тақылдап.

Ақерке:

Үй жабдығын бұл тойға,

Біздің қыздар сәнденді

Қонақ күтіп, ән салды,

Ұлдарыңнан кем бе еді.

Бірге:

Еркем, еркем, еркемай

Еркелеген еркемай

Еркелеген ерекемді

Еркелетсем екен-ай.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар керемет балалар.

Мерекемізді тағы бір ойынмен жалғастырсақ қалай болады екен?!

Ойын: «Аттамақ»

Ойын шарты: Бұл ойында екі жіпті керіп ұстап тұру керек. Біріншісі төмен, оны аттап өту керек, екіншісі – биік, оны еңкейік немесе шалқайып өту керек. Әуелі ойыншыны алып келіп, осы жіптерден өткізіп, содан соң көзін байлап өтуі керек.

Тәрбиеші: Әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады. Ендеше, ақ кимешекті ақ әжемізбен Қыдыр атамызды қонаққа шақырайық.(Қыдыр атамен әже кіреді.)

Қош келдіңіздер! Қыдыр ата! Наурыз Әже! Ортаға жайғасыңдар бүгін біздің «Шолпан»ауылында үлкен той болғалы жатыр бізбен бірге тойлатыңыздар!

Қыдыр Ата: Жарайды құрметтеп бізді төрге шақырсаңдар ешқандай қарсылығымыз жоқ.

(Ортаға барып отырады)

ӘЖЕ:
— Амансыздар ма, құрметті қонақтар, балалар, көктемнің тамаша мерекесі, Ұлыстың ұлы күні, Наурыз құтты болсын, әр шаңыраққа береке, бірлік, мәртебе әкелсін. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Қайда барса жол болсын! Қолымдағы жіпті көріп отырсыңдарма? осы жіпті орай отырып, бір – бір тыйым сөз айту керек. Аспан ауылымыздың балалары дайынбыз ба? Бастаймыз.
Үйде ысқырма
Үлкеннің жолын кеспе
Асты үрлеме
Саусағыңды аузыңа салма
Тіліңді шығарма
Жақты таянба
Тізеңді құшақтама
Табаныңды тартпа
Бір қолмен нанды үзбе
Есікті қатты жаппа
Отқа түкірме
Үйге қарай жүгірме
Есікті керме
Үлкеннің алдын кеспе

Бәрекелді өркендерің өссін балалар осының бәрін орындап жүрсеңдер жаман болмайсыңдар!

Ал Плутон ауылынанда балаларым келіп қалыпты қәнекей сендер мақал мәтел жалғастыра аласыңдарма? Бақтарыңды сынап көрейін әжелерің қандай мақалдарды айтып бергенін көрейік:

— Балалалы үй базар

— Баласыз үй мазар.

— Ата бәйтерек

— Бала жапырақ.

— Ана сүті бал

— Баланың тілі бал.

-Бала күлкіге тоймас

-Болбыр ұйқыға тоймас.

-Ойнай берсең бала боларсың

-Ойлай берсең дана боларсың.

-Тіліңмен жүгірме

-Біліммен жүгір.

-Өтірік сөз өрге баспас.

-Кекшіл болма

-Көпшіл бол.

-Әзіл айтсаңда әділ айт.

-Отан отбасынан басталады.

-Отансыз адам

-Ормансыз бұлбұл.

Жарайсыңдар құлындарым нағыз Отан қорғайтын азамат азаматшалар болыңдар!

Қыдыр ата: Наурыз әжесі көрдіңізбе балаларымыз қандай білімді және ақылды. Ендеше балаларымыздың күштерін сынап көрмедікпе?

Ойын: «Арқан тартыс» (екі топ)

Ойын: «Қол күрес» (екі топ)

Кішкентай бала қолында қамшы бар “Сүйінші, сүйінші” сәби дүниеге келді.

Қыдыр Ата: Сәбилерің құтты болсын! Баланың бауы берік болсын! Кішкентай сәбиді әкеліңдер азан шақырып атын қояйық!

Әже: Құндақталған сәбиді алып келеді!

Қыдыр Ата: Сен наурыз мерекесі күні дүниеге келгесін  сенің атыңды Наурызбай қоямыз деп Сенің атың “Наурызбай” Сенің атың “Наурызбай” Сенің атың “Наурызбай” үш рет құлағына айқайлайды.

Наурыз Әже: Енді дүниеге келген сәбиді бесікке салайық! Балалар, бесікке салу үшін Бесік, қолбау, аяқбау, шүмек, көрпе, көпшік . Бесік — қасиетті мүлік. Бесікті аластап, тыштырма жасап, баланы бесікке бөлейді. Бәле-жаладан сақтасын деп, ырымдап, оған тұмар тағып қояды.

Тәрбиеші: Ал, құрметті халайық, бесікке салу рәсіміне кезек берейік.
Әже: Бұл — бесік. Бесіктің жабдықтарын айтып өтейін. Көрпесі, жастықшасы, баулары, аяқбауы, жөргегі, түбегі, шүмегі болады.
— Ал енді бесікті дайындап, бөбегімізді жатқызайық.
— Бесікке баланы салмас бұрын, аластап алған дұрыс.
— Шырпыны жағып, отпен аластайды. (сіріңкені көрсетеді)
Алас — алас, алас,
Бар пәледен алас.
Барлық пәле желмен кетсін,
Ағынды сумен кетсін.
Алас — алас, алас.
Енді тыштырма рәсімін жасайық.
Тышты, тышты, тышты ма?
Балалар хормен: Тышты, тышты

Конфетті уыстап алып, екі жаққа балаларға шашады
Қайталап айтады: Тышты, тышты, тышты ма?
Бөбегім ұйықтап дем алсын
Қуанып оянсын!
Әлди – әлди, ақ бөпем
Сендей сәби жоқ көкем
Анам әкем дейсің бе, тілің тәтті екен
Әлди – әлди, ақ еркем
Бой жетерсің сен ертең
Мақтанышы елімнің, өзің бол еркем

Тәрбиеші: Ал балалар енді бойымызды серітіп ойын ойнап жіберейік:

Ойын: «Қыз қуу»

Ойын: «Асық ату»

Ән: «Наурыз»
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Наурыз әжеміз жылы лебізді сөзіңізбен  тілектеріңізді айтсаңыз. Қыдыр атамыз өз батасын берсе нұр үстіне нұр болады.

Әже: Жылымыз мерекелі, берекелі, тоқшылық болсын.

Сәуір болшмай тәуір болмас Көк қаулап өссін, ақ мол болсын! Қайда барсаң жол болсын! Наурыздан соң, қыс болмас.Мизамнан соң жаз болмас. Жаз сайға қонба. Қыс қырға қонба.

Бата.

Бисмиллахир – рахманир – рахим!

Әуелі құдай оңдасын!

Әулиелер қолдасын!

Мал берсін, бақ берсін!

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын!

Наурыз меркесі құтты болсын, әмин!

Тәрбиеші: Осымен біздің, «Қош келдің, төрлет, Наурызым» атты ойын сауығымыз өз мәресене жетті. Сау болыңыздар! Аман болыңыздар. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

3 комментария

  1. Еңбегіңздің жемсін көріңіз!

  2. Гүлбану

    Керемет күшті құтты болсын Еңбегің жансын

  3. Бибігүл апай керемет күшті. Өз ісінің маманы керемет

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.