Сапарова Сауле Амангельдиновна
ШЖҚ «М.Мақатаев атындағы
№140 гимназия» МКК-нің химия пәні мұғалімі
«Ғасырлар сыр шертеді» тақырыбында тәрбие сағатының жоспары
Абзал:
Армысыздар, аяулы ұстаздар, құрметті ата-аналар, қымбатты шәкірттер! Бүгінгі Тәуелсіздік мерекесіне арналған «Ғасырлар сыр шертеді» атты мерекелік кешімізге қош келдіңіздер!
Адина:
Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,
Мықты болсын елімнің керегесі.
Татту-тәтті болып халқым әрқашан,
Кетпесін туған жердің берекесі
Абзал:
Жасымнан тарихты танып көргем,
Сол тарих өнері шабыт берген.
Мен қазақпын ғұндардың ұрпағымын,
Кезінде Бейжіңді де шауып келген.
Мен қазақпын Мөдемін, Атилламын,
Бар ғалам қаһарымнан қауіптенген.
Мен кешігі сақтардың сарқытымын,
Парсылар ерлігіме парық берген.
Күннің астын билеген Күлтегінмін,
Күллі әлем ерлігімді таңып көрген.
Мен Бейбарыс тоқтатып Шыңғыс ханды,
Мұсылманға еркіндік алып берген.
Шыңғыс:
Мен қазақпын, Кереймін, Жәнібекпін.
Жазылған тарихқа алтын әріптермен.
Мен Қасыммын, Тәукемін, Абылаймын,
Тектілік рухына қанып келген.
Райымбек, Бөген, Наурыз, Қабанбаймын,
Жоңғарды табанына салып келген.
Мен Абаймын, Шоқанмын, Ыбыраймын,
Даңқым бар дүниеге дәріптелген.
Мансұр:
Мен Әлихан, Ахмет, Міржақыппын,
Алаштың аспанында жанып сөнген.
Мен кешегі қаһарман Бауыржанмын,
Мәскеуді де кеудеммен жауып берген.
Мына мен Рақымжанмын Рейхстагтың,
Төбесіне ту тігіп, алып берген.
Мен қазақпын, Қайратпын, Ләззатпын,
Желтоқсанның көк мұзын жарып берген.
Алихан:
Мәңгіліктен жол тарттып мәңгілікке,
Дәрежелі орынымда алып төрден.
Менен мықты халық жоқ, Аллам өзі,
Ешқашан өшпейтұғын даңқ берген.
1-көрініс «Отырардың күйреуі»
Сахнаған кішкентай баланы жетелеген қария шығады:
-Тыныш, тыныш балақай. Дыбысыңды шығарма. Ешкім естіп қоймасын… Мен сені сонау елшілердің қақпасынан шығарып жіберемін. Ал сен шыққан бетте жоңғарлардың әскеріне ұсталып қалмай, қаш! Балақай, қараңғы түннен қорықпа. Сен ата-анам қайда деп жыларсың. Иә, жыла, бірақ қайтсең де аман қал!!! Жоңғарлардың жауыздығын, ен даламның байлығы — Отырар кітапханасын қалай жермен-жексен еткенін, мынау Отырар халқының ерлігін кең далама жырлап бер. Қаш, қаш балам…
Сахнада екі автор отырады кітап жазып.
1- автор (Шыңғыс) : ХI — XII ғасырда Отырар қаласы мәдениеті дамыған әсем қала болады. 1218 жылы Отырар қаласының билеушісі Қайырханның әмірімен Шыңғысханның керуендегі көпестері өлтіріледі. Бұл оқиға Шыңғысханның Орта Азияға шабуыл жасауына себеп болды. Тарихта бұл қырғын «Отырар апаты» деген атпен белгілі. 1219 жылы монғолдар қаланы қиратып, тірі қалғандарын Моғолстанға айдап әкетті.
Әуен тоқтап, сахнада Шыңғысхан қаһарланып отырады. Қасында нөкерлері мен басын төмен салып баласы Шағатай тұр.
Шыңғысхан: (Абзал)
— Даңқың қайда төске өрлеген?
Екі жүз мың әскерменен
Алты ай бойы кіп-кішкентай
Отырарды ала алмау,
Алты ай бойы Отырардың осал тұсын таба алмау,
Ойы – дауыл,
Сезімі – аспан,
Тек жеңіспен көзін ашқан
Менің алғыр ұрпағымның сүйегіне зор таңба,
Намысыма сызат түсті мына сенің арқаңда.
(Шағатайға оқты көзін қадайды).
Шағатай: (Жасын)
— Осы өкініш мені де өртеп барады.
Отырардың бақытына орнаған
Болар бәлкім,
Алдырмай тұр сол қамал.
Бірақ, әке, жүргенім жоқ аянып,
Қанша үмітім желге ұшты,
Қанша әскерім жер құшты,
Дала жатыр қызыл қанға боялып.
Егер бүкпей баяндасам шындықты,
Рухы — ер, Тәні – бекем,
Бұл бір қайсар халық екен,
Тірліктен де артық қойған бірлікті.
Шыңғысхан:
— Шалалаусың (жымияды)
… Қай кезде де айла кескен нарықты,
Жақын барып, үңілместен жауыңа,
Шығам деме, ұлым жеңіс тауына.
Адам аз ба күшке сеніп адасқан?
Жауың мықты,
Бұған сірә, таласпан,
Әр мықтының осал жері болмай ма?
Болса — қайсы?
Оған бастар жол қайда?
Ал бұл сұрақ әр кез сенің жүру керек басыңда,
Менің күллі жеңісімнің құпиясы осында!
Шағатай: — Ұқтым әке! (басын иеді)
Сахна шетінде 2 — автор: (Әліби)
Алты ай бойы ерлік салтқа төрін берген Отырар,
Алты ай бойы алапатта жеңілмеген Отырар,
Алты — ақ күнде жермен жексен қирады.
Ақыл – ойын жалындатқан,
Өнер, ғылым шамын жаққан
Ұлы қала Азияның маңдайына сыймады.
Сахна шетінде 1 — автор:
Үш күннен соң екі адамды Шыңғысханға ап келді
Оның бір – аты аңызға айналған,
Алты ай бойы Отырарды
Құтқарам деп арпалысқан қайраннан,
Аман өткен сан алапат майданнан,
Жүрек шамы ізгіліксіз жанбайтын
Қанаттыны талаптыға жалғайтын,
Фараби мен Йассауидың жырларын
Таңнан – таңға жатқа айтудан талмайтын,
Әрі өзгеше ел басқару мәнері
Отырардың Қайыр атты ханы еді.
2 — автор:
Екіншісі – қара мұртты, қара түн,
Қара түнде қаққан қара қанатын.
Шағатайға Отырардың қақпасын
Ашып берген Қарашоқы болатын
Қайран тірлік бақ пенен сор қырқысқан,
Түлкі – сайға, қырын өрге тырмысқан,
Екеуіне алма – кезек көз тастап,
Ұзақ үнсіз ойға шомды Шыңғысхан.
Шыңғысхан:
Ия, Қайырхан, (сәл ойланып кідіріс жасайды)
Рух ердің өзегі ғой қайда да,
Ең әрісі – жеңілістің өзін де
Шешкім кеп тұр өзіңнің пайдаңа.
Жігіттерім рухың қармақты
Салмақ болып, тәніңді әбден қорлапты.
Қорлапты әбден
Құлағыңды құнтитып,
Мұрныңды да кесіп апты шұнтитып.
Батырлықтан бағың бірақ жанған, ә!
Маған қарап күліп тұрсың сонда да.
Олар сенің жеңгенменен тәніңді,
Амал нешік жеңе алмапты жаныңды.
Мысқыл күлкің салды маған қаншама ой!
Шіркін сендей бес қолбасшым болса ғой,
Қалың қолым ұқсап дүлей тасқынға
Бөлеп дархан күйге мені
Бүкіл әлем билер еді!
Аяғымның астында
Ха — ха — ха — ха! Ал мына бір сатқынды
Құдай саған қайдан ғана тап қылды?
Ха — ха — ха — ха!
Қайғылы әрі күлкілі,
Қайран аңқау дара тұлға
Аңғармайсың қанатыңа жасырынған түлкіні!
Өрлігіңе осы болсын сыйлығым,
Саған қидым бұл сатқынның билігін.
Қарашоқы: (Саят) (бағанадан бері масаттанып тұрған Қарашоқы мына сөзден кейін шошып кетті)
— Ұлы ханым!
Әділдік пе мұныңыз?
Өле – өлгенше боп өтейін, құлыңыз,
Отырарды мен қол ұшын бермесем,
Оңай жаулап алар ме еді ұлыңыз.
Шыңғысхан: (Түнеріп, орнынан тұрады)
Оған дау жоқ
Сенен асқан бар ма тірі өлік?
Қастерлінің бәрін жыққан табанға
Азғын сен бе?
Әлде мына заман ба?
Тым құрыса, қасиетті бір сезім,
Қалу керек емес пе әрбір адамда?
Рас, менің нөкерлерім безбүйрек.
Зұлымдықты ерлік деп те таниды.
Олар тіпті өкшесімен езгілеп,
Кете алады жазығы жоқ сәбиді.
Одан да ірі хайуандыққа жете алады төзімі.
Бәрін өзім үйреткенмін о баста.
Сатқындыққа сатқындықпен тіл қату
Ұқсамай ма табиғаттың заңына?
Құлақ түрер кім қалды енді сенің зарыңа?
О дүние сапарына сатқыным,
Сеніп аттан әділдіктің барына.
Шыңғысхан нөкерлеріне қарап, бұйрық береді)
— Қане, қылыш ұстатыңдар,
— Қайсар батыр Қайыр ханның қолына!
Қайыр хан: (Жәнібек)— Тоқта, Шыңғыс: (дауысы саңқ етіп)
Бұл баланың әкесі бір нар текті,
Адам еді елге сыйлы, зиялы,
Адам еді адал ұшқыр қиялы.
Әкесі үшін перзентіне сеніп ем,
Сатқын болып шықты мына тұяғы
Оны ойласам от жүрегім қан болар,
Сеніміме одан түскен таңба бар.
Мақұл көрсең, әкесі бұл сатқынның
Осы араға алдырғаны жөн болар.
(Шыңғысхан нөкерлеріне бұйрық береді)
Шыңғысхан: Алдырыңдар әкесін:
(Қаба сақал қарт кісіні алып келеді)
Қайыр хан:
Жылан туса жыланнан,
Қыран туса қыраннан,
Таңданатын түк те жоқ.
Бірақ жылан қалай туды қыраннан? (басын төмен салып)
Қария: (Мансұр)
— Сыйлы басым қуарды,
Жария етіп жалғанымды,
Менің қыран болғанымды,
Заман бүгін өтірікке шығарды.
Әділі сол, көнбе мейлің, көн мейлің.
Әр адымы қиындаған,
Адал өлім бұйырмаған
Менен сорлы жан бар десең сенбеймін
Көрінетін бетім бар ма еліме?
Мына сатқын перзентіме қосақтап,
Өлтіруге міндеттісің мені де!
Азғындақтың соңы бізбен құрысын
Сабақ болсын ертеңгі атар күн үшін.
Шыңғысхан:
Өкінгенмен болмайды,
Ешкімге де берілмейді бас сауға.
Бұйрық еттім түгел қырып тастауға
Отырырда еркек кіндік қалмайды.
Қария: (Қарашоқының әкесі)
— Қателестің қалады,
Жұма бұрын
Шеткі Елші қақпадан Жүзін жалын қақтаған
Мен құтқарып жібердім бір баланы
Қайыр хан:
— Бәрекелді, (жүзі көтеріліп)
Бұл еңбегің жарады,
Бірақ одан ұрпақ тарап,
Одан ақын туғанша,
Ал, ол ақын ата жолын қуғанша,
Кеудесіне сиғызғанша даланы,
Талай өзен ағып өтер….. (деп үнсіз ойланып, тізерлеп отыра кетеді)
Батырлар биі: 8 ұл
2-қойылым “Қазақ хандығының құрылуы”
Сахнаға Есен-бұға, ақсақалдар мен билері шығып отырады.
Уәзір: Алдияр тақсыр, сізге Әбілқайыр хандығынан Керей мен Жәнібек сұлтандар келіп тұр.
Есен-бұға: Кірсін!
Керей мен Жәнібек: Ассалаумағалейкум! – деп бастарын иіп амандасады.
Есен-бұға: Келген шаруаларыңды айтыңдар!
Керей: Ойраттардан жеңілген Әбілқайыр хан ашу-ызасын қоластындағы халықтардан алып, жазалай бастады.
Жәнібек: Салықты көбейтіп, тайпамыздың берекесін алуда.
Керей: Сондықтан да біз, бауырымыз Жәнібек екеуіміз, сізге бұйымтаймен келіп отырмыз.
Есен-бұға: Бұйымтайың болса айт!
Керей: Бір аймағыңыздан бізге жер бөліп берсеңіз, сол жерде өзіміздің тайпамызбен қоныстанып, өсіп-өнсек деген ойдамыз.
Есен-бұға: Керей, Жәнібек, мен өзімнің ақсақал, сұлтандарыммен ақылдасайын. Сендер барып демалыңдар!
(Керей мен Жәнібек шығып кетеді)
Есен-бұға: Қандай ойда болып отырсыңдар?
1 —Ақсақал: Жер халықтың байлығы, оны ешкімге беруге болмайды.
2- Ақсақал: Осы жолы ығысып Керей мен Жәнібекке орын берсек, ертелі-кеш сол жақсылығымыз өзімізге кері айналып келмесін.
1-би: Әбілқайырдан өш алар кез келді! Шекарамыздың батыс аумағын қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз керек
2-би Мұндай ұсынысты біз өз пайдамызға пайдалануға болады.
Есен-бұға:Әбілқайыр менің жауым. Яғни менің жауымның жауы – менің досым. Шу мен Талас өзенінің бойындағы Қозыбасы жері солардың қоныстары болсын деп ұйғардым. Шақырыңдар, Керей мен Жәнібекті!
Уәзір: Керей, Жәнібек сұлтандар, кіріңіздер!
Есен-бұға: Ойлана, ақылдаса келе былай шештік: Шу мен Талас өзенінің бойындағы Қозыбас аумағы сендердің мекендерің болсын!
Керей: Алдияр, біз бұл жерді құт мекенге айналдырамыз.
(Есен-бұға, ақсақалдар мен нөкерлері шығып кетеді)
Жәнібек: Уа, Сүйінші, халқым! Көптен күткена арманымыз орындалды. Бір ту астына жиналар күн туды!
(Сахнада халық мәре-сәре болып бірін-бірін құттықтап жатады)
Керей: «Жаңбырменен жер көгерер,
Батаменен ел көгерер» демекші, ақсақал, бата беріңіз.
1-Ақсақал: Түндеріміз тыныш болсын,
Үйлерімізге ырыс толсын!
Ұлдарымыз сесті болсын.
Қыздарымыз есті болсын,
Балаларымыз қуаныш әкелсін,
Немерелеріміз жұбаныш әкелсін.
Орындарымыз төр болсын,
Дастархандарымыз мол болсын.
Қатарларымыз көп болсын,
Уәйім- қайғымыз жоқ болсын.
Жастардың қазасын көрмейік,
Зұлымдардың жаласын көрмейік!
Елімізде бірлік болсын,
Жарасты тірлік болсын!
Әумин.
«Серпін» биі
Жасын
Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген.
Жөргегімде таныстым мұң тілімен
Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Мен – қазақпын, ажалсыз анамын мен,
Құрсағыма сыйдырам даланы мен.
Пәк сәбимін бесікте уілдеген,
Дәуірлермен құрдаспын, данамын мен.
Естай Алинұр
Мен – жігітпін, айқасқа, сынға асықпын.
Жүрегі бар кеудемде шын ғашықтың.
Жанартаудай жойқынмын жұлқынғанда,
Шарықтасам, қыран боп шыңға шықтым.
Осындай боп, білмеймін, кімнен тудым.
Бәлки қайсақ, бәлки бір ғұннан тудым.
Деп шатыпты біреулер «күннен тудым».
Жоқ, сірә, мен қара құл, күңнен тудым.
Руым көп солардың аттарындай,
Мінезім бар таулардың қатпарындай.
Ән-жырым бар бабалар хаттарындай,
Әжімім бар бейнеттің таптарындай.
Әбітай Абай
Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім, күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Қарсыласпай өлмедім, қан татырдым.
Құлап қалсам атымнан, қайта тұрдым.
Сансыз басты диюдей сан тіріліп,
«Мен – қазақпын» дегенді айта тұрдым.
Сауырбай
Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген.
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Қашан қазақ атандым мен азандап? –
Әлі күнге білмейсің, ей, адамзат.
Есіміме береді бала жасын
Құлпы тасты шұқыған кей азамат.
Өзі шешер тарихтың талас үнін,
Әйтеуір мен – адамның баласымын.
Екеу емес, адамзат біреу ғана,
Айырымы жоқ ақ өң мен қарасының.
Илияс
Мен – қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тілімен.
Жылағанда жүрегім күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.
Мен – қазақпын, бір биік белеспін мен
Европа да, Азия да емеспін мен.
Аралықпын, жетінші материктей,
Бірақ барша адаммен тел өстім мен.
Жүргенімде жүдеткен түнде езіле,
Дүр сілкінтіп дүмпуіл тиді өзіме.
Ұлы аралдай жер-мұхит астындағы
Қалқып шықтым түнектен күн көзіне.
Шыңғыс
Қандай дүние жетеді балауына!
Бәрі сенің, жан Отан, қалауыңа!
Өз бейнеңдей әлемге тұр танылып
Қазақстан гербі де, жалауы да.
Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді, айта бергім!!!
Хор «Көк тудың желбірегені»