Home » Жаңалықтар » Әкенің орны…

Әкенің орны…

Алматы қаласы, Бостандық ауданындағы № 183 жалпы білім беретін мектебінде
“Әке-отбасы тірегі” атты әкелер форумы өтті.

Әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы.
Бала тәрбиесіндегі “әкенің рөлі” ерекше екенін түсіндіру мақсатында өткізілген іс-шара үлкен жауапкершілікпен, махаббатпен жасалғаны көрініп-ақ тұрды.

Форум мектеп директоры Нурмуханбетов Габидолла Кабдылзиятұлы алғы сөзімен басталды. Іс-шара ары қарай балалардың әкелеріне деген жылы лебіздерімен жалғасты. Күмбірлеген күй мен оркестрдің әсем әні шырқалды.

Форумның келесі кезеңі — спикерлермен пікірлесге өтті.
Спикерлер құрамында:
ҚР Парламент мәжілісінің депутаты, мектептің қамқоршылық кеңесінің төрағасы — Стамбеков Ерлан Даулетұлы,
Қоғам белсендісі, “Бәйдібек баба” қорының тең төрағасы — Қанат Діністанов,
ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы — Валерий Васильев болды.
Қонақтар әкелер қауымымен бала тәрбиесіндегі, отбасындағы әкелердің қамқорлығы, отбасылық міндеттері жайлы негізгі мәселелерді түрлі мысалдар келтіре отырып баяндады..

Іс-шара соңында ашық микрофон айдары өтті. Яғни, форумға келген әкелеріміз өз ойларын ортаға салды.

Қазақ «Бір әкенің тәрбиесін жүз мектеп те бере алмайды» деп жайдан жай айтпаса керек.
Әке-биік, әке-тау, әке-шынар!
Отбасының басында…Жоқ!
Өмірдің басында ӘКЕ тұрар! (М. Өміртай)

Іс-шараны ұйымдастырған мектеп әкімшілігі “әкелердің қадірі мен қасиеті бүгінгі күні маңызды” дейді.

BILIM AINASY
Алматы қаласынан
Ақерке Амангелдіқызы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.