«Білім – теңіз, түбі де шегі жоқ», — деген Жүсіп Баласағұнның нақыл сөзі, уақыт жылжыған сайын кешегі оқыған білім, бүгінгі заман талабына сай келе бермейтінінің дәлелі. Көзіміздің қарашығындай сақтап отырған жас ұрпақ– ертеңгі қазақ елінің жарқын болашағы. Демек, ХХІ ғасыр оқушысын саналы, білімді, бәсекеге қабілетті, өз білімін өмірде орынды пайдалана алатын тұлға ретінде қалыптастыру – қазіргі таңдағы маңызды мәселелелердің бірі. Білім ордасында қызмет атқаратын ХХІ ғасыр мұғалімінің білімі мен білігі заманауи талаптарға сай шыңдалуды қажет ететіндігі даусыз. Әлемдегі барлық адамдардың ішінен мұғалімдер ғана үздіксіз оқудың бағасын түсінеді және өзгерістің болмауы, өсудің тоқтағанын білдіретіндіктен, мұғалім өзгермей, мектеп те ешқашан өзгермейді деген ойға келдім.
Олай болса, мектептегі өзгерістерді жүзеге асыруда қажеттіліктерді қалай анықтау қажет? Осы орайда, мектебіміздегі өзгерістерді жүзеге асыру мақсатында мұғалім, оқушы және ата-аналармен біріге отырып өткізілген іс шаралар соның нәтижесі. Нақтырақ айтқанда, қазіргі таңда мектептің қандай деңгейде екенін және оларды қандай сұрақтар мазалап жүргенін анықтап алу қажеттілігі айқындалды.
Алматы қаласы, Бостандық ауданына қарасты №40 жалпы білім беретін мектепте өткен жас мамандарға арналған «Білім беруді цифрландыру жағдайында оқу удерісі» атты қалалық семинардың «Білім беруді цифрландыру жағдайында мектеп педагогтарының құзіреттілігін жетілдіру» мақсаты жас маман үшін таптырмас тәжірибе алмасу екені сөзсіз.
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Нүсіпхан Анар Жақсылыққызы,
Қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Сапархан Нұрай Мырзабекқызы,
Орыс тілі пәнінің мұғалімі Рысқұлбек Аруна Болатқызы,
Математика пәнінің мұғалімі Жолдас Ербол Қожахметұлы,
Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Көлбаева Данагүл Қайырғалиқызы,
бастауыш сынып мұғалімдері Жақсылықова Әсел Беріқызымен,
Иманбаева Арайлым Ерболқызы өз қатарластарына жас мамандарға үлгі етер әдіс тәсілдерін көрсете білді. Оқушыны баурап алған ұстазға деген оқушының да айтары бар. Келген қонақтар мұғалімдерге алғысын жаудырып, осындай семинарлар көбірек ұйымдастырсаңыздар тағы да келер едік деген ниеттерін білдірді.
Алматы қаласы
Бостандық ауданы
40 ЖББМ директорының м.а
Бибігүл Бейсембаева