Home » Жаңалықтар » Жас ұстаздар тәжірибе жинақтады

Жас ұстаздар тәжірибе жинақтады

18 қаңтарда “Оқыту үдерісіндегі педагогикалық технологияның тиімділігі” тақырыбында аудандық семинар өтті. Оған Бостандық ауданының мектептерінен жас мамандар қатысып, тәжірибе жинақтады.

Семинар барысында мектептің химия пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Бектасова Назира Турганбековна жас ұстаздарға “Білім беру мазмұнын жаңарту үрдісінде оқушылардың білімін бағалаудың тиімділігі” тақырыбында баяндама оқыды. Биология пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы Молдабаева Әсел Ғабитқызы “Жеке бренд — табысты ұстаз құпиясы” атты коучинг өткізді.

Семинар ары қарай жас ұстаздардың ашық сабағымен жалғасын тапты. Математика пәнінің мұғалімі, педагог-модератор, педагогика ғылымдарының магистрі Асхат  Бекенбай 5 “А” сыныбымен “Ондық бөлшектер. Ондық бөлшектердің оқылуы және жазылуы”, биология пәнінің мұғалімі, педагог-модератор, биология ғылымдарының магистрі Айдана Көшербаева  9 “А” сыныбымен “Дезоксирибонуклеин қышқылы молекуласының құрылысының принципі”, Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі, педагог-модератор, филология ғылымдарының магистрі Баубек Жұмаш 10 “А” сыныбымен “Шашты әңгімесіндегі кейіпкерлер бейнесі”, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, педагог-модератор, магистр Айдана Қалқабаева 8 “Б” сыныбымен “Sports games and activities. Revision lesson”, бастауыш сынып мұғалімі, медагог-модератор Арайлым Сасанова 2 “А” сынып оқушыларымен “Екі таңбалы сандарды жазбаша қосу мен азайту. Өлшем бірліктер” тақырыбында ашық сабақтар өткізді.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.