Home » Мақалалар » Адамның бақыты – балада

Адамның бақыты – балада

Сулейменова Салтанат Абилкаимовна,
Астана қаласы әкімдігінің
№76 «Әдемі»
балабақшасының инновациялық әдіскері

    Бала — әр жанұяның бақыты. Сәби дүниеге шыр етіп келген сәттен бастап, ата-ана үшін қиын да қызықты, жауапкершілікті талап ететін үлкен қоғамдық міндет алдында тұрады. Ол — бала тәрбиесі.
Әрине, ең алдымен, бала тәрбиесінде алғашқы ұстаз ата-ана. Бала үшін отбасыдан артық тәрбиеші жоқ. Тәрбие балаға сөзбен, теориямен дарымайды, үлкендердің үлгісімен, өнегесімен сіңеді. Адамгершілік, мейірімділік, әдептілік, инабаттылық, жанашырлық сияқты қасиеттер дарыту — ең басты парыз.
Бала тәрбиесі ана әлдиінен басталып, білім беру мекемелерінің кәсіби тұрғыдағы жан-жақты жұмысы және мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілерінің еңбегі арқылы өмір бойы қалыптасып отыратын күрделі құбылыс. Балаңды өзіңнің емес, ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле! Дана халқымыздың атадан-балаға жалғасып келе жатқан ұлттық тәрбиесі өзге ұлттардан ерекшеленіп тұрады. «Балаңа басқұр қалдырғанша, тозбас дәстүр қалдыр» дегендей, болашақ ұрпақ қамын терең ойлап, дұрыс бағыт берген жөн. Бала ұлттың болашағы. Сондықтан  көк өрім тәрбиесінде «ата-ана, балабақша, тәрбиеші» болып, үш одақ бірігіп, белсене атсалысуы қажет. Себебі, ынтымақ бар жерде тәрбие болады, береке, бірлік те табылады. Бірігіп берілген тәрбие рухани байлықпен қалыптасады. Бүгінгі таңда білім беру жүйесінің алғашқы буыны болып табылатын мектепке дейінгі кезеңде балалардың ақыл-ой қабілетін жан-жақты дамыту және тәрбиелеу мәселесіне ерекше мән берілуде, себебі осы кезеңде балалардың ақыл-ой қабілетінің даму мүмкіндіктері мол. «Адамның адамшылығы — ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деген Абай атамыз. Ендеше ұрпақ тәрбиесінде аянбай еңбек етіп, білгеніңді үйретіп, жауапкершілік таныту арқылы біз өнегелі, білімді, саналы ұл- қыздарымыз баулимыз. Бұл қиын да қызықты еңбектің жемісі, келешектің қайнар көзі болып табылары сөзсіз. Ендеше, бала тәрбиесінде барымызды аяп қалмауымыз керек.

18 комментариев

  1. 👍👍👍👏👏

  2. Акжаркын

    Салтанат Абилкаимовна, мақалаңыз қазіргі таңда өте өзекті тақырыпта жазылған. Шығармашылық шыңдала беріңіз!

  3. Салтанат Абилкаимовна сәттілік😘

  4. Толкын Танатаровна

    Салтанат Әбілкаймовна білікті маман!Өз ісінің шебері!

  5. ГУЛЖАУХАР

    Салтанат Абилкаимовна, өз жұмысының маманы.Қазіргі таңда ,ең керекті тақырып.Сізге сәттілік! Сіз үнемі ізденіспен жүресіз.Сізге сәттілік тілеймін!

  6. Дінмұхамед

    Көркем мінезді білімді ұстаз! Әр жұмысына тиянақты.

  7. Келісемін мақалаға! әр қашанда жаңашылдық іздеп жүретін кісі, Салтанат апай

  8. Сыргалым

    Жасайсыз!шыгармашылык табыс тилеймин

  9. Салтанат Абилкаимовна өз ісінің маманы, сәттілік тілеймін. Биіктен көріне беріңіз

  10. Мақаланыз өте нақты, қазіргі таңдағы жастарға түсінікті тілде айтылған👍🏻👍🏻 Сіз сияқты тәрбие беріп,жол көрсететін үлкен өнегелі ұстаздарымыз көп болсын!

  11. Бахыткул Сериковна

    Салтанат Абилкаимовна сіз білікті мамансыз, сізді әрқашан қолдаймыз

  12. Ермухан

    👍👍👍👍👍

  13. Назерке

    Керемет 🤘жарайсың!

  14. Салтанат Әбілқайыиқызы,сәттілік!

  15. Сәттілік!!!!

  16. Жұмысыңызға тек қана сәттілік тілеймін, еңбегіңіз ақтала берсін🌹

  17. Гүлжазира

    Супер
    Адамнын бакыты балада

  18. Алтынай

    Оте Керемет макала. Автор ушкур ойлы екен.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.