Home » Мақалалар »  ӘЛЕМДЕ БАЛАНЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕН ИГІ ІС ЖОҚ…

 ӘЛЕМДЕ БАЛАНЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕН ИГІ ІС ЖОҚ…

Абдикаримова Мейринса Құттыбайқызы,
Астана қаласы әкімдігінің
№ 83 «Жансая» балабақшасы
мектепалды даярлық топ тәрбиешісі

Қазіргі таңдағы әлемде болып жатқан үлкен өзгерістер ұстаз-тәрбиешілерге (педагогтарға) мынадай міндеттер жүктейді: білімді, саналы, жан-жақты дамыған тұлғаны  қалыптастыру. Бала бойындағы қабілеттерді ашып, заман талабына сай құзыретті тұлға ретінде қалыптастыра білсек, бұл мақсатымызға біршама жақындағанымызды көрсетеді. Жас  баланың жаңаша ойлауына, дүниетанымының қалыптасуына әлемдік деңгейдегі білімді меңгеруіне, сонымен қатар жаңаша білім мазмұнын игере білуіне жағдай жасап, оны өмірде толық пайдалануына ықпал ету бұл да тәрбиеші мен ата-анаға жүктелген міндет. Үшінші мыңжылдықтың сан түрлі өзгерістері мен қызыққа толы жаңалықтары  жас ұрпақты заманға сай дамытып, қалыптастыруға итермелеуде. Баланы тәрбиелей отырып, оған ықпал ететін жаңаша  жаңалықтар енгізу, құзыретті ұрпақ қалыптастыру білім беру жүйесіндегі ең  өзекті мәселелердің бірі. Қазіргі кезде кез-келген салада «құзыреттілік» сөзі кеңінен қолданылуда. Бұл сөздің педагогика саласындағы өзіндік анықтамасы мынадай; құзыретті ұрпақ – әлемде болып жатқан әр қилы жаңалықтарға қызыға қарап, тамсанатын, өз ұлтымен қоса өзге ұлттың тілін, дінін, салт-дәстүрін меңгеруге дайын бәсекеге қабілетті, жан-жақты дамыған тұлға.
«Кішкентай бүлдіршіндердің дамуына ықпал ететін үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы ретінде мектепке дейінгі білім беруге баса назар аударған жөн және бұл сатыны олардың шығармашылық және интеллектуалдық қабілеттерін дамытуға арналған тиімді бағдарламалармен қамтамасыз ету қажет.  Мектепке дейінгі тәрбие – балаға тәрбие мен білім берудің алғашқы баспалдағы іспеттес. Бұл кезеңде тәрбие мен білімнің негізі қалай қаланса, сол бағыт бойынша кішкентай бүлдіршіннің өмірге қабілеттілік немесе өмірге деген өзіндік көзқарасы жоқ тұлға ретінде қалыптасуы да осы мектепке дейінгі тәрбиеге байланысты. Себебі, үйдің негізі қалай қаланса, үйдің болашақтағы жарамдылығы мен жарамсыздығы соған байланысты болатыны анық.
Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді көтергенімізде қолға алар ісіміздің өзі ұрпақ тәрбиесі. Қазіргі замандағы ең басты мәселе –бала тәрбиесі. «Әркім өз жолын тауып кететіндей бала тәрбиесі жеңіл нәрсе ме? Деген сұрақ туындайды.  ЖОҚ, әрине.  «Бала тәрбиесі – өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер.» – деген екен М. Жұмабаев. Тұлғаның білімді болып қалыптасуы, елдің тірегі болуы – тәрбиенің нәтижесі.
Баланың болашақта қалыптасуы біріншіден үлкендермен қарым-қатынасына байланысты болады. Зерттеуші ғалым-педагогтар және психологтар жылдар бойы бақылаған баланың ойын іс-әрекетіне байланысты бірнеше қорытынды жасады. Ата-ананың тәрбиелеу әсеріндегі маңызды ерекшелігі, баланың дидактикалық ойындарға ойнауы, рухани және ақыл-ой тәрбиесіндегі маңызы көп және сол үрдісте баланың еңбек құралдары, мамандықтары туралы түрлі заттардың ерекшеліктері туралы біліп, білімде, жұмбақта және жаңылтпашта жарысады. Халық педагогикасы өзіне баланың өмірінің түрлі жақтарын қосып алды, соған қоса олардың денсаулығы, мінез-құлқы, мінез ерекшеліктері және т.б.
Тоғыз сөздің тобықтай түйініне тоқталатын болсақ, тәрбие – адам өміріндегі негізгі, ең маңызды заттың бірі. Тәрбие беруде бағыттан жаңылысу баланың, одан бөлек қоғамды жарамсыз адаммен қамтамасыз ету болып табылады.

13 комментариев

  1. Шахзода

    Керемет жазылған!

  2. Айтолқын

    Керемет шығармашылық табыс тілеймін дұрыс әрі тиімді тәрбие беруден жалықпайық Шығармашылық табыс тілеймін.

  3. Эльмира

    Дұрыс айтады

  4. Сәттілік тілейміз

  5. Жанторе

    Жақсы жазылған

  6. Шапагат

    Керемет айтылган👍

  7. Орынбек

    Керемет алдағы жұмыстарыңызға сәттілік

  8. Ақжол Келес ауданы

    Іске сәт орынды жазылған

  9. Тамаша жазылган!

  10. Тоқтасын Тоқажанова

    Өте дұрыс айтылған.Қазіргі уақытта балаға деген
    махаббаты бар тарбиешілерді таппайсын.
    Мейрниса ханым,өте жақсы тәрбиеші.Еңбегін еселеніп,биіктен көріне беруіңе тілектеспін.

  11. Жақсы, ой саларлық екен

  12. Жақсы, ой саларлық екен

  13. Оте дурыс айтылган,исинизге саттилик тилеймин

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.