Home » Мақалалар » Өшпес мұра қалдырған ұлы ақын

Өшпес мұра қалдырған ұлы ақын

Джумагамбетова Зоя Султанбаевна
«Каспий»жоғары педагогика және салалық технологиялар колледжі

 арнайы пән оқытушысы  

 

Өшпес мұра қалдырған ұлы ақын

Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
Қырандай күштi қанатты.

Мен жастарға сенемiн! – деп жырлаған Мағжан Жұмабаевтың туғанына биыл 130 жыл толып отыр. Мағжан Жұмабаев – қазақ халқының тарихында, әдебиетінде ерекше орын алатын ұлы тұлға. Мағжан Жұмабаев Бекенұлы — Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы. Жұлдыздай аққан саналы ғұмырында ақын қазақ халқы үшін өмірлік мұра, сарқылмас рухани азық қалдыра білді. Арада қанша жылдар өтседе ақынның өміршең шығармалары өз өзектілігін жоғалтқан емес. Ақын тұңғыш өлеңінен бастап әлеуметтік тақырыпқа ден қойып, ағартушылық, ұлт-азаттық, демократияшыл бағытты ұстанды. Ұлттың еркіндігі мен азаттығы, бақыты мен теңдігі үшін күрескен Мағжан Жұмабаев — әдебиеттің жарық жұлдызы. Биыл туғанына 130 жыл толғалы отырған ұлт перзентін халық ақиық ақын ретінде құрмет тұтады. Бірақ оның XX ғасырдың алғашқы ширегінде қазақ педагогикасының іргетасын қалаушылардың бірі болғаны жайында көп айтыла бермейді. Оған дәлел ақиық ақынның қиын да қасіретті өмір жолы дәлел. Мағжан тақырыбы ширек ғасырдан астам уақыт бойы зерттеліп келеді.

Осы орайда Қазан айының 10 — жұлдызында  сыршыл ақынның 130 жылдығына арнап Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы «Каспий» жоғары педагогика және салалық технологиялар колледжінде «Мағжан Жұмабаев педагогикасымен ұлттық тәлім-тәрбие» тақырыбында колледж студенттері мен мұғалімдер арасында қалалық ғылыми  тәжірибелік конференция өткізілген болатын.

Қатысушылар екі бағыт бойынша өз ғылыми жобаларын қорғады. Конференция барысында қатысушылар өз баяндамаларын ұсынып, жаңаша ұсыныстарымен бөлісті. Конференция барысында үздік деп танылған баяндамашылар мен ұсыныстар жүлделі орындармен марапатталды.

Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен әдеби шығармаларындағы педагогикалық бағыттар мен ұлттық тәлім – тәрбие туралы философиялық ойлары бағыты бойынша 4 курс студенті Турмамед Ақбаян І – орынды иеленді.

«ӨШПЕС МҰРА ҚАЛДЫРҒАН ҰЛЫ АҚЫН»  тақырыбында Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арнайы «Wix.com» платформасында сайт жасақтады. Сайтта сыршыл ақынның өмірбаяны мен шығармашылығы туралы (сілтеме, видео, QR код) арқылы ақпараттар берілген. Сайт оқырмандарға қолайлы етіп жасақталған. Сайттың тағы бір ерекшелігі оқырманмен кері байланыс орнату арқылы сайт туралы оқырманның ой пікірін біліп, сайтқа үнемі толықтырулар енгізу мүмкіндігі қарастырылған. Қазақ халқының елім деп өткен еңселі азаматтарын дәріптеу үшін бұл сайт ұтымды бастама. Себебі ақпараттық қоғамда, ақпарат көздері мен оқулықтардағы деректерді ұштастыра отырып жинақтау арқылы оқырманға қолайлы әрі жаңашыл сайт жасақтай аламыз. Қазіргі таңда сайттағы ақпарат ауқымын кеңейтіп, мүмкіншіліктерін арттыру жұмыстары жүргізілуде.

«Бастауыш білім беру» мамандыңың 3 – курс студенті Нурбаева Айдана «Мағжан Жұмабаев – елін, жерін сүйген Алаш қайраткері» бағытында Алаш журналын жасақтап ІІ – орынды иеленді. Алаштың арлы азаматтарына арналған журналдың бұл басылымы Мағжан Жұмабаетың 130 жылдығына арналып жасақталды. Журнал басылымында ақын туралы тың деректер мен басылым тақырыбына қатысты түрлі қызықты тапсырлар мен сөз жұмбақ ойындары берілген болатын. Бұл ұсыныс студенттерді гаджетке тәуелділіктен сәлде болса арылтыу. Газет, журналдарға, кітаптарға деген қызығушылығын арттырып ұлт ұландары туралы жүйелі түрде ақпараттармен бөлісіп, дәріптеу үшін ұтымды бастама болып табылады.   Қазіргі таңда колледж студенттеріне арналып «Алаш» журналының жаңа басылымдары жарық көруде.

«Мағжан Жұмабаев педагогикасымен ұлттық тәлім-тәрбие» тақырыбында колледж студенттері мен мұғалімдер арасында қалалық ғылыми  тәжірибелік конференциясы өте жақсы деңгейде қортындыланды. Мұғалімдер өз ара тәжірибе алмасып, біліктіліктерін ортаға салды. Бұл ғылыми  тәжірибелік конференциясы студенттер үшінде үлкен тәжірибе болды. Өз зерттеу баяндамарымен бөлісіп ұсыныстарын ортаға салды. Осы секілді  ғылыми  тәжірибелік конференциялар студенттерге өзін жаңа қырынан танытып, біліктілігін ортаға салуға, ұтымды ұсыныстарын іс жүзінде іске асыруға мүмкіндік береді. Шын мықты сынмен шыңдалады дегендей бізде осындай сын сайыстар арқылы үлкен тәжірибе алып, бәсекеге қабілетті жігерлі мамандар қалыптастыра аламыз.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.