(Бейімбет Майлиннің туғанына 125 жыл толуына орай)
Өмірден өткеніне бір жарым ғасырдан астам уақыт өтсе де, қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі — Бейімбет Майлиннің шығармалары оқушылар жүрегінен орын табуда. Үш бәйтерек бабаларымыздың бірі — Бейімбет Майлиннің өмірбаянын, шығармаларын мен де қызыға оқыдым. Жастайынан жетімдік зардабын көп көрсе де, еліне ұмытылмастай еңбегін сіңіріп, аты тарихымызда мәңгі қалыпты. Бейімбет Майлиннің мұғалім қызметін атқарғанын біліп, маған сабақ беретін мұғалімдерімді де Бейімбет Майлинге теңестіре, сүйсіне қарадым.
Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» әңгімесін бір деммен қызыға оқып шықтым. Әңгімедегі келе жатқан екі жолаушының Шұға туралы әңгімеге қалай кірісуі де оқырманды ынтықтыра түседі екен.
Беркімбай дейтін тұрмысы қуатты азамат болыстыққа таласамын деп жүріп бар байлығынан айрылып, кедей болып қалыпты. Қазіргі заманмен салыстыруға болады-ау деймін, ия мен бала да болсам, сеземін, тамыр-танысы мен ақшасы болмаса, әкім болу қайда?!
Сол Беркімбайдың әкесінің нағашысы — әрі жомарт, әрі қонақпаз жаппас Есімбек шетінен қасқыр мінезді төрт ұлының ортасында бұлаңдап өскен қызы он алты жасар аққудың көгілдірігіндей Шұғаны былай сипаттайды: «Шұға десе Шұға. Шұға, өй, шіркіннің өзі де келбетті-ақ еді… ақ құба, талдырмаш, көзі қап-қара, осы, үріп ауызға салғандай еді. Ажары қандай болса, ақылы да сондай. Жеңілдік дегеннің не екенін білген бала емес. Сөйлеген сөзі, жүрген жүрісі қандай, бір түрлі паң еді-ау, шіркін…». Қандай сұлу еді. Біздің қыздар ше деп, сыныптағы қыздарды көз алдымнан бір елестетіп өттім. Елестетіп те үлгергенім сол еді, Бейімбет Майлин менің замандастарыма, яғни оқыған, бірақ шолжаң қыздарға да баға беріп қойыпты. » … Сонда да осы күнгінің оқыған он қызына бергісіз еді. Айнала айтқанда құдай сана берсін десейші…»
«… Ол кезде заман қандай, жер әдемі, мал көп, орыстың иісі де жоқ. Жазғытұрғы майдың айы бітер-бітпесте, шала-шарпы егін салып жайлауға жеткенше асығамыз… » деген әңгіме жолдарынан орыстардың қаптап кеп жатқанын жақтырмағанын, кең жайлауы тарылған алаш бабаларымыздың Тәуелсіздікті аңсағаны сезіледі.
Қорытындылай келе, біз Бейімбет Майлин сияқты бабаларымыз аңсаған Тәуелсіз Қазақ елінде бейбіт заманда шаттықпен өмір сүріп отырмыз. Және бірін-бірі шын сүйген Әбдірахман мен Шұға сынды балаларының бақытын емес, қалыңмалды ойлайтын ата-аналарға ұл-қыздарыңыздың бағына тосқауыл қоймаңыздар, кедергі болмаңыздаршы, үйленулеріне рұқсат беріңіздер дер едім.
Алматы қаласы
Әуезов ауданы
№173 мектеп-лицей
7 «Е» сынып оқушысы Қасымғали Бақытжан
Жетекші мұғалімі: Шатемірқызы Ақмарал