Home » Жаңалықтар » ӘРБІР АТА-АНАҒА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА

ӘРБІР АТА-АНАҒА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА

  1. Ылғи қымбат сыйлық бермеңіз.

Туған күніне ғана бағалы сыйлық сыйлаңыз. Әр сыйлыққа еңбектену арқылы жетуге баулыңыз.

  1. Балаға мақсатын сауатты құрауды үйретіңіз. Ол үшін:

— Өзі үшін маңызды, бағалауға болатын нақты мақсат қойыңыз.

— Жете алатын мақсат болғаны абзал.

— Қысқа уақыт аралығындағы мақсаттар дұрыс. Қысқа мерзімді нәтиже балаға сенім бере түседі.

— Ұзақ мерзімді мақсаттарды қадағалап, түзеп отырыңыз.

  1. Баланы өзін дәрменсіз сезінуден сақтаңыз

Балаларға ата-аналары олар үшін шешім қабылдайтындай көрінеді. Ол көп жағдайда кері әсерін береді. Мұндайда бақылауды босаңдатып, өзіне сәл еркіндік беріңіз. Өткен жылғы жеткен жетістіктерін жазуын тапсырыңыз.

Әр жетістігін келесідей критерий бойынша бағалауды сұраңыз:

  1. Мақсатына жету үшін қаншалықты күш салды?
  2. Оған қаншалықты қатты жеткісі келді?
  3. Мақсатына жететіне қаншалықты сенімді болды?

Осы арқылы ол мақсатқа өз күшімен жетуге болатынын көреді.

 

Дереккөз: mel.fm

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.